1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
Әуезовтің әзілі

(Белгілі сатирик Садықбек Адамбеков ағамыз айтқан сыр)

Алматының қоңыр салқын кешінде,
Бейбітшілік көшесінде, бесінде.
Көлік күтіп тұрған кезде бір шетте,
Садықбекпен кездескенім есімде.

Сәлем бердім бұрылып жақын келіп,
Жымың етті ол бір сәт қасын керіп.
Бастан-аяқ бір қарап шолып өтті
Тал бойымнан тапқандай тосын көрік.

«Аға, – дедім, – мен бейбақ жетім едім,
Белгісіз енді қашан жетілерім.
Әуезовтің әзілін айтыңызшы,
Мен сізден осы жәйтті өтінемін.

Ұлы Мұхтар шетелден келген кезде,
Машинадан шығармай көрер көзге.
Рахаттана бір күліп алыпсыз ғой,
Сондағы ұлы кісі айтқан сөзге».

Сәкеңнің күлкі үйіріліп езуіне,
Өзгеріп сала берді сөзі мүлде.
Сәл ойланып желкесін қасыды да,
Ерік берді осы сәт сезіміне.

«Иә, сондай жәйттің болғаны шын,
Ол менің керемет бір толғанысым.
Сондағы Мұхтар айтқан сөз мынадай:
Құлақ салып тыңдап ал, жолдас інім.

Ұлы Мұхаң сапардан оралғанда,
Асығып жүр жігіттер қол алғанға.
Сол кезде мен бәрінен бұрын жеттім
Құшақтамай Мұхаңды тұра алам ба?!

Осы еді көптен күткен бір арманым.
Көпке дейін көліктен шығармадым,
Мұхаңды шын сағынып қалғанмын ғой,
Қайта-қайта құшақтап нығарладым.

Ұлы Мұхаң ғұлама терең ойлы,
Менің бұл қулығымды сезе қойды.
Машинадан шыққан соң маған қарап
Былай деді дұрыстап тіктеп бойын:

«Әй, Садықбек, көсе сары, саған айтам,
Сақалыңның түбінде бір-бір сайтан.
Бұлқынсам да құшақтап жібермейсің,
Ризамысың, енді мен үйге қайтам».

Әуезовтің әзілі осы болды,
Бұл теңеуге менің де көңілім толды.
Аузыма шыбын тышып жүргенімде
Ойда жоқта осылай жолым болды», –

деп Сәкең жауап берді сұрағыма,
Қолыменен құйғандай құлағыма.
Мен оның нұр жүзіне қарап тұрып
Ұқсаттым ертегінің пырағына.

Ол дәуір керемет бір кез еді ғой,
Ағалар даналардың көзі еді ғой.
Аузынан шыққан сөзі мір оғындай
Садықбек сатираның өзі еді ғой!
 

Ғазизбек ТӘШІМБАЙ
Алматы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
ТҮНҒАТАРОВ НҰРЛЫБАЙ СМАТҰЛЫ БЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ | 9 қараша 2017 10:37
КЕРЕМЕТ ЕКЕН. БҰРЫН-СОҢДЫ ЕСТІП КӨРМЕППІН. АҒАЛАРДЫҢ АЙТҚАН ТАПҚЫР СӨЗДЕРІН ҮЛКЕН ЖИНАҚ ҚЫЛЫП ШЫҒАРСА ҒОЙ, ШІРКІН.КЕЗІНДЕ "ДЕГЕН ЕКЕН" ДЕГЕН АТПЕН КІШКЕНЕ БРОШЮРАЛАР ШЫҚҚАН, СОЛАРДЫ ҮЛКЕН ЖИНАҚ ҚЫЛЫП ШЫҒАРСА,РАХАТТАНА КҮЛІП ЖҮРЕР ЕДІК
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті