1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16272) 26 қазан, бейсенбі 2017
26 қазан 2017
Ағайынды қоңыр қаз немесе өсер елдің баласы болайық!

Әміржан ҚОСАНОВ арнайы «Жас Алаш» үшін
Бір өзекті мәселені қозғасам деп едім. Ресми күнтізбе бойынша бізде 2020 жылы президент сайлауы өтуі тиіс (әрине, біздің биліктегі саяси технологтарға салсаң, кез келген сәтте «кезектен тыс» сайлау жариялап жібере алады).
Сонда да, бізге не істемек керек? Өйткені сайлауи жағдай шынымен де өте қиындап, ушығып тұр.
Алпыс екі айлалы билік алдын ала дайындық жүргізіп, ертеңгі науқанға заңнамалық тұрғыдан мықты кедергілер жасап қойды. Жаңа шектеулерге сәйкес, енді президенттікке үміткерлердің беc жылдық шенеуніктік өтілі болуы тиіс екен. Өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі де жойылған, яғни енді үміткерді тек қана саяси партия немесе қоғамдық ұйым ұсына алады. Ал олардың жағдайы бесенеден белгілі.
Мұның өзі билікке сайлау процесін қатаң түрде реттеп, өз қалауынша өткізуге мол мүмкіндік береді.
Биліктің ойы түсінікті: келесі сайлауда не елбасын, не оның болашақ ізбасарын ресми түрде сайлау арқылы бекітіп алуы тиіс. Өйтпесе болмайды: постназарбаев кезеңінде бізді кланаралық тартыстың көкесі күтіп тұр.
Осындай жағдайда өзін билікке қарсылас санайтын оппозиция не істеуі керек?
Меніңше, жалғыз ғана жол бар. Ол – осы күннен бастап, өзара келіссөз жүргізіп, алдын ала қамданып қойып, уақыты келгенде ортақ бір кандидат ұсыну.
Сөз жоқ, демократияшылдарда президент болуға лайықты тұлғалар баршылық. Соларды өркениетті түрде талқыға салып, ішкі праймериз жүргізіп, іріктеп қою керек. Қажет болса, бірнеше адамды анықтап алуға да болады. Өйткені дода басталған сәтте билік небір қарсы шара ұйымдастырып, әртүрлі желеумен демократияшыл кандидатты тіркемеуге тырысып бағатыны түсінікті.
Бірақ соңғы кезде демократияшыл тұлғалардың бір-бірін қаралап, күйе жағып, айыптауы көбейіп бара жатқаны мені алаңдатып жүр.
Мәселен, Мұхтар Әблязов мені және әріптестерімді «Ақорданың агенті» деп тыныш жатқан жұртты біраз шулатты. «Ол неге сөйтті?» дейді ағайын. Кейбір баспасөз сауал салып та жатыр. Оған жауап беру де ыңғайсыз, өйткені өзін оппозицияшылмын деп жүрген адамға сын айтсаң, биліктің сойылын соққандай болып қаласың.
Өз басым Қазақстанда қалыптасқан жемқор да жебір жүйе туралы сыни пікір айтқан кез келген адамды қолдаймын. Сол тұрғыдан алғанда, Әблязовтің қазіргі режимге, соның ішінде нақты тұлғаларға қатысты компроматтарының жариялануын дұрыс деп санаймын. Ол кезінде билікпен тонның ішкі бауындай араласты, бастықтармен бірге ішіп-жеді, сол «кухнядағы» көп нәрсені біледі. Сол ақпаратты жайып салсын. Қазіргі жүйені ыдыратуға одан артық не керек?
Кезінде билікке қарсы шығып, партия құрып, тәуелсіз ақпарат жүйесін қалыптастырған Әблязовқа көзқарасым дұрыс. Ол сотталғанда қолдаушы болып, сот залында көппен бірге отырғанмын.
Қазақстан демократиялық таңдауы (ҚДТ) ұйымына келсек. 2001 жылы ол шынымен де мықты ұйым еді. Қатарында елге танымал талай тұлға жүрді. Біз де сол ұйымға кіргіміз келді. Бірақ оның құрылтайшылары (ішінде Мұхтар да бар) жиналыста жұрт сұраса да, бізді сол ұйымға кіргізбей қойды. Бұл да тарихи дерек. Меніңше, Мұхтар 2017 жылы ұйым құрса, оны басқаша атауы керек еді. Өйткені ҚДТ жалғыз оның еншісі емес қой.
Әблязов БТА банкінің қаржысын жымқырту туралы айыптарға нақты, әрбір бап бойынша жауап беруі керек. Әрине, оған қатысты соттардың саяси астары бар екені түсінікті, бірақ «пәленше миллиард түгеншенің атына аударылған себебі осы» деген сыңайда елге түсініктеме берсе артық болмас еді.
Екіншіден, оның Францияда отырып алып «Қазақстандағы жалғыз оппозиционер – мен» деп, басқаларды қаралап, ел ішінде тар жол, тайғақ кешіп жүрген оппозицияға тіл тигізуі дұрыс емес.
Бәлкім, Мұхтардың ішкі бір ойы бар шығар: шетел қауымына, оның ішінде өзіне саяси баспана беретін мемлекеттерге өзін нағыз оппозициялық саясаткер ретінде танытқысы келетін болар. Болсын! Іске сәт! Бірақ басқа, өзіне тәуелді емес жұртты кінәлап не керек? Әлде ақшасы бардың қолы ойнайды, ақшасы жоқтың көзі ойнайды ма?
Сондықтан да барша ағайынға айтар бір ұсынысым бар.
Біз ағайынды қоңыр қаз болып оппозицияда 20 жылдан бері жүрміз. Азуымыз алты қарыс боп, билікке дес бермеген кездеріміз де болды. Қаншама құрбандық шалынды. Арыстарымыз атылды. Қалғандары сотталды, түрмеге жабылды, ұрылды-соғылды, шетел асып кетті. Соған қарамастан, қазақстандық әділеттік, демократия мен халықтық билік туралы идеялар елдің құлағы мен санасына сіңді. Оған қатарымызда жүрген әрбір тұлғаның қосқан өз үлесі бар.
Енді, міне, алдымызда аса бір маңызды әрі шешуші кезең күтіп тұр. Неліктен осынау жауапты сәтте «Өсер елдің баласы бір-бірін батыр дейді» деген қазақтың мықты тәпсірін басшылыққа алмаймыз?! Әріптестерді ағаш атқа мінгізіп, ұпай жинау не керек?
Иә, адам аласы ішінде, біз де пендеміз. Кезінде арамызға сөз, сызат түсіп кеткен де шығар. Бірақ елдің, қоғамның болашағын шынымен ойлайтын болсақ, соңғы кезде елдің мазасын алып, берекесін кетірген ырду-дырдуды доғарып, ортақ мақсат төңірегінде неге бірікпейміз?
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (7)
қонақ | 26 қазан 2017 15:57
Қосанов не платный журналист болған ба?
Сарагаштық Жарылкасын. | 27 қазан 2017 01:10
Өте орынды ой дегенмен жинағы бір сөсіңізде Алма аласы ішінде дедіңіз сіз колдаган оппозиция болсын қазіргі билік болсын кайсы бірінен Елбасы шықсын жан жағындағы май шелкептің емес ортақ қазақтың қамы ойлайтын азамат азаматша болса болды бул менің жеке пікірім.
Тоқтар | 27 қазан 2017 22:00
"Ырду-дырду" жасаудан жалықпайтын билiк қандай мақсат-мұратқа бiрiктiрмекшi? Ешқашан! Көрiп те отырсыңдар жазыпта жүрсiңдер , бәрiн "блоктап" тастағандарын. Басыңды қостырмайды, сыбырлатпайды, ұжымдастырмайды. Ендi не iстеу керек мұндайда? Ең бiрiншi мынаны бiлу керек, халық ең "дайын тұрған" оппозиция. Оппозиция халықпен жұмыс жасамайды. Олар әдемi "сырқыратып" айта алады экранда, ал бiрақ халықты жинап ұйымдастыра алмайды. Әрине сосын билiк "басынады". Халық кез келген уақытта бiрiге алады, оған дәлел өте көп. (Мәселен, былтырғы жерге қатысты митингiлерде өте жылдам ақ бiрiктi). Мiне солай ұлттың жанды жерiне қатысты мәселенi алға қойып оппозициялық лидерлер ортаға шықса халық қолдайды әрқашан. "Келесi президент" мәселесiнде осы әдiске салып жiберуге болады. Әрине бейбiт жолмен.
Азамат | 28 қазан 2017 21:17
Кім сайлансада арты таза қазақ деп жүрегі соғатын өткір ойлы елдің қамын ойлайтын саясаткер болса екен.
Казак | 29 қазан 2017 23:33
Мухтар шаханов.дос кошим. Тайжан.озиниз. мамай.касымдар жиналып. Мумкиндик болса тасмаганбетовты тарта алсаныздар мине сол кезде билик ауысады. Калган шабыс бекер. Ел болащагы жолында биригу кажет.аблязовтын каржысына бола шакыру керек. Билик ауысса елге кайту шартымен шакыру керек
Демокрвт | 30 қазан 2017 17:39
Мени президенттикке усынуга дайындандар дегени ме ?не ойы бар мынанын?дариганы колдаймыз казирги билик нан бастаган жаксы жумыс жасап жатыр.дарига келсе одан да жаксы болады...талас тартыс керек емес.пркзидентти парламент сайлау керек.бос айкай неге керек.
мен ғой | 1 қараша 2017 11:46
өте орынды ұсыныс, уламай шуламай ел басын орынсыз каралап жамандамай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып көп затты ақылмен шешіп ұйымдастыруға болады емем па ау ағайындар
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар