ПУТИН ҚАНША КЕЛI ШОРТАН ҰСТАДЫ?
Жақында Ресей президентiнiң Тувада балық аулап жүрген суретi жарияланды. Алайда оның 21 келiлiк шортан ұстағанына, тiптi балық аулауға барғанына сенбейтiндер табылды. Кәсiпқой балықшылардың бiрi Фейсбуктегi парақшасына былай деп жазды: “Суреттегi шортан әрi кетсе, 10-11 келi ғана болады. 21 келi дегенi – өтiрiк”.
Андрей Малыгин деген блоггер: “Путин 2007 жылы да дәл осы киiммен, дәл осы көзiлдiрiкпен, дәл осы сағатпен суретке түскен. Мынау 2007 жылғы сурет емес пе?” – дейдi.
Президенттiң баспасөз хатшысы Д.Песков бұған жауап бердi. “Президенттiң қасында өзiм жүрдiм. Суреттер алын ала дайындалған жоқ. Шортанның салмағын да дәл жаздық. Президенттiң киiмдерi жаңа. Бұрынғы сағатын сыйға тартқан соң дәл сондай сағат сатып алған. Өйткенi оған үйренiп қалды”, – деп ақталды Д.Песков.
АТЫЛЫП ӨЛДI...
Ақмола облысының Зерендi аудандық полициясы бастығының орынбасары Асхат Сибанов сенбi күнi өз үйiнде табелдi тапаншасымен атылып өлдi.
“Нақты себебi әзiрге белгiсiз. Алайда бұдан бiрнеше күн бұрын IIД басшысы Сибановты “өз қызметiне сай емес” деп тапқан. Сибановқа қатысты қызметтiк тексеру жүрген. Ол екi учаскелiк полицеймен бiрге жемқорлық жасауы мүмкiн. Учаскелiк полицейлер пара алғаны үшiн ұсталды”, – деп мәлiмдедi аудандық прокуратура.
Беттi дайындаған –
Ерiк РАХЫМ.
© 2017 «Жас Алаш» ЖШС. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. www.zhasalash.kz сайты материалдарын жартылай немесе толық қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.