"Жас Алаш" ақпарат
«Ереуілге ешқандай қатысым жоқ»
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
06.04.2017 13:58

Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (OCC) кәсіпорны жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Ол өткен жылғы 25 желтоқсан мен қаңтардың 4-і аралығында Түркияда демалыста болғанын, оған билетті екі ай бұрын алып қойғанын, мұнайшыларды ереуілге шақырмағанын айтып ақталуда. Ал прокурор Қанат Дәрібай оны айыпты деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айыруды және өзін сотқа берген Techno Trading компаниясына 25 миллион 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын өндіріп беруді сұраған. Судья үкімнің 6 сәуірде жарияланатынын айтып, үзіліс жариялады.


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19679.html