1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
25 шілде 2017

Айдос САРЫМ арнайы «Жас Алаш» үшін
Әрине, теледебат еліміздегі «демократияның» көрінісі де, «Хабар» телеарнасының «ерлігі» де емес. Кез келген есі дұрыс, парасатты елде теледебат адамның таңертең тұрып, тісін тазалауы сияқты дабыраламай, аспандатпай өткізілетін шарасы. Оны ешкімге міндет қылудың жөн-жосығы жоқ. Кез келген үкімет мүшесі, депутат, саяси партия өкілі, қоғам белсендісі өз ойлары мен ұстанымын халыққа жеткізу үшін, түсіндіріп-ұғындыру үшін адаммен де, сайтанмен де дебатқа шығып, айтысуға дайын болуы керек. Бұл мектептің үшінші сынып оқушысына да

22 шілде 2017
Айдос САРЫМ: Латынға көшу жарты жолдан қайтатын той емес

НЕМЕСЕ ОРЫС ДИІРМЕНІНЕ СУ ТАСЫП ЖҮРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВ СИЯҚТЫЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРМЕТТЕЙСІҢ?
Латын әліпбиіне көшу мәселесінің қызуы қайтпай әлі талқыланып келеді. Түрлі сарапшылар мен тіл мамандары «әліпби ауыстырудағы ең маңызды нәрсе Ресейдің ықпалынан шығу» деп есептейді. Бұл мәселенің бұдан басқа сан қыры бар. Толғауы тоқсан мұндай күрделі мәселені саясаттанушы Айдос Сарым төмендегі латын әліпбиіне қатысты көлемді сұхбатында жан-жақты

11 шілде 2017
Мен көрген көрме ...түңілуден тұру керек

Айдос САРЫМ арнайы «Жас Алаш» үшін
«Біткен іске сыншы көп» дейді дана халқымыз. Қаншама уақыттан бері жұрттың бәрі әңгіме қылған, біреулер «қазақтың бағы», екіншілер «қазақтың соры» деген көрмеге барудың реті келді. Бір адамдай аралап, қызықтап келдік. Осы көрмені аралап жүріп, «бақ» пен «сор» категорияларынан тыс, бөлек ой түзіп,

4 шілде 2017
«Сен ат, мен бұғайын» дегендерден пайда бар ма?

Өткен аптаның бір жаңалығы сенат сайлауы болды. Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан – барлығы 16 депутат сайланды. «Сайлау», «сайланды» дегеніміз артық та болар. Шындығында, «тағайындау» өтіп, сенаторларымыз «тағайындалды». Сенаторлыққа үміткерлер, жергілікті әкімдіктер мен мәслихат депутаттарынан басқа ешкім алаңдамаған үйреншікті, «дәстүрлі» саяси үдеріс бұл. Елімізде тұрып жатқан 18 миллион адамның тағдырын биліктің айтағымен жүретін 3-4 мың адам ғана шешуге құқылы ма? Осы турасында әңгіме қозғап көрейік. Жалпы алғанда, кез келген сайлаудың, егер ол шын сайлау болса,
 

30 маусым 2017
Парламент адам құқығын шектеуден басқа не бітірді?

Екінші сессия бойынша мәжілістің соңғы жалпы отырысын өткізіп, демалысқа шығып бара жатқан депутаттар биыл ерекше жұмыс істегендерін хабарлады. Онысы рас енді. Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулиннің бармақ бүгіп, саусақ санауынша, осы сессияда төменгі палата 38 жалпы отырыс өткізіп, онда 226 мәселе қарапты. Сөйтіп, 10 айдың ішінде 84 заң жобасын талқылап,

30 маусым 2017
Шаш ал десе... БАҚ алған

«Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Қазіргі Қазақстан журналистикасы – бір-біріне еш ұқсамайтын, кей жағдайда – антагонист, ымырасыз қарама-қайшы екі түрлі әлем. Бірі – тек қана мемлекет қаржысымен күн көріп, жоғарғы жақтың аузына (және тағы бір жеріне!) телміре қарап, «жағы қарысып қалған» журналистика. Олар үшін өкіметтің «ақ дегені – алғыс,

30 маусым 2017
Парламент адам құқығын шектеуден басқа не бітірді?

Екінші сессия бойынша мәжілістің соңғы жалпы отырысын өткізіп, демалысқа шығып бара жатқан депутаттар биыл ерекше жұмыс істегендерін хабарлады. Онысы рас енді. Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулиннің бармақ бүгіп, саусақ санауынша, осы сессияда төменгі палата 38 жалпы отырыс өткізіп, онда 226 мәселе қарапты. Сөйтіп, 10 айдың ішінде 84 заң жобасын талқылап, мақұлдап, сенатқа бағыттапты. «Өздеріңіз жақсы білесіздер, сессия ашылғаннан кейін жалпы отырыстар және үкімет сағаттары онлайн

15 маусым 2017
ЭКСПОнат

«Көппен көрген ұлы той» деп көрмеге тым қатты тиіспеуге де болатын еді. Бірақ «көңіл қазы, көз таразы». Осы жұрт ЭКСПО-ны неге жақтырмайды? Былай қарасаң, еліміз төрткіл дүниеге танылып жатыр. «Жасыл экономика» секілді ұраны да көңілге қонымды. Беделді-беделді мемлекет басшылары қатысқан ашылу салтанаты да жаман өтпеген сияқты. Оны «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде әп-әдемі көрсетті. «Жыртылмағанда, қашан жыртыламыз

8 маусым 2017
«Асан мен Үсен»

Осы аттас ертегі бар. Бай мен жарлының екі баласы көштен қалып қойып, біраз қызықты бастан кешіреді. Бала кезде оқыған осы ертегі бүгін есіме түсіп отырғаны. Жоқ, әңгіме дәулетті және кедейдің балаларының жағдайы туралы емес, мәселе осы екі кейіпкердің аттарында болып тұр. Өйткені осы қос ататек (фамилия) қазіргі Қазақстанда орныққан

1 маусым 2017
Жабулы қазан... жаңғырмайды!

«Қоғамдық сананы жаңғыртуға көзқарасыңыз қалай?» деп менен жиі сұрайды, ойым екіұдай. Бір жағынан, президенттің белгілі мақаласында орынды біраз мәселе қамтылған. Оларды қалай жоққа шығарасың? Ұлттық, тарихи, кей тұста философиялық, астары терең, концептуалдық маңызы бар тақырыптар қозғалған. Мәселен, маған «киелі» деген сөздің ресми құжаттарға еніп, өзіне лайықты мәртебе алғаны ұнайды. Оның үстіне ұлттық және рухани мәселелердің президент аузынан шығуы көп нәрсені аңғартса керек әрі болашақта ол мақсаттарды шенеуніктер «алақайлап» жүріп орындайтынының

25 мамыр 2017
Трамптың Саудияға сапарынан Қазақстанға қауіп бар ма?

Мұнай бағасын құлдырату арқылы Совет Одағын құлатқан АҚШ пен араб елдерінің саясатын Доналд Трамп қайта тірілте ме? Таяуда Қазақстан президенті Сауд Арабиясына барып қайтты. Ел астанасы Риядта Н.Назарбаев Саудия, АҚШ, Қатар, Бахрейн, Араб Әмірліктері, Мауритания сияқты бірқатар мемлекет басшыларымен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін саралады. Бұл саммит басты ерекшелігі – АҚШ пен мұсылман және араб елдері тұңғыш рет осындай ауқымды құрамда бас қосқаны.

18 мамыр 2017
ЕХРO: Маса қырғыны

Астанада масамен алапат күрес басталыпты. Әсіресе, EXPO-2017 көрмесі өтетін Есіл ауданындағы масалардың тұқымын тұздай құрту науқаны 20 сәуірден басталып кетіпті. Маса қырғыш мекеме – Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 15 мамырда маса қырғынының екінші кезеңіне білек сыбана кірісіп, масалардың ұясы саналатын тоғандар мен қар суынан қалған

13 мамыр 2017
Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай...

НЕМЕСЕ МАКРОН МЕН САРЫМҒА ДЕЙІН
Әміржан ҚОСАНОВ, арнайы «Жас Алаш» үшін
Аунап өткеп аптада мен үшін айтулы деп атайтын екі оқиға болды. Бірі – Францияда, екіншісі – Алматыда. Екеуі біраз ойға жүк болып тұр. Жалпы, біз әлемдік дағдарыс туралы көп айтып, бұл тақырыпты жауыр ғып жібергендейміз. Экономика мен геосаяси қақтығыстардың да шаңын көп қағамыз. Бірақ ғаламдық іркіліс әр елдің саяси өміріне, салттары мен шарттарына жаңалығын

5 мамыр 2017

1 Мамыр өтті, 9 Мамыр келе жатыр. Екеуі де идеологиялық сипаты бар мерекелік күндер. Соны талқылайық. 1 Мамырға қатысты бір ой. Бірлік идеясын ешкім жоққа шығара алмайды. Философиялық тұрғыда бірлік керек. Бірлік ұжымға керек, мемлекетке, халық пен ұлтқа керек. Бірлік – таптырмайтын нәрсе, кез келген мемлекеттің дамуына қажетті шарт. «Бөлінгенді бөрі жейді» және «Төртеу түгел болса...» деген қазақтың бір сөзі тағы бар. Бірақ ол бірлік қандай

3 мамыр 2017

«Алға, Қазақстан!» Осы бір сөзді кім, қашан айтқанын, оның қалай жалпыхалықтық қолданысқа еніп кеткенін білмеймін. Әйтеуір, ерінбеген адамның шеке тамырлары одырайып, кеңірдегі жыртылып, «Алға, Қазақстан!» деп айғайлап жатады.
Пәтер жалдап, әрең күнелтіп, балаларының болашағын уайымдап жүрген қарапайым адамға осы ұран сөзден не пайда бар? Түк пайда жоқ. Мәселен, әлемдегі ірі спорт бизнесінің бірі саналатын бокста елден шыққан бір боксшы жұдырықтасып жатса

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»