1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
24 қазан 2017
Телеарна тектіліктің нысаны болуы шарт

Теледидар – адамның жаны мен жүрегін баурайтын әлем. Осы жерде қазақ теледидары атына заты сай болуы үшін міндетті түрде 24 сағат қазақ тілінде «сөйлеуі» тиіс. Ал қазақ тілінде жұмыс істеу деген тек қана үнді, түрік сериалдарын аударып беру емес. Оның үстіне «Қалаулым» сияқты мән-мағынасыз дүниемен шектелген болсақ, онда жуық арада қазақтың көсегесін көгертемін деу – құр далбаса. Егер де нақты қазақ үшін жұмыс істеймін десе, кез келген телеарна қазақтың ұлттық құндылығы мен идеологиясын насихаттайтын дүниелерді тәулік бойы беруі керек.

Ешқашан бітпейтін, бітсе де кем дегенде бірнеше жыл экраннан түспей қоятын үнді сериалының қазаққа түк пайдасы жоқ. Барлығының сарыны сүйдім-күйдімнен ары аспайды. Өзге елдің қаңсығын таңсық етуге мүдделі арналарға әлі тыйым болмай тұр. Ұлттық құндылықтарға бас қатырмайтын арналарға үндінің мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі көбірек ұнайтын секілді.
«Еуразия» бірінші арнасында көрсетілетін «Қалаулым» бағдарламасы қазақ менталитетіне, қазақ табиғатына мүлдем жат. Бағдарламаны көріп отырған ұлдан намыс, қыздан ұят кетті ме деп қаласың. О заман да бұ заман қыздың жігітті қалап келуі деген масқара ғой. Қазақтың ару қыздары мен сұлтан жігіттері қазақ деген атқа лайық болуы тиіс. Қайдағы бір сапасыз бағдарламаны көргенше, еліміздің өркендеп өсуіне, дамуына үлес қосайық!

Кәусар ЛЕСКЕНҚЫЗЫ
Жамбыл ауданы
Алматы облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (7)
Мен | 24 қазан 2017 21:40
Міне біздің болашағымыз осыдан байқау керек қайда кетіп бара жатқанымызды. Мына катысушылардың ата-аналары бар ма әлде тексіздер ме деп қаласын. Қайдан жиналғандар бұларға әй дейтін әже қой дейтін қожалары жоқ бетімен кеткендер гой. Ертеңіміз қайда
12345 | 24 қазан 2017 22:34
Бұл прог-ны шығаруға кім рұқсат берген деп пікіршілер қынжыла Қамшыда жазыпты;бұл байан есентаева деген кі сінің жобасы ау.өйткені соны жүргізіп отырған аша оның туысы (племянница)сондықтан жел қайақтан соққанын біле отырыңыздар.
Тоқтар | 24 қазан 2017 22:53
Жек көрем осы бағдарламаны. Ұлт қайда, намыс қайда?! Масқаралық барып тұрған. Мұны бағдарлама деп айтуға болмайды!
Көрермен | 25 қазан 2017 03:53
Өз идеялары жоқ болғансын ресейден көшіреміз.көшіруде өнер.мағынасы жоқ болсада.
Тоқтар | 25 қазан 2017 20:44
Халайық сендерге ұсыныс жасайын. Осы бағдарламаны жаптыртайық жабылып шағымданып. Мынау масқара ғо ,ұлттың намысын ойламайма жүргiзушi, әр түрлi тағдырларды алып келiп қызыл кеңiрдек қылып айтыстырып қояды дүйiм елдiң алдында. Жүргiзушi және продюсерi өте нашар iзденген, осыдан басқа бағдарлама құрып қалдыма? Бұл программа бiздiң ұлттың менталитетiне жатпайды, осыны бiлiп қойсын! Көрдiк, ешқандай ұлттық тәрбиелiлiк мән мағына таба алмадық. Жүргiзушi екi тағдыр иесiнiң ортасына жымысқы айдапсалма сұрақтар берiп көкезу әңгiменi бықсытудың шеберi ғана.
Оқырман | 25 қазан 2017 21:23
Жек көрем осы бағдарламаны. Ұлт қайда, намыс қайда?! Масқаралық барып тұрған. Мұны бағдарлама деп айтуға болмайды!

Өте дұрыс пікір айтқансыз
Әлима | 27 қазан 2017 21:55
сіз дұрыс айтасыз қазақтың әдеп-ғұрпына жатпайтын нәрсе ғой қыз-жігіттерді жинап алып қызыл шеке болып шуылдапсып ұрысып жатады, масқара ғой
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті