Алдаспан
«Саяси-қылмыстық кодекс» 2015 жылдан бастап саяси тұтқындардың қатары көбеюi мүмкiн
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
22.07.2014 14:44

«Алдаспан» ақиқат

Президент Н.Назарбаев Қылмыстық кодекстiң жаңа жобасына қол қоярдан бұрын бас прокурордың орынбасары И.Меркель жаңа кодекске “қылмыс” және “қылмысқа жақын iс-әрекет” деп аталатын екi жүйе бойынша жауапкершiлiк енгiзiл­генiн айтқан. “Қылмысы” түсiнiктi, ол үшiн нақты жаза тағайындалады, ал “қылмысқа жақын iс-әрекет” үшiн қоғамдық жұмыс iстеуге мәжбүрлеу жазасын пайдаланбақ. Әйтеуiр, Меркельдiң сөзiне қарасаң, жаңа кодекс кедiр-бұдыры жоқ жұп-жұмыр һәм iзгiлендiрiлген-мыс. Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары жөнiндегi комитетi де “таразысының басы теңшелген жоба екен” дегенге келтiрген.
 
Қылмыстық кодекстiң жаңа нұсқасы 2015 жылдан бастап қолданысқа енедi. Бұл кодекстiң қоғамдық өмiрге қандай өзгерiс енгiзетiнiн түсiну үшiн кейбiр баптарын екшеп көрейiк.
Мәселен, қазiргi қолданыстағы кодекс кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды зорлаған қылмыскерлерге шартты жазасынан бұрын бостандыққа шы­ғуы­на жол беретiн. Ал жаңа жоба бойынша бұл мүмкiн емес. Сондай-ақ, жаңа жобада экс­тремизм мен терроризмге қатысты қолданылатын жаза күшей­­тiлген. Бұған қосымша, радикалды идеологияның таралуына ықпал ететiн iс әрекеттер қылмыс қатарына қосылған.

Бұл өзгерiстердiң енгiзiлуiне қоғамның өзi ықпал еттi. Мәселен, бұдан бiрнеше жыл бұрын Оңтүстiк Қазақстан облысында 4 жасар сәбидi өзге ұлттың азама


old.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://old.zhasalash.kz/adaspan/12611.html