"Жас Алаш" ақпарат
Мектепте орамал тарту үшін соттасып жатыр
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
09.11.2017 15:25

Оралдағы орта мектептерде оқитын төрт оқушының ата-анасы қыздарының білім мекемесіне орамал тартып бару құқығы үшін сотта күресіп жатыр. Бұл туралы ата-аналардың мүддесін қорғаушы Арман Әбдірәшит хабарлады.
Заңгердің айтуынша, ата-аналар мектептердің ішкі тәртібі мен білім және ғылым министрінің 2016 жылы 14 қаңтардағы жарлығының заңдылығын сот арқылы тексеруді көздеп отыр. Министр жарлығында «түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға болмайтыны» айтылған. Әбдірашит бұл жарлық Қазақстан Конституциясының «мемлекеттік білім мекемелерінде тегін білім алу құқығына» қайшы екенін айтады. Заңгер «оқушылар хиджаб емес, қазақтың ұлттық киімі – ақ түсті кимешек киеді» дейді. Шағымданушылардың бірі Әсет Сұлтанұлының айтуынша, Оралдағы № 7 орта мектеп басшылығы қазанның ортасында 1-сыныптағы қызына баскиіммен сабаққа келуге тыйым салған. Қазір оның қызы мектепке бармайды.
 


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/21092.html