Спорт
Еркебұлан тұңғыш добын Лория қақпасына соқты
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
20.06.2017 14:37

Қазақстан премьер-лигасы
16-тур. 17-18 маусым


«Қайрат» – «Тобыл» – 2:0 (Исламхан, 64-пенальтиден, Исаель, 85)
«Шахтер» – «Атырау» – 2:0 (Станоевич, 1, 89)
«Қайсар» – «Ордабасы» – 0:1 (Фонтанелло, 58)
«Тараз» – «Ертіс» – 2:0 (Зайнутдинов, 13, Сейдахмет, 24)
«Оқжетпес» – «Ақжайық» – 2:1 (Марочкин, 29, Козлов, 36 – Изу, 57-пенальтиден)
«Ақтөбе» – «Астана» – 2:4 (Зенькович, 18, Граховац, 45+1-автогол – Твумаси, 19, 56, Кабананга, 47, Мұжықов, 86)
Бұл турда қазақ жанкүйерлері асыға күткен жаңалық болды. Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет премьер-лигадағы алғашқы голын соқты. Ол Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория қорғаған қақпаның осал тұсын тапты. Бұл кездесуде Еркебұлан алғашқы голдың пасын Зайнутдиновқа шығарып беріп көзге түскен болатын.
Турнир кестесінің көшбасшысы санатындағы үш команда да бұл турда қарсыластарын тізерлетті. Енді «Астана», «Қайрат» және «Ордабасы» өздерін өкшелеген «Ертіс» пен «Тобылдан» кемі 7 ұпай алға кетіп қалды. Олар жүлделер тағдырын шешіп қойды десе де болады.
Мергендер таласында Кабананга Гоуға біртабан жақындады. Бұл турда «Астананың» шабуылшысы «Ақтөбе» қақпасын бір рет таңбаласа, Гоу «Тобыл» қақпасына гол соға алған жоқ. Қазір Гоу еншісінде – 13, Кабанангада 12 дәл соққы бар.

 

 


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/sport/20223.html