1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
4 тамыз 2016
Гүлжан Ерғалиева президентке ашық хат жазды
Ақпарат құралдарында журналист, қоғам қайраткерi Гүлжан Ерғалиеваның Қазақстан президентi Н.Назарбаевқа ашық хаты жарияланды. Ұзақ жыл оппозиция қатарында жүрген Гүлжан Ерғалиеваның саяси үндеу сарынындағы ашық хатының мазмұнымен қысқаша таныстыруды жөн көрдiк. Президентке ашық хатын Гүлжан Ерғалиева 20 жыл iшiндегi билiкпен,
2 тамыз 2016
ЦАЙДЫҢ ӘҢГIМЕСIН ОРТАСЫНАН ҮЗЕ САЛДЫ
29 шiлдеде ҚР пре­зи­­дентi жанындағы орталық коммуникациялар қызметiнде өткен кезек­тi баспасөз мәс­ли­хатына “Қамқорлық” қоғамдық бiрлестiгi кеңесiнiң төрағасы Евгений Цай шақырылды. Би­лiктiң шамына тиетiн ашық әңгiме айт­қан қонақтың сөзiн баспасөз мәслихатын жүргi­зу­шi араға 16 минут салып тоқтатып тастады.
2 тамыз 2016
Кәрiм Мәсiмов кейiнгi кезде әрнәрсенi астарлап жүр. Бiрақ оның кiмге не айтпақ болғанын тап басып тану мүмкiн емес. Ел “е, мәселе былай екен ғой” деп ой түйiп үлгергенше, Мәсiмов тағы бiр қызықтың шетiн шығарады. Мысалы, күнi кеше шайтаншақпен аңыратып автобанда жүрген тәртiпсiздiгi үшiн айыппұл төледi де, түбiртегiн шырт еткi­зiп суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiге “атып” жiбердi. Ал қалай түсiнсеңiз, олай түсiнiңiз, үкiмет басшысы – айыпкер. Iлгерiдегi бiр суретiнде “алаяқ” болған. Ал ертең кiм болады? Мiне, осы сұрақ бiздi ойланта-ойланта, мынадай тоқтамға келтiрдi:
26 шілде 2016

18 шiлдедегi Алматы қаласындағы болған атыс туралы әлеуметтiк желiлерде желдей ескен алыпқашпа әңгiмелер, неше түрлi пiкiрлер көбейдi. Айдың-күннiң аманында жайбарақат, күнделiктi тiрлiгiне бара жатқан тұрғындардың аяқ астынан атылған оқ, атыс-шабыс зәре-құтын қашырды. Бас­тапқыда ешкiм ештеңе түсiне алмай дал болыпты. Артынша ресми ақпарат көздерi Алматыдағы Ұлттық қауiпсiздiк департаментi мен Алмалы аудандық iшкi iстер бөлiмiне шабуыл жасалғанын мәлiмдедi.

26 шілде 2016
Жолбарыс жолақты премьер жаңа Маргарет Тэтчер ме?
Ұлыбританияның билеу­шi топтары ел тарихындағы ең қиын кезеңдердiң бiрiн­де билiк тiзгiнiн әйелге ұстатты. Жаңа премьер-министр Тереза Мэйдi көпшiлiк алғашқы күнi ақ тұңғыш әйел-премьер атақты Маргарет Тэтчерге теңей бастады. Биыл күзде 60-қа келетiн Мэй ұзақ жыл бойы өзiн сенiмдi әрi салқынқанды, мақсат-мүддесiн табанды қорғай алатын саясаткер ретiнде көрсете бiлген жан. Осы қасиеттерi бәсi өзiнен әлдеқайда жоғары саналған қарсыластарын жеңiп шығуға көмектестi.
19 шілде 2016
Ермек елден кеттi
Азаматтық белсендi Ермек Нарымбаев Қазақстаннан жасырын шығып, Украинаны паналады. Заңсыз митинг үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылып, 15 тәулiкке қамалған Мөлдiр Әдiлованың да Ермекпен бiрге елден кеткенi расталды.  Бұдан бұрын Ермек Нарым­баев Алмалы аудандық сотының үкiмiмен үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда Алматы қалалық соты бұл үкiмдi аталған мерзiмге дейiн бостандығын шектеу жазасымен алмастырған.
19 шілде 2016
“Қазақ үнi” ұлттық порталына екi күннен берi техникалық зиян келтiрiп, тұсаулау шабуылы жасалуда. Бұл ту­ралы qazaquni.kz  сайты хабарлайды. “Қазақ үнi” ұлттық порталының рейтингi бiр күннiң iшiнде алдыңғы қатардағы 35-40-ыншы орындардан 300-орынға  бiр-ақ түстi. Порталдың техникалық жұмысын қадағалайтын арнайы программистер тобының жұмысы нәтижесiнде сайт серверiне шабуыл жасалғаны анықталды.
19 шілде 2016
Үкiмет басшысы Моңғолия қазақтарын «үркiтiп» қайтты

Кәрiм Мәсiмов Улан-Батырда өткен Еуропа және Азия елдерi саммитiне шыққан сапарында Баян-Өлгийге соқты. Су тасқынынан зардап шеккен халықпен кездесiп, қағазға жазып алған дүниесiн қазақ тiлiнде ежiктей оқып бердi. Екi үлкен кiсiге елден ала барған қамзолы мен шапанын кигiзiп, қазақылық танытқансыды. Сый берiп, құрмет жасаудан ешкiмге қарыз болып көрмеген Баян-Өлгий қазақтары атажұрттан келген қонаққа ақбоз ат мiнгiзiп, қолына қамшы ұстатты.

12 шілде 2016
Өткен аптада “Байқоңырдан” ұшқан зымыран атаулының қалдығын көму үшiн Қостанай облысының Жан­гелдi және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан Ресейге 63 мың гектар жер жалға берiлетiнi белгiлi болған едi. Осыған орай, БАҚ-та алаң ниеттегi мақала кө­бейдi. Қызды-қыздымен Инвестициялар және даму вице-министрi Алберт Рау: “Ресейге қалдық тастау үшiн жалға берiлетiн аймақта халық өмiр сүрмейдi” деп салды.
12 шілде 2016
Ағылшын тiлiн үйренудiң саяси астары бар

“Үш тұғырлы тiл” бағдарламасы елде қызу талқыға түсiп, қоғам мен билiк арасындағы кезектi тартысқа айналды. Билiк “үш тiлде бiлiм беру – қажеттiлiк” десе, бiрқатар қоғам қайраткерлерi “бұл – ұлтты жоюға бастайтын жоба” деп Ақорданы айыптауда. Қоғамда билiкке деген сенiм жоғалды. Сол себептi, халық мемлекеттiк тiл тағдырын Ақордадағы ат төбелiндей топқа сенiп тапсыра алмайды.

12 шілде 2016
Тәуелсiз баспасөзге қауiп төндi
КЕЗЕКТЕ – “ТРИБУНА” АПТАЛЫҒЫ
Тәуелсiз басылымды жабудың кезектi нау­қаны басталды. 7 шiлде күнi Алматының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна” газетiне қарсы берген арыз-шағымын қарауды бастады. 2013 жылы 23 миллион теңге жымқырды деп айыпталған шенеунiк тәуелсiз газеттi өзiн “жемқор” деп атағаны үшiн сотқа сүйреп, 15 миллион теңге талап етiп отыр.
12 шілде 2016

Қазақстанда шендi-шекпендiлер жаппай үн қосатын бiр мереке болса, ол – Астананың тойы. Себебi қала тойының қалтарысында президенттiң туған күнi бұғып жатыр. Сондықтан негiзгi ырду-дырду Астанада өткенiмен, оған елiмiздiң әр аймағы хал-қадiрiнше қатысады. Ұйымдастыратындар – аймақ басшысынан бастап ауыл әкiмiне дейiнгiлер. “Астана күнiне орай” деген желеудiң астарында “көрiнiп қа­лу”, “назарға iлiгу” ниетi жататынын да аңға­ру қиын емес. Тек сол дүниелердiң кейбiрi адамның күлкiсiн келтiрiп, жұрттың жиiркенiшiн тудыратыны жаман.

7 шілде 2016

Кiм не десе, о де­сiн, Әсет Исекешев Астанаға қыдыр боп дарыды. Әйтпесе кiм келiп, кiм кетпеген Астана бұл?! Сол әкiмдердiң қайсысы халық санын еселеп арттыруға үлес қоса алып едi? Ешбiрi де! Ал Исекешев қала тiзгiнiн қолына алғанына екi апта толмай жатып, астаналықтарды 1 миллионға жеткiздi. Ендi осы көбейгенiмiз көбейген. Құдай қаласа, шiлде туған сайын Астана жұрты миллиондап арта бередi. Нұрекең тоқсанға толғанда тiптi қазақтың саны 100 миллионға жетуi де мүмкiн.

1 шілде 2016
ШЕНЕУНIКТЕРДIҢ ҚАЛАЙ КИIНГЕНI МЕН ҚАНДАЙ КӨЛIККЕ МIНГЕНI ЕШТЕҢЕНI ДЕ ШЕШЕ АЛМАЙДЫ
Қазақстанның бюро­краттық аппаратында әлсiн-әлсiн шенеунiк­тердiң этикалық беделiн көтерумен ауыратын әдет бар. “Мәңгiлiк Ел” құрылысшыларының моральдық қасиеттерiне қатысты жанашырлықтың асқынғаны соншалық, ол созылмалы түрге ие болды.  Естерiңiзде болса, бiрнеше жыл бұрын “Нұр Отан” партиясы Қазақстандағы барлық мемлекет­тiк қызметкердiң өңiрiне “Мен жем­қорлыққа қарсымын
28 маусым 2016
БIР ОРНЫНДА ЖҮГIРУ НЕМЕСЕ МӘСIМОВШЕ МӘСЕЛЕ ШЕШУ
Соңғы кездерi Қазақстанның премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов тым белсендi. Теледидарда елбасының алдында мұртын сылап отыратын сырбаз премьер бiраздан берi iргедегi парламент қабырғасына келмек түгiлi, кабинетiнен қарға адым шықпай қалған. Нөмiр сайын Мәсiмовке iздеу салатын “Жас Алаш” секiлдi, өз­ге басылымдар да “Мәсiмов қайда?” деген сыңайдағы мақала басуды әдетке айналдыра бастап едi. Елдi шулатпайын дедi ме, әлде шықпасаң болмайды деген бұйрық түстi ме, кiм бiлсiн, ұйқылы-ояу жүрген, керенау мiнез жандай әсер қалдыратын адам аяқасты қайрат­керлiгi тасып, осы айда үш облыс­қа барып рекорд жасады. Алдымен премьер-министр атыс-шабысының басыл­ғанына небәрi он-ақ күн өткенiнен қорық­пас­тан Ақтөбеге барды.
беттер:«2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22»