1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16272) 26 қазан, бейсенбі 2017
26 қазан 2017
Берік Әбдіғали, «Қасиетті Қазақстан» орталығының жетекшісі: ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫ МЫҚТЫ БОЛСА, ПАВЛОДАР, ПЕТРОПАВЛ АТАУЛАРЫ ӨЗГЕРЕР ЕДІ

«Қазақ ұлтшылдығы қандай болу керек?» атты жобамыздың аясында Алаш әскері тарихын зерттеп жүрген ғалым, саясаттанушы Берік Әбдіғали мырзаның қазақ ұлтшылдығы туралы оймақтай ойын беріп отырмыз.
– Мен үшін қазақ ұлтшылдығы дегеніміз – тәуелсіздігіміздің нығаюы, мемлекетіміздің дамуы және қазақ ұлтының әлемдегі өз орнын табуы. Қарасаңыз, біз тарихтан өз орнымызды әлі айқындай алмай отырмыз. Әркімге жабысып, әсіресе Шыңғыс ханға жабысып, оны қазақ қыламыз деп әуре болып жүрміз. Мәселен, өзбектер Темірланның ұрпақтарымыз дейді. Бүкіл әлем Темірланды біледі. Шыңғыс ханды алсақ, ол тек моңғолдардың ханы емес, Шыңғыс империясының ханы болды ғой. Біз сол империяның бір бөлшегі болдық. Моңғолдар сол империяның қарашаңырағында отырғандықтан, Шыңғыс ханға иелік етіп отыр. Кезінде бізде әл-Фарабиді қазақ қылу мәселесі біраз көтеріліп, орта жолда қалды. Сол процестің неге тоқтап қалғанын білмедім, шындығына келсек, әл-Фараби – Шыңғыс ханнан бір кем емес әлемдік тұлға, ғұлама. Оны Еуропа екінші ұстаз деп мойындаған. Біз болсақ университет пен көшенің атын бердік те, сонымен тоқтадық, не кітап жазбадық, не кино түсірмедік. Мұның бәрі халқымыздың әлемдегі өз орнын табуы үшін қажетті нәрселер.
Біздегі ұлтшылдық өзін-өзі қомсыну, қорашсыну дәрежесінде секілді көрінеді. Егер қазақ ұлтшылдығы мықты болса, Павлодар, Петропавл атаулары өзгерер еді. Ал біз, керісінше, қытай мен қазақ арасындағы аз ұлт – ұйғырға тиісіп, Ұйғыр ауданының атын өзгерту мәселесін көтеріп, батыр болып көрінгіміз келеді. Бұл қазақ ұлтшылдығы емес. Мен үшін кім қазақ мүддесін қорғап, мемлекеттің нығаюы жолында қызмет етсе – сол қазақ. Ол орыс, өзбек, ұйғыр, неміс, кәріс бола ма – бәрібір. Мысалы, Головкин, Баландин, Рыпакова қазақтың туын көтеріп, спортта елді әлемге танытып жүр. Сондықтан қазақ ұлтшылдығын этникалық тұрғыда емес, мемлекетшілдік тұрғыда насихаттап, жылжыту керек.
Қазақ ұлтшылдығы қазақтың санымен өлшенбейді. Қазақ 100 пайыз болса да, қазақ мәселесі шешілмесе, бәріміз қазақ тілінде сөйлемесек, одан не пайда?! Мәселе санда емес, сапада. Мысалы, Латвияда жергілікті ұлттың үлесі 40 пайыздай ғана болған кезде олар бәрін латыш тілінде сөйлетті. Сондықтан қазақтың саны өскеннен ұлттық мәселелер өздігінен шешіледі дегенге сенбеймін. Әрине, қазақтың өскені, өнгені жақсы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Жанашыр | 26 қазан 2017 12:43
Ұлтшыл, мелекетшіл болу үшін қазаққа не жетіспейді деп ойлайсыз Берік мырза? Кемшіліктердің орынын толтыру үшін қайтсек дұрыс?
Руза | 26 қазан 2017 20:54
Айналдым, берік бауырымнан!
Ерсін | 27 қазан 2017 10:35
Төрелер ұлтшыл болу керек
Орыс | 28 қазан 2017 20:59
Бəрі билікке тіреліп тұр.биліктің үш тармағы мәжіліс болсын жай кездесулерде тек ресми тілменжүргізіледі. Осы билік тармақтары түзелмей тіл туралы айту бос жаңғырық.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті