1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
Гүлденіп кеттік...

Біздің үкіметтен айналайын, қолы ашық қой, ашық, ашық болған соң да, шетелдіктердің көңілдері асып-тасып... Бір күні ауылымызға әкім келді, әкіммен бірге қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің өкілі Кәкім келді, оларға еріп түкке түсінбей имам келді, имамды қойшы, «Роскосмостан» Иван келді, келді де, олар былай деді:
– Аспаннан жаңбыр жауады, қар жауады, енді Құдай қаласа, зымыран қалдықтары жауады. Бірақ сіздер қорықпаңыздар. Үкімет берген ұшы-қиыры жоқ ен далаға бағытталады.Түссе түлкінің басына, қасқырдың қасына түсер. Әшейін өнеркәсіп қалдықтары ғой, экология бұрынғыдан да бетер тазара түседі. Өйткені олар жерді жаңғыртады. Ал есесіне ауылдарыңыз гүлденеді. Қалай еді? «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз!»
– Маған сонда заңды он сотық жер қашан беріледі? Ресейдің зымыран қалдықтарын құлату үшін үкімет 76 мың гектар жерді бере салды. Менің қалдық құрлы құнымның болмағаны ма? – деген ауыл тұрғыны Сорлыбай Дымыжоқов орнынан тұра беріп еді, облыс әкімі ойбайлап қоя берді:
– Сіз пайданы айтсаңызшы, пайданы! Аудан бюджетіне 151 миллион теңге қаржы аударылады ғой! Гүлденесіздер ғой!
Шынында, біздің ауыл гүлденіп кетті. Шенеуніктер кеткен күннен бастап, көшелер гүлге көмкеріліп, ұшақтан гүлдер жауды. Халықтың көңілі көтеріліп, құлаған зымыран қалдықтарына қар жауғандай қарайтын болды. Ауылға ауызсу тартылатын еді, оның орнына гүл көшеттері тартылды. Көпбалалы аналардың жәрдемақыларын көбейтудің орнына гүл сыйлау көбейді. Гүлденіп кеттік енді. Рахат өмір басталды. Жаңа туған балаларына Гүлденбек, Гүлбала деген ат қоюшылар көбейді. Халық гүлкөже ішіп, гүл көрпе жамылып жатты. Бір-бірімізге сәлем берудің орнына гүл беретін болдық. Бұрын-соңды үкімет ауылға дәл осылай қамқорлық жасамаған еді, қариялар көз жұмар алдында гүл иіскеп барып көз жұмып жатты... Ал зымыран қалдықтары кейде үйіміздің төбесіне, құдыққа, ауламызға топ-топ етіп түсіп жатты. Кеше кемпірім есік алдында ыңылдап ән айтып жүрген. Бір кезде аспанға қарады да, етегін көтеріп, ары-бері шапқылай бергені.
– Әй, қатын! Етегіңді көтерме!
– Өзің жөтелме!
– Не болды сонша елпілдеп? Осындай да би бола ма?
Сөйтсем, кемпірім кеңкілдеп күледі. Сөйтсем, кемпірім бір нәрсені біледі. Сөйтсем, кемпірім зымыран қалдығын етегімен қағып алған ғой. Тап бір алты килә алтын қағып алғандай... Қаққыштығына риза болып, бір құшақ гүл сыйладым. Кеше әкім әкеп берген. Айтпақшы, көршінің үйі құдайы бергенде, зымыран қалдықтарын асып берді. Темір мүжіп дегендей... Әдейі деймісіз? Қазанға қалдық түсіп кеткен ғой, келіндер қараңғыда ет екен деп қалыпты... Өзім де бір күні далада насыбай ат-е-еп тұрғанмын. Бірдеңе басыма сарт ете қалды. Кемпірім етпетінен түсіп, жалп ете қалды. Зымыран қалдықтары төбемізден түсіпті. Содан бері кемпірім кеңкілдеп күле беретін ауруға шалдықты. «Үкімееет! Халықты неге ойламайсың, үкімеет, неге халықты алдайсың, үкімееет?» деп сақ-сақ күледі дейсің... Ал мен пақырың еңіреп жылай беретін ауруға шалдықтым. «Қырғыз президенті қазақтарды жамандапты» десе де жылай саламын... Ал ауылымыз «гүлденіп» жатыр. Гүлденіп кеттік бәріміз... Кеше далаға көз жібердім. Торғай даласы да бусанып, жылап жатыр екен... Апырмай, жер де жылайды екен-ау?...
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Мұхтар ШЕРІМ. | 8 қараша 2017 11:31
Авторы Мұхтар ШЕРІМ екенімді жазуды ұмытып кетіпті-ау... Қап...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті