1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
19 қазан 2017
Айтқаны Атамбаевтың рас болса...

Билік – апиын. Апиын болғанда да өте күштісі. Егер билік апиын болмаса, Атамбаев кеше қазақты шауып алардай болып тепсініп, өз адамы сайлаудан оза шауып келген соң, мүләйімсіп «эмоцияға беріліппін» дер ме еді?!. Деді. Дегізген – сол билік-апиын.

Біз бұл жерде қазақтың билігін ақтап, жақтап, үфілеп-сүфілеп алайық деген ойда емеспіз. Атамбаев екінші рет аузын ашқанда сөз қасиетті ханымыз Кенекеңе тигенде «әй, анау оңбайды» дестік. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, бүгін Атамбаев өзінің Орталық Азия саяси сахнасындағы «әртістік өнерін» тағы бір рет көрсетіп бүй деді: «Көңіл күйдің ауанымен Қазақстан президенті туралы айтқаным дұрыс болмаған секілді. Осы күндері соны ойлап жүрмін». Мұнысы, «өз адамым өтпей қала ма деп жаным шығып кете жаздап, не айтып, не қойғанымды білмей қалдым. Әйтеуір, біздің адам өтті. Енді ойласам, артық кетіппін» деген сөздің ресмилеу түрі ғой. Атамбаевтың олай дейтін жөні бар, біздің сарапшылар Қырғыз сайлауының қорытындысын талдай келе, Сооронбай Жээнбеков Атамбаевтың адамы, оң қолы екенін айтысқан. Сол Сооронбай сайлаудан озып келіп: «Әр мемлекет – тәуелсіз ел. Біз олардың бәріне құрметпен қараймыз. Әсіресе көршілерімізге», – деген еді. Ал Атамбаевтың бүгінгі «өнері» «Сооронбайды сорлатып алмайын» деген ойдан туған таяз қулық.
Атамбаевты айтқанда «біздің сүйікті көсемдеріміздің де» әрекетін айтпасқа болмас. Қазақстанның билігі өзі өлердей еліктейтін Ресейдің саяси жолымен Қырғыздағы сайлау алдында Бабановты қабылдады. Жұрт көрді. Кезінде Атамбаевты Путин қабылдаған. Бірақ ол кезде ешкім шала бүлініп, ер-тоқымын бауырына алып туламап еді. Назарбаев Бабановты қабылдағаны сол еді, Атамбаев «ақырып» шықты. Біздің кейбір әсіредемократияшыл ағайын «Атамбаев айтып-айтып тастады» десіп, қақпағын ашқан қазандай буы шығып, бір босап қалды. Босап қалғанын қайтейін, қазақтың шындығын шыңғыртып айтқыш Атамбаев әлгі айтқыштығының ізін ала Кенекеңе тілі тиіп кете жаздады. Тигенді қойып, «бізге қылышпен келгендердің басы шабылған» деп тура айтты. Оған намыстанған қазақ болмады: бәрі толерантты, көпвекторлы, көпұлтты, тыныштықтың сақшылары. Сондықтан Кенекем-ай деп көтеріліп, Атамбаевқа қарсы бір ауыз сөз айтқан я зиялы, я оқымысты, я сарапшы, я ұлтшыл көрмедік. Атаның намысы кетіп жатқанда қозғалмаған ағайын демократия үшін күреседі дегенге енді сеніп көріңіз.
Атамбаев қанша албаты сөйледі дегенмен, айтқандарының ішінде біздегі мызғымастай, тәкаппар биліктің құйрығын басып кететіндей нәрселер бар. Ол – президенттің айналасындағы қазақстандық олигархтар. «Олар Қазақстанды емес, өздерінің батыс банктеріндегі есепшоттары мен жеке бастарын ғана ойлайды. Назарбаев мен секілді аңқау адам, мұны тіпті де білмесе керек» дейді. Назарбаев Атамбаев секілді аңқау дегенге сенетін адам сирек болар... Дегенмен біздің биліктің айналасындағы элита деп әспеттелетін бай-бағландар туралы Атамбаевтың айтқанының жаны бар. Кезінде «Панама ісінде» қазіргі вице-премьер Ерболат Досаев, я бизнесмен, я мемқызметкер екені белгісіз бай Болат Өтемұратовпен байланысы бар адамдардың, компаниялардың аты аталып шу болған. Бірақ жоғарыдағы мырзалардың мұрты да қисайған жоқ, керісінше, табыстары еселеп артып жатыр. Атамбаевтың айтып отырған олигархтары, бәлкім, солар болар... Мұның екінші бір жағы бар. Атамбаев президенттің айналасындағы «елді емес, өзін және байлығын ғана ойлайтындарды» айту арқылы Қазақстанда іштей қызып тұрған биліктің ауысу процесіне өзінше май құймақ болып отыруы да ғажап емес. Май қайдан келді десеңіз, ол майды Кремль тегін беріп отырмасына ешкім кепіл бола алмайды. Олай дейтініміз, Атамбаев: «...Кириллицадан латынға өту Ресейден іргені аулақ салу; ал Ресейдің шекарасында Қазақстан әскерилері мен АҚШ-тың жаяу әскерінің оқу-жаттығу өткізуі; соңғы жылдар бедерінде Қазақстанның әрекеті Еуразия экономикалық одағын күйретуге бағытталып келеді». Бұл сөздер Қырғыздың қамын ойлаған адамның сөзіне ұқсамайды. Керісінше, президент боларда Путиннің батасын алған кандидаттың «адалдығын» еске салады. Қысымнан көз ашпай, ұрынарға қара таппай отырған Ресейге Қазақстанмен араға от салатын, орай тудыратын адамның ауадай қажет екені Атамбаевтың сөзінің астарынан аңдалатындай. Әңгіме осы қалыппен жалғасса, Сооронбай екі елдің сорына айналмасына ешкім кепіл болмайды. Өйткені ақылшысы Атамбаев болса, Сооронбай қайда барып оңады?! Атамбаевты бурадай бақыртып, есектей ақыртып отырған Кремльдің билік қорғаны болса тіптен... Өзі де билікті не қыларын білмей, амалсыз уақыт созып отырған Қазақстан үшін бұл жағдай, бейнелеп айтқанда, «Бабановтың Өмірбегінде нең бар еді, құлынымның» кері болмаса игі. Бәрін қойшы, Қытайдан және өзге де көршілерден ұят болды. Орталық Азия, көрші-қолаң былай тұрсын, әлемдік саясатта зор ықпалға ие біздің көсемдеріміздің іргедегі туысқан елдің тұтқасы Атамбаевқа әлі келмей қалды деген сөз «сүйекке таңба» ғой. Осы бір Атамбаев пен Назарбаев «шайқасын» сырттай бақылап отырған елдердің кім туралы, қандай ой түйгені көп ұзамай саяси тақтаның жүрісінде белгілі бола бастайды. Қызықтың көкесі сонда болады... Атамбаевты қойшы, айта береді, кетіп бара жатқан адам не демейді дерсіз... Бірақ Сооронбайдың кілті Атамбаевтың қолында. Демек, Атамбаев аттан түскен жоқ, әлі талай қылық шығарар, «өнері» енді ашылды ғой...

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (11)
Айназ | 19 қазан 2017 17:43
Алып-қосары жоқ!!!Қатырыпсыз!Хан Кене Бабамызға тіл тигізді, ұяттан жұрдай!!
Төре | 19 қазан 2017 18:57
Сооронбайдың ақылы болса Атамбайдың әләуләиімен жүрмеуі тиіс. Оған әрине ақылы жетсе. Егер соның ақылымен жүрсе қызық болуы мүмкін. Бірақ қырғыз не істерй қояр дейсің, көп болса қазан қайнатар,
қонақ | 20 қазан 2017 11:30
қазаққа шындық айтса да жақпайды
Данияр | 20 қазан 2017 13:11
Осы Атамбаевтың қазаққа жаны ашып дейсіздер ме бұл таза көре алмаушылық біріншіден қырғыздарды біршама білеміз ғой екіншіден біздің Президентті жүз жерден жамандаса да ол біздің көсем саяси сахнада бізді Украиина немесе Қырғызстан сияқты жағдайдан аман алып шықты Елбасына бұл жағдайда қолдау болуымыз керек бұл жерде Елбасыны сынаса өз халқының ғана құқы бар олардың бізде шаруасы болмасын Атамбаев әшейін қолбала ғой кезінде Ислам Каримов те бүкіл елдің алдында масқарасын шығарып аузын жауып таста
Қазак ұлы | 20 қазан 2017 14:58
Дұрыс айтасың, Данияр!Жалпы Атамбаевтың айтқаны ақылды адамның сөзіне ұқсамайды.Қазақстанның ішгі саясатына араласып отырған нағыз өзі.Біздің Президент өте ақылды саясаткер.Кәзір мықтысынып жүргендер нағыз мықты болса елдің тағдыры қыл үстінде тұрған тоқсаныншы жылдардың орта шенінде неге билікке таласпады?.Қазір жағдай түзелгенде бәрі басшы, президент болғысы келеді. Міне, нағыз шындық керек болса.Ағайын, арандатып жүрген арамзаларға сенбеңдер.Қырғыз бен украиндықтардың қателігін қайталамайық. О
Багдат | 20 қазан 2017 18:03
Қырғыз президенті не айтса да Хан Кенесарыны айтқаны дұрыс емес
Мен | 22 қазан 2017 13:45
Данияр, Қазақ ұлы сендер жас шығарсын болмаса ел-жұрттан хабарсыздар. Болмаса өзін үшін зерттеу жүргіз әр министр, әр депутат одан қалды әкімдерді.Біреуінің баласы жоғары білімді Қазақстанда оқымайды, одан қалды мектеп бала-бақшаға да шет елде оқытатын болып жатыр. Кейбіреулерінің тіпті семьялары шет елде тұрып жатыр өздері іс сапар да жүрген адамша жұмыс жасап айына екі рет үйле Не істеліп жатыр халыққа мен ел басын жамандаудан аулақпын бірақ ақты ақ, қараны қара деп қараудын күні жетіп тұр. Б
мен | 22 қазан 2017 13:50
Халық құрдымға кетіп бара жатқандай тәуелсіз аларда арақпен улап еді, енді дінмен улауда. Медицина мен Білім саласы өзің көріп отырғандай быт шыт болды. Ақшасы қаралдым деген адам жоқ. Ақшасы жоқтар өз олімін күте алмай өз өздеріне қол жұмсауда. Мен мықты окпелімін халықыма. "Жаксысы кетіп жаманы қалғандай"
мен ғой | 23 қазан 2017 17:12
оңбаған көгермегір Атамбаев, біраз шындықтын бетін аштың ғой
Сәкең Атыраудан | 23 қазан 2017 18:12
Халық құрдымға кетіп бара жатқандай тәуелсіз аларда арақпен улап еді, енді дінмен улауда. Медицина мен Білім саласы өзің көріп отырғандай быт шыт болды. Ақшасы қаралдым деген адам жоқ. Ақшасы жоқтар өз олімін күте алмай өз өздеріне қол жұмсауда. Мен мықты окпелімін халықыма. "Жаксысы кетіп жаманы қалғандай"

Халқыңа ма әлде...?
кен | 9 қараша 2017 21:37
атамкулов не аитса да шындыкты аитты=жел турмаса шоптьн басы кимылдамаиды=олардын ьшьп жегеньн кустыру керек
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар