Экономика
Ахметжан Есімов жұмыссыз қалмайды
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
05.09.2017 15:00

Кеше сенат пен мәжілістің бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің жұмыссыз қалмайтынын мәлім етті.
«ЭКСПО көрмесі Қазақстан үшін ең маңызды шаралардың біріне айналды. Біз бүкіл әлемге Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсете алдық. Өз астанамызды көрсеттік. Біз өте үлкен имидждік жұмыс атқардық. Енді осы көрменің жабылу салтанатын өткіземіз. Мұнан кейін бірден Астана халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастауы тиіс. Ол үшін барлық жағдай жасалды, тіпті Конституцияға өзгеріс те енгіздік. Ахметжан Смағұлұлы осы көрмеге басшылық етуін жалғастыра беретін болады», – деп атап өтті Н.Назарбаев.
Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында қыркүйек айының ортасына қарай жоғары жақта үлкен ауыс-түйіс болып, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов Алматыға әкім болып келіп, қаланың қазіргі әкімі Бауыржан Байбек, керісінше, Астанаға қарай жылжиды деген сыбыстар айтылып жүрген болатын.


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/ekonomika/20671.html