1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16272) 26 қазан, бейсенбі 2017
26 қазан 2017
Өзі де «алтын адам» еді

Қазақ тілінде сөйлеуге еркіміз болмаған кезеңде Жазушылар одағы мен КазГУ-дың филология факультетіндегі қазақ тілінде сөйлейтіндер бақытты көрінетін. Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішевті жете танымайтынмын. Бірақ сыртынан қатты сыйлайтынмын. «Алтын адамға» қатысты 30 жыл бойы үздіксіз айналысып жүріп ашқан жаңалығымды ең бірінші Тұрсынбек аға жүрген ортаға барып айтқым келді. Сөйтіп, кафедрасына бардым. Бұл 2003 жылдың ерте көктемі еді. Тұрсынбек аға әңгімемді бар пейілмен тыңдады да, «Сонша жыл бойы ешкімге айтпай, қалай жасырып келдің? Жария етіп, елді қуанту керек емес пе? Мұны енді халыққа тезірек жеткізу жағын ойластырайық», – деді. Осылайша Тұрсынбек Кәкішевтің алдынан қуанып шықтым. Көңілім көтеріліп үйге жеттім де, «Алтын адам» мәселесімен айналысатын комиссия құрып, оны үкіметке бекіттіру жағын ойластырдым. Құрамында еліміздің бірталай зиялы азаматтары, журналистер бар, 35 адамнан тұратын комиссия тізімін жасадым. Төрағасы Тұрсынбек Кәкішев екенін көрсетіп, парламентке, сол кездегі үкімет басшысы Даниал Ахметовке де «Алтын адамның» мәселесін айтып хат жаздық. Бірақ жауап болған жоқ.
«Алтын адамның» құпиясын ашуға мен физика маманы және соның ішінде радиацияның қатты денеге әсерін ұзақ зерттеген ғалым ретінде қызыға кіріскен едім. Жер бетіндегілерге осы кезге дейін белгісіз болып келген радиацияның шынайы болмысын осы «Алтын адам» жазуы арқылы ашуға болатын шығар деп үміттенгенмін. Ол үміт шынымен де ақталды. Бүкіл фундаменталды ғылым саласына «Алтын адамның» берері өте көп. Ол тіпті жерасты қазба байлықтары туралы да талай құпияны ашып тұр. Мұнай өңдеу зауытының «Алтын адам» «ұсынған» моделі бар. Сызба түрінде емес, сөзбен айтылған модель. Қағазға өзің түсіруің керек...
Металлургияның жер бетіндегі тұңғыш ошағы болған да осы қазақ жері екен. Оның экспонаттары да тиісті орында сақтаулы. Алтынның құпиясы – өзінше дара әңгіме... Отыз жыл бойы тозақ отына өз еркіммен түсіп, толассыз зерттеп ашқан «Алтын адам» құпиясы бүгінгі Қазақстанды бес құрлықтың алдында заңғар биікке бір-ақ шығаратындай. Осының бәрін жан-тәнімен сезінген жалғыз тұлға Тұрсынбек аға еді. Дархан көңіл тұлғаның «Алтын адам» жаңалығының елге жетіп, қуантқан күнін көрмей кеткеніне өкінемін.
Қазақстан бүкіл сала бойынша әлемді аузына қаратар держава болары сөзсіз. «Алтын адам» өзінің байлығымен осыған кепілдік беріп тұр. Фундаменталды ғылым саласынан лек-легімен ашылар таңғаларлық жаңалықтар тосып тұр. Тіпті шешілмеске айналған Арал мен Балқаштың мәселесі де «Алтын адамның» күміс зереншедегі жазуында бедерленген. Аралдың осындай күйге ұшырау себебін білгіңіз келсе, ағайын, күміс зереншедегі 26 таңбаның шифрын ашып, сонда көрсетілген сілтеме бойынша мәліметтер жинаңыз. Алайда «Алтын адамның», жер-жердегі сақ қорғандарының құпиясын ашатын оқымыстыны Еуропадан іздемеңіз. Қазақтың бұдан бес ғасыр бұрынғы тілін әлі ұмыта қоймаған қойшы баласынан іздеңіз. Сақ қорғаны атаулының барлық құпиясы біздің жерде сақтаулы. Жер бетіндегі географиялық атаулардың коды тек қана қазақ тілінде ашылады. Онда да дыбысталуы бұрмаланған бүгінгі емес, бұдан бес ғасыр ілгерідегі қазақ тілінде. Егер де біз қазақтың байырғы тілін білмесек, күміс зереншедегі жазудың шифрын аша алмас едік. Әрине, бұл жолда алуан түрлі математикалық операциялар қолданылды. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» жазуын оқу үшін астрономиядан бастап, ғылыми-техникалық прогрестің бар жетістігінен түгелдей хабардар болуың керек.
«Алтын адамның» болашақ ұрпақ үшін сақтап келген қазынасы сан-салалы. Ең болмаса соның әдебиетке, музыкаға, сурет өнеріне қатыстысын ашайық. ҚазҰУ-дың филология факультетінде академик Тұрсынбек Кәкішев атындағы зерттеу орталығы құрылсын. Қабілетті жастарды ізденушілік жұмыспен қамтамасыз ету осыдан басталсын. Бұл іске студенттер қауымы да қызыға тартылар еді.
«Алтын адамның» өнер саласындағы туындылары жер бетінде шашылып жатыр. Соның бәрін біз өз жазуындағы тізімнен алып, атап береміз. Ал енді «Алтын адамның» фундаменталды ғылымдағы еңбектері мен газ, мұнай, көміртегіне байланысты мәліметтері жеке-жеке, дара күйде. Соның бәрімен айналысатын мамандар қажет. Біздің мемлекет адамзатты қызықтыратын ғылыми-техникалық прогрес ошағына айналғалы тұр. Бұған «Алтын адам» кепілдік береді.
Тұрсынбек аға осыны жанымен түсінген асыл жан еді. Академик Тұрсынбек Кәкішев атындағы, «Алтын адамды» зерттеу орталығын ғалым өзі қызмет еткен кафедра аясында ұйымдастырсақ дұрыс болар еді. Гуманитарлық салада қазақ ғалымдарынан асқан озық ойлыны басқа еш жерден таппайсыз. Бардың қадірін білейік, ағайын!
 

Мағрипа ЖЫЛҚЫБАЕВА, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті