Фото өнер
Фотокамераның жаңа туындысы canon eos 5d mark IV
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
05.12.2016 21:40
Жуырда Алматы қаласындағы “Қазақфильм” киностудиясында Canon EOS 5D Mark IV маркалы сандық айналы камерасының таныстырылымы болды. Қазақстандағы Canon компаниясының басшысы Александр Смирнягин EOS 5D Mark IV камерасының жобалануына, 4К-видео қол­дауына және үнемi технологиясы жоғары, сапалы өнiм жасауға ұмтылысы үшiн өз ұжымына алғысын бiл­дiрдi. Сондай-ақ,Canon CEE GmbH-ның сату және маркетинг жөнiндегi директоры Сашо Лукич өз құттықтау сөзiн жеткiздi. Тiптi ең қараңғы жерлерде 30.4 мегапикселi бар Canon суреттердi түсiре алады, EOS 5D Mark IV жа­ңа толық жақтау CMOS сурет сенсорымен жабдықталған. Түсiрiлiм кезiнде ISO 50-102400-тен ISO100-32000 дейiн үлкейту арқылы жарықты молынан бере саласыз. «Фотожурналистикаға жақсы құралдың бiрi болды» дедi өз әсерiмен бөлiскен Ференц Торек. Ол:
– секундына 7 кадрды үздiксiз түсiре алады;
– RAW форматында бiр серияға дейiн 21 сурет;
– JPEG форматында саны шектеусiз;
– түсiрiлiм кезiнде жоғары жылдамдық, төмен жылдамдық, уақыт аралығы тыныш режимдерi бар.
Кiрiктiрiлген модульдер­дi Wi-Fi және NSF қосу арқылы EOS 5D Mark IV-ғы су­реттердi смартфон планшет немесе ноутбукке көшi­ре аласыз. Фотоны жiберу және әлеуметтiк желiлерге жариялау үшiн, сондай фильм жұмыстарындағы фокустау, түзетулердi орындауда қашықтықтан басқару мүмкiндiктерi бар.

old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/fotooner/18735.html