Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт. Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Қазақстан туристер үшiн қауiпсiздiк деңгейi орта мемлекеттердiң қатарына кiрдi деп хабарлайды Риа Новости агенттiгiне сiлтеме жасаған ҚазАқпарат. Сарапшылар туристер үшiн 2017 жылғы ең қауiптi елдердiң интерактивтi картасын жасаған. Интерактивтi картаның авторы – International SOS медициналық сервис компаниясы.
Ұлттық банк төрағасы Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығына президент Н.Назарбаев бейнеленген мерейтойлық 10 мың теңге шығатыны туралы хабарлаған күннiң ертеңiне ұлттық валюта долларға қатысты тағы 1 теңге 33 тиынға арзандап кеттi. Бейнелi түрде айтқанда қазiргi ресми бағаммен бiр Бенджамин Франклиннiң суретiне үш жарым Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесiн беруге мәжбүрмiз. Қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастар жүйесi “Теңгеге президенттiң суретiн басу бiздiң валютамыздың құндылығын одан әрi өсiредi. Бұл бiздiң ақшамыздың тұрақтылығының кепiлi болады” деп жоқ жерден экономикалық заңдылық ашып, айды аспанға шығарған академик Мұрат Жұрыновтың “теориясын” терiске шығарды. Бiрақ 1993 жылдан берi теңгенiң АҚШ
Күнi кеше ғана “Мемлекеттiк қызметкерлердiң бiрыңғай форма киетiнi” туралы “жып-жылы” жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары бiрiнен-бiрi “ала қашып” жариялаған. Өкiнiштiсi сол, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi мұны қауесетке телiдi. Бiрақ жұрт арасында “қап, әттеген-ай, жемқорлықпен күрестiң көкесi осы болар едi-ау” деп өкiнiп жатқандар көп. Қиялына ерiк берiп, шендi-шекпендiлердi ойша киiндiрiп көргендер де жаппай “қамығып” жатыр. Сондықтан бұл мәселенi әлi де болса талдап-таразылап, бүкiл қоғам болып талқылаған жөн секiлдi.
Алдымен ақпараттың ау-жайымен таныстырайық. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнен шықты делiнген мәлiметте “мемқызметкерлерге ортақ киiм үлгiсiнiң пiшiнi нақтыланып” жатқаны айтылған. Мұндағы мақсат “мемлекеттiк қызметкерлер арасында күнделiктi киiмге жұмсалатын қаржыны қысқарту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу” болғанға ұқсайды. Жоғарыда айтқанымыздай, мұны кейiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл
Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ҚР Парламентi қабылдаған декларацияда: “Қазақстан әлемдегi энергетикалық және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi жетекшi елдер қатарына енетiнiн” мәлiмдеп жар салып едi, бұл жолы ұзақ үнсiздiк. Бюджеттiң миллиардтаған қаржысы жұмсалып, ел экономикасының қозғаушы күштерiне айналмақ зауыттар мен фабрикалардың қазiргi халi туралы не парламентте, не үкiметте талдау жасалып жатқан жоқ. Қазiргi күннiң ең өзектi сауалы – қай зауыт қай өңiрдiң локомотивiне айналды? Айналмаса, 6 жыл iшiнде қағазда қалған жобаларға жұмсалған қаржы қайда кеттi? 400-500 миллион долларға
Таяуда Мәжiлiстiң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң кеңейтiлген отырысында Үлбi металлургиялық зауытының (ҮМЗ) қоймасында МАГАТЭ-нiң (Атом қуаты жөнiндегi халықаралық агенттiк) 90 тонна шала байытылған ураны сақталатыны және шала байытылған уран банкiнiң құрылысы жөнiнде әңгiме болды. Осы отырыста шала байытылған уран банкiнiң құрылысы келер 2017 жылы күзде аяқталатыны айқындалды.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әдемi бiр ұсынысын әлеуметтiк желi арқылы “атып” жiбердi. Былай қарағанда, жұртқа жақпайтындай ештеңесi жоқ. Спикер “Қазақстан” сөзiнiң ағылшын тiлiнде дұрыс жазылуын келелi мәселе ретiнде көтерiп отыр. Оның ойынша, бiз қазiргi “KAZAKHSTAN-ды” “QAZAQSTAN” деп жазсақ, ол – елiмiздiң ұлттық негiзiн дұрыс көрсететiнге ұқсайды. Әрине, ағылшын тiлiнде судай ағатын сенатордың бұл пiкiрi көпке ұнауы да мүмкiн. Бiр әттеген-айы, бұл ұсыныс оның өзегiн жарып шыққан өз идеясы емес, өзгенi қайталауға көбiрек келiңкiрейдi. Тiптi Тоқаев Q (кью) қарпiне деген қызығушылықты “қуа” жөнелгендей әсер қалдырады.
Рас, халықты танытатын – мәдениет. Соның iшiнде қарапайым халыққа ең қолжетiмдiсi, ең жақыны, тiкелей әсер етiп тәрбиелейтiнi де – теле-арналар. Телеарна – бiр мемлекеттiң дүрсiлдеп соққан жүрегi, бүлкiлдеген қан тамыры. Телеарна – қазақ қоғамының айнасы. Қазақ деген қандай халық, түр-сипаты, кескiн-келбетi қандай, ненi құрмет тұтады, ненi ұят санайды, ұлт ретiндегi ерекшелiгi неде, ненi құндылық деп санайды – осыны бiлгiсi келген кез келген шетелдiк телеарнаға үңiлерi хақ. Өйткенi қазiр қазақ бейнесiн
Өткен сенбiде Алматыда “Жас Алаш” және “Трибуна” газеттерiнiң ұйымдастыруымен, мектеп реформасына және бiлiм мәселелерiне байланысты жиын өттi. Бұл шараға ҚР Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиев бiр жарым ай бұрын, алдын ала шақырылған едi. Ондағы мақсат – биылғы оқу жылынан бастап шұғыл түрде жүзеге асырыла бастаған жаңартылған оқу мазмұнын бiрлесе талқылап, осы реформаның және 1-сыныптан бастап енгiзiлген үштiлдiлiк саясатының артық-кем тұстарын сарапқа салу болатын. Алайда президенттiң “журналистерден қашпауға”, “реформаны халыққа жан-жақты түсiндiруге” мiндеттегенiне қарамастан, министрдiң өзi де, аталған саланың басқа жауапты қызметкерлерi де бой көрсеткен жоқ.
Француздарға өкпелеп Парижге бармай қойған Ресей президентi В.Путин “сабасына түсiп”, Берлинде басталған Украина бойынша кезектi келiссөзге барды. Франция мен Ресейдiң қарым-қатынасы Францияның БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiндегi Сириядағы Ресейдiң әрекетiн „әскери қылмысқа„ теңеген қарарынан кейiн нашарлап кеттi. Бұл қарарды Ресей мен Қытай қабылдатпай тастады. Жауап ретiнде Ресейдiң әзiрлеген қарарын да Батыс елдерi БҰҰ-ның қауiпсiздiк кеңесiнде өткiзбедi.
Ресей президентi Владимир Путин Түркияға барған сапарында түрiк президентi Ережеп Ердоғанға арзанға газ сататын болып келiстi. Және түрiктiң өрiк-мейiзiн Ресейге әкелуге рұқсат еттi. “Бүгiн РФ үкiметi ресейлiк нарыққа бiр топ түрiк тауарын – ауыл шаруашылығы өнiмдерi: сүйектi жемiстер мен цитрус жемiстерiн кiргiзу туралы шешiм қабылдады”, – дедi В.Путин.
Астанада кездескен Н.Назарбаев пен В.Путиннiң бұл биыл сегiзiншi мәрте бетпе-бет жүздесуi. Екi ел басшыларының қаузайтын тақырыптары баяғы Еуразиялық экономикалық одақтың түйткiлдерi. Дегенмен Н.Назарбаев Астанаға келген мейманын алдымен Ресейде таяуда өткен парламент сайлауындағы “Единая Россияның” жеңiсiмен құттықтады. Партияның бiрiншi кезекте күштi президенттiң арқасында жеңгенiн айтып, В.Путиндi беделдi басшы ретiнде мақтады.
Қытай экспанциясынан қауiптенетiн қазақтың жаны мұрнының ұшына келдi. Ендi қысықкөз көршiлерiмiз жүздеп, мыңдап емес, жүз мыңдап берi ағылмақ. Күнi кеше “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шорманов халықаралық көрменiң 500 мың билетi қытайлық туристерге сатылатынын мәлiмдедi. Бұл – келер жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегiнiң аралығында Қытайдан 500 мың адам келедi деген сөз. Ал 500 мың дегенiңiз – бiр облыстың (БҚО) халқына жетеқабыл адам.
Қазақ елi Жоңғар шапқыншылығын бастан өткердi, жеңiске жеттi, хандық мемлекетi мен жерiнiң тұтастығын сақтап қалды. Алайда солтүстiктегi Ресей империясының Орта Азияға көз салған отарлау саясатының құрығынан құтылмасы анық едi. Алмағайып заманда, бiр жаудан жерiңдi тазартып азат болғанмен, екiншi, үшiншiлерiмен айқасқа түсу жойылып кетумен тең едi. Сондықтан қазақ жүздерi Ресейдiң бодандығына өтуге мәжбүрлендi. Мұны орыс патшалығы ұтымды пайдаланды. Бекiнiстер салып, қазақтың құнарлы жерлерiн өз қалауынша, жаппай иелендi.
“ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТIЛ” ТУРАЛЫ ТҮСIНДIРIҢIЗ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАҢЫЗ
Қазақстан Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, елдегi мектептердiң барлығы 2019 жылдан бастап үш тiлде оқыту жүйесiне көшпек. “Үш тұғырлы тiл” бағдарламасының жүзеге асуына қажеттi дайындық жасалған ба? Айталық, оқушылар ана тiлiнде әрең түсiнетiн кейбiр күрделi пәндердi ағылшын тiлiнде оқыта алатын ұстаздар бар ма? Бұл үшiн пән мұғалiмдерiнiң екiншi мамандықты игеруi, яғни ағылшын тiлiнiң де маманы болуы қажет емес пе?
15 жыл бұрын, 2001 жылдың күзiнде Қазақстанда “Қазақстанның Демократиялық таңдауы” қоғамдық қозғалысы пайда болды. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында бұл оқиға жас реформаторлардың тұңғыш рет президент Н.Назарбаев құрған саяси жүйеге ашық қарсылығы ретiнде қалады. “Қазақстанның Демократиялық таңдауы” қозғалысының пайда болуына,