"Жас Алаш" ақпарат
Латынға бола қылмыстық іске ілінді
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
09.11.2017 15:23

Шымкенттік әлеуметтік желі белсендісі Ардақ Әшімова Facebook әлеуметтік желісінде латын әліпбиіне қатысты жазған жазбасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын ақпарат сайттарына хабарлады.
Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімі шығарған. Онда «Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық талдау орталығының «билік өкілдеріне қатысты көрінеу жалған ақпарат таратты» деген іс-құжаты негізінде қылмыстық іс қозғалғаны» жазылған. Айыпталушының айтуынша, іс қозғауға 18 қыркүйекте Facebook әлеуметтік желісінде Ардақ Әшім деп тіркелген Ардақ Әшімованың латын әліпбиі жөнінде жазылған жазбасы негіз болған.
 


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/21089.html