1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15941) 28 тамыз, бейсенбі 2014
28 тамыз 2014
«Дала банкирi». Бұл кiм?

Тағдыр

Қарқаралыдағы Абай түскен “Көк үйдi” бiлмейтiн қазақ жоқ. “Көк үйдiң” иесi Бекметев Халиулла Хамитұлы (1833–1905) – Қарқаралы өңiрiнен шыққан азамат, iрi көпес. Оның Балқаш өңiрiнде кен көздерiн ашқаны нақты тарихи деректермен расталған. 2002 жылы “Түркiстан” газетiнде “Белгiлi әулеттiң белгiсiз қырлары” атты көлемдi мақала жарық көрдi. Авторы – Жәмила Бекметева. Осы “Көк үйдiң” шаңырағынан өрбiген Жәмиланы 1998 жылдан берi жақсы танимын. Жиi-жиi кездесiп, сыр бөлiсiп тұрамыз. Жәмила өткен-кеткен тарихқа ой жүгiртiп, бабалар рухын тiрiлтiп, республикалық газет-журналдарға мақалалар жазып тұрады. Бiрде Жәмила маған:
– Адамбай атаңыз туралы деректердi жинастырып, неге мақала жазбайсыз? – дедi. Берiсi күллi Арқаға, әрiсi барша қазаққа таныл­ған Адамбай Шолақұлы туралы жазбау – ұят...
Қатты ойланып қалдым. Содан көп жылдар бойы зерттеп-зерделеп, төмендегi мақаланы жазып шықтым.
***
Адамбай Шолақов бес ағайынды болған. Олар – Сма­ғұл, Жолдас, Адамбай, Әйеш, Тұрсын. Адамбайдың аға-iнiлерiнiң барлығы да елге жайлы, беделдi, белгiлi, мәрт, Сарыарқаның ең бай азаматтары болыпты. Заманында «Шолақтың бес бөрiсi» атан­ған. Өте ынтымақты, бiр-бiрiне бауырмал екен.
1880 жылы Әйеш Шолақов болыс болған. Жолдас Шолақов би сайланыпты. Ал Тұрсын Шолақов жас күнiнен атқа мiнiп, қайтыс болғанға дейiн (1912 жыл) би болған.

1903 жылғы көктемде Ар­қада алапат аштық басталады. Осы жылы Адамбай Шолақов аштыққа ұшыраған көптеген елдi мекендерге шұғыл көмек жiберген. Астықпен де, ақшалай да көмектескен. II Николай 1904 жылы (30.01) өз жарлығымен Адамбай Шолақовты «Өз қандастарына шексiз мейiрiм­дiлiгi және оларды аштықтан аман алып қалғандығы үшiн» алтын медалiмен

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті