1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16272) 26 қазан, бейсенбі 2017
26 қазан 2017
Комбайнды қойып, тікұшақ құрастырмақ

Осы аптада мына екі ақпаратқа елең ете қалдым. Біріншісі – «Петропавловскідегі комбайн құрастыру зауыты жабылады» деген, екіншісі – «Қазақстанда тікұшақ құрастыратын кәсіпорын ашылады» деген. Сонда комбайннан гөрі тікұшақ құрастыру оңай болғаны ма, қалай өзі? Әрине, ақпарат құралдарында ашылғанынан жабылғаны тезірек болған кәсіпорындар туралы аз жазылған жоқ. Бұл келеңсіздіктің бәрі дұрыс жоспарламаудан, нарықты дұрыс бағамдамаудан, көбінде әкімдердің сападан гөрі санға жұмыс істейтін асырасілтеушілігінен орын алғаны анық.
Президент те талай мәрте бұл көзбояушылықты сынап ащы-ащы айтқанымен, әкімдер мен министрлер кәсіпорын ашудан жарысқа түсіп алғандай еліріп, әзірге өткенінен сабақ алған ешқайсысы жоқ. Содан болар, ашылып-жабылған кәсіпорындарды еліміздің кез келген аймағынан кездестіруге болады. Тағы ел көбінесе тұсауын президенттің өзі кескен зауыт-фабрикаларды ғана көзге шыққан сүйелдей етіп, «жұмысы тоқтап қалды» деп жазғырып жатады ғой. «Тұлпар» автомобиль зауыты, Балқаш мырыш зауыты, «Ютекс» мақта өңдеу кешені, «Биохим» зауыты, Тасқала цемент зауыты, SiliciumKazakhstan кремний зауыты, «Азия Керамик» керамогранит зауыты, міне, бұлардың бәрін кезінде Орталық Азиядағы жалғыз, баламасы жоқ зауыт деп мақтап, салтанатын асырып, президентке лентасын қиғызып, батасын сұрап алған кәсіпорындар еді. Бұдан бөлек, аймақтарда облыс, аудан әкімдері лентасын қиып, көп ұзамай есігі жабылып, жалпы жұртқа жария болмай қалған жұмыс орындары қаншама?
Осы аптада мәжілісте Солтүстік Қазақстан облысындағы комбайн құрастыру зауытының қиын тағдыры кездейсоқта әңгіме болды. Бұл да 2014 жылы қазақ-фин бірлескен кәсіпорны ретінде барлық сән-салтанатымен ашылған болатын.
Даму және инвестициялар жөніндегі министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуына қарағанда, Қазақстанда бас-аяғы үш комбайн құрастыру зауыты бар. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Үш зауыттың жылына 1545 комбайн құрастыруға шамасы жетеді. Енді Петропавлдағы зауыт сұраныстың болмауына байланысты 2016 жылы – 587, ал биыл бар-жағы 179 комбайн құрастырған. Өзінің жобалық қуатына шыға алмағандықтан, зауыт қазір жұмысын тоқтатыпты.
Роман Скляр бұл кәсіпорынға ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан субсидия беріліп, қолдау көрсетіліп жатқанын айтып қалды. «Петропавловскідегі зауытқа қарағанда, Қостанай және Ақмола облыстарындағы зауыттар бәсекеге қабілетті болып шықты. Осы екеуі алғашқысының қарқынын басып тастады», – дейді министрдің орынбасары. Сонда қалай ойлайсыз, Петропавлдағы зауытқа көмектесеміз деп, қалған екі зауытты тұншықтырып тастамаймыз ба? Көрпені бері тартып аяқты жапқанымен, ар жағынан адамның басы көрініп қалатыны ешкімді ойландырмағаны ма? Әкімдер мен министрлер қашан дұрыс жоспарлауды үйренеді?
Ашық ақпараттарға қарағанда, «Вертолеты России» фирмасы 2017-2025 жылдар аралығында Қазақстан аумағында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшағын құрастыруды қолға алмақ. Жалпы, әуе кемелерін Қазақстанда құрастырудың алды-арты бұл емес. Естеріңізде болса, 2011 жылы президент Н.Назарбаев Қарағанды облысына барған сапарында «ҚазАвиаСпектр» серіктестігінің ауыл шаруашылығына арналған ұшақ шығаратын зауытының ашылу рәсіміне қатысқан болатын. Қарағанды облысы әкімдігінің сол кездегі баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, үдемелі-индустриалдық даму бағдарламасы бойынша салынған бұл жобаның құны – 1,648 миллиард теңге. Мемлекет бұл жобаға «Жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша 750 миллион теңге, «ҚазАгро» ұлттық холдингі 846 миллион теңге жеңілдетілген несие берген. Бірақ жылына 36 «Фермер-2» және «Фермер-500» ұшағын шығарады деген бұл зауыт ешқандай ұшақ шығармады.
Енді, міне, тікұшақ шығаруға кірісіп жатырмыз...
 

Оралхан ДӘУІТ

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
молда | 27 қазан 2017 02:21
ШАЛдын саясатынын жемiсi
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар