"Жас Алаш" ақпарат
Бір адам оққа ұшып, жетеуі жараланды
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
09.11.2017 15:23

Жамбыл облысындағы екі ауыл тұрғынының атысынан бір адам қаза тауып, жеті адам жараланды. Облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына қарағанда, оқиға 6 қараша күні түнде Жамбыл ауданының Құмтиын және Аса ауылдарының тұрғындары арасында болған. Сол күні кешке Асадан Құмтиынға бара жатқан көліктегі екі жолаушы жанжалдасып қалып, оның соңы түнге қарай екі ауылдың бір топ тұрғыны арасында атысқа ұласқан. Содан Қамакемер ауылының 30 жастағы тұрғыны, ер адам оққа ұшып, жараланған жеті адам аудандық ауруханаға қаралған. Оқиғаға қатысты «кісі өлімі» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
 


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/21088.html