1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
19 қаңтар 2010

Бiз мектеп табалдырығын 1986 жылы аттаған түлектермiз. Дүние астаң-кестең болып, алып империяның алқынып тұрған кезi. Кеңес өкiметiнiң қауқары кете бастағанымен, iргемiзге сүйреп әкелiп тастаған коммунизмнiң шет жағасын бiз де көрiп қалдық. Түске дейiн сабағымызды оқимыз, түстен кейiн бiр уақ ұйықтаймыз, екi уақ берiлетiн тамағы тағы бар. Оның үстiне, сол жылы 11 жылдық оқу тәжiрибесiн енгiзген-дi. Бiзге дейiнгiлер сыныптан-сыныпқа “аттап-пұттап” бiтiре салды. Ал бiз 11 жылды толық оқып шыққан алғашқы буын болдық...

12 қараша 2009
Қайыршылықтың қазақы кәсiпке айналғаны ма?

Алматыдағы орталық мешiттiң маңынан әр өткен сайын қайыр сұрап отырған қазақ келiншекке көзiм түседi. Қасында өрiмдей қаракөз қызы мен ұлы бар. Қайыршылыққа олар да әбден үйренiп алған, қастарынан өте қалсаң болғаны, көздерiн жәудiретiп, қолдарын жая қояды. Ежелден ата кәсiбi саналатын тәжiк келiншектерi жас сәбилерiн емiзе жүрiп қайыр сұрап жүре бередi. Оған ешкiм таңғала да қоймайды. Бiрақ, ұлын ұлықтап, қызын үкiлеп өсiрген қазаққа бұл тiптен жат.

10 қараша 2009
“Вакцина егiлсе де, тұмаумен ауырдық” дейтiн адамдар бар...

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, тұмау жыл сайын 250-500 мың адамның өмiрiн жалмайтын көрiнедi. Бұл ауру, әсiресе, 2 жасқа дейiнгi сәбилер мен жасы 65-тен асқан қариялар үшiн қауiптi. Тұмаудың алдын алудың бiрден-бiр жолы – оған қарсы вакцина ектiру. Тұмауға қарсы вакцина қаншалықты тиiмдi? Оның керi әсерi бар ма? Оны қай уақытқа дейiн ектiрген дұрыс? Осы сұрақтарды вакцина клиникасының меңгерушiсi Татьяна Носковаға қойдық.

10 қараша 2009

НЕМЕСЕ КЕЙ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ МӘНI.

Ол кезде сiз бала болатынсыз. Алматыдан әпкеңiз келдi. Ести салып үйге қарай құйын-перен ұшасыз! “Әпкем келдi-i-i-i!!!” деп айғайлап. Әжеңiз алдыңыздан шығып қап: “Тек! Жаман ырым бастағаны несi?! Үйге айғайлап, жүгiрiп келушi ме едi?” – деп тыйып тастайды. “Неге?” – дейсiз төргi үйге ұшып бара жатып, “Жаман болады!” деген жауапты құлағыңыз шалып қалады.
Тағы да бала кезiңiз. Еркелiктiң неше түрiн жасайсыз

10 қараша 2009
«Дәрiгерлер балам мен әйелiмдi өлтiрдi»

ҚР Бас прокуроры Қ.Мәми, ҚР Денсаулық сақтау министрi Ж.Досқалиев мырзалардың назарына.

Бiраз уақыт болды, қайғыдан қан жұтып жүрмiн. Менi осындай жағдайға тап қылған – Жаңа­өзеннiң кiсi өлтiрушi дәрiгерлерi.
Зайыбым Гүлмайра Шалтаеваға 2008 жылдың желтоқсан айында үйлендiм. 2009 жылдың 22 ақпанында Гүлмайраны қалалық перзентханаға өз аяғымен алып бардым. Келесi күнi таңертең сол перзентхананың есiгiнен аттай бергенiмде бiр жеңгем телефон соғып: “Сүйiншi, қызды болдың!” – дедi. Гүлмира есiмдi акушерка: “Гүлмайра аман-есен сағат 9.05-те босанып, қызды болды. Өзiнiң де, баласының да жағдайы жақсы”, – дедi
29 қыркүйек 2009

Күз айы. Осы мезгiлде тұмау, баспа, тамақ ауруы жиiлеп кетедi. Әркiм өз бiлгенiнше ем қолданады. Бiрi тұмауға қарсы сарымсақты, пиязды нанға қосып та, қоспай да жеп жатады. Ендi бiрi дәрiгерге бармай-ақ, өзi бiлетiн дәрi-дәрмектi iшiп жүре бередi. Бүкiл әлемдi шошытып отырған A(H1N1) вирусты тұмауы бұлардың ойларына да келмеуi мүмкiн. Шындығына келсек, доңыз тұмауының белгiлерi жай тұмаудың белгiлерiмен бiрдей екен. Бiз бұл жөнiнде Алматы мемлекеттiк дәрiгер¬лер¬дiң бiлiмiн жетiлдiру институтының меңгерушiсi, доцент Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫНАН сұраған едiк.

29 қыркүйек 2009
Латыш қызы

Бұл 1954 жылдың жазында болған оқиға едi. Балдыберектiң арғы бетiнде машинадан түсiп жатқан екеуге ауыл адамдары тұс-тұстан қарап, аңтарылып тұрып қалды. Екеудiң бiрi – орта бойлы толықша келген, сымбатты жас жiгiт те, екiншiсi – шашын желкесiнен қырқып қойған, жiңiшкелеу ақсары қыз. Олар машинадан түсiп, түйiншектерiн арқалаған күйi көпiрден берi өтiп, ауылға беттедi. Осы кезде ересектердiң бiрi: “Ойбай-ау, Үсiп қой, өзiмiздiң Дияшбай атамның баласы”, – деуi мұң екен, жұрт келе жатқан екеуге қарай лап қойды. Өңшең жалаң аяқ балалар оларға жұрттан бұрын жетсе де, тосырқағандай тұрып қалды.

29 қыркүйек 2009
Қазақстанда қанша кәрi қыз бар?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова ханымға “Үкiмет бiр мезгiл кәрi қыздарға да зер салса екен...” деген тақырыпта хат жолданған болатын (“Жас Алаш”, №62, 4 тамыз, 2009 ж.). Онда автор ауыр болса да өз өмiрiн мысал¬ға алып, сырын ақтарып, бүкiл кәрi қыздардың мұңын шаққан-ды. Кейiннен редакцияға бұл тақырыпта толассыз хаттар келдi, саралап, салмақтысын жарияладық. Телефон арқылы талай пiкiрлер де айтылуда. Бiрақ, Гүлшара Наушақызынан “әу” деген бiрде-бiр жауап болмай тұр. Әйтсе де, бұл тақырыпты қайта қаузап, жан-жақты таразылауды жөн санадық.

беттер:«7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17