«Қазақта айран көп, орыста мейрам көп» десек те, соңғы жылдары қазекем тойдан да, мейрамнан да кенде болып жатқан жоқ. Солардың iшiндегi ең ұлығы, ең «суперi» – сүндет той екенi сөзсiз. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсiм. Ол – әр ата-ананың борышы. Жалпы баланы сүндетке отырғызудың тарихынан сыр шертер болсақ, сүндеттеу мұсылман халқынан өзге Орталық Американың үндiстерiнде, африкалық тайпаларда, британдық ханзада отбасыларында кездеседi екен. Бiздiң эрамыздан 2000-2500 жыл бұрын ежелгi Мысыр елiнде кең қолданылған көрiнедi. Сүндеттелген перғауын бейнесi мен ересектеу екi баланы сүндетке отырғызу рәсiмi көрсетiлген папирус суреттерi Каир мұражайында сақталған.
БЕТТI СҰЛЫНЫҢ СУЫМЕН ЖУЫҢЫЗ
Белгiлi әншi Эдита Пьеха 80 жастан асса да әлi күнге қартаймаған. Ол жас кезiнен бастап таза, жуылған бетiне өзi жеген жемiс-жидектi жағуды ұмытпаған. Беттi немен жуған десеңiзшi? Сұлының суымен. Жалпы, көптеген әртiстер беттерiн газдалмаған минералды сумен жуады. Кейде бұларды мұздатқышқа қоятын ыдысқа құйып, қатырып, мұз күйiнде бетке жағуға да болады. Сонда әжiмiңiз тартылып, бет терiңiз жұмсарады.
Құрдастардың қалжыңы дегенде есiме Сламбай атам түседi. Бiздiң Майбұлақ ауылы екi құрдас – Сламбай мен Сейфолла аталарымыздың қалжыңын әлi күнге жыр қып айтады. Сламбай Тоқбергенұлы 1989 жылы қайтыс болып кеттi. Жатқан жерi жаннатта болсын. Сейфолла Әшiрбекұлының көзi тiрi, бiрақ соңғы жылдары аяғы ауырып, жүре алмай қалыпты. Құдай өзi қуат берсiн. Осы екi атамның қызық уақиғаларын естiген сайын құрдас болып қалжыңдай бiлу де бiр өнер екенiн сеземiн. Ол да бiр ғанибет тiрлiк. Ендеше Сiз құрдасыңызбен қалжыңдай бiлесiз бе?
Қазiр еркек те, әйел де неше түрге бөлiнiп, түрлi кейiпке енiп жүр ғой. Бұл жерде жыныс мәселесiн айтып тұрмын. Еркек еркектi, әйел әйелдi жақсы көретiнiн теледидардан ашық көрсетiп, газеттер ашық жазып жатыр. Алматының өзiнде осыларға арналған клубтар жетерлiк. Кеңес Одағы кезiнде де гомосексуалистерге арналған клубтар болды. Бiрен-саран ғана. Жасырын түрде. Кеңес Одағының жүрегi – Мәскеуде еркектердiң осындай бiр жиынына тап болғаным бар. Онда мен 3-курстың студентi едiм. Көп нәрсенi бiле бермейтiн шағым. Бiр күнi бiр бөлмеде жататын владивостоктық Сергей есiмдi курстасым: “Тiсiңнен шығармасаң, бiр клубқа алып барамын”, – дедi. “
– Ең алдымен, баланың ана сүтiмен қоректенуi қажет. 1 жасқа дейiн ана сүтiмен қоректенген сәбидiң иммундық қабiлетi мықты болады. Өкiнiшке қарай, қазiр жас босанған әйелдердiң тең жартысы сәбилерiн емiзуге құлықсыз, оларды жасанды тамақтармен қоректендiруге әуес. Педиатрлар осы мәселеде дабыл қағып отыр. Жас аналар неге сәбиiн емiзгiсi келмейдi? 25 жылдық педиатрлық тәжiрибемде дәл осындай жағдайды бұрын-соңды кездестiрмеппiн. 1 жасқа дейiн ембеген сәбидiң ағзасындағы өзгерiстер 12-13 жасқа жеткенде белгi бередi
Жастар үшiн тағлымы зор, ғибраты мол кiтаптар болады. Солардың бiрi – белгiлi қоғам қайраткерi, «Парасат» орденiнiң иегерi, Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi Амантай Бiртановтың «Ұрпағыма хат» атты кiтабы. Бiз бүгiн осы кiтаптан үзiндi берiп отырмыз. ...Қыз баланың анасынан ешнәрсе жасырмай, сырлас болып сыйласулары қажет. Қызыңа мейiрiм шапағатын жасағын. Қыз деген ата-ананың мұңлығы.
Әлi есiмде... Бала кезiмiз болатын. Қыстың қақаған бiр суығында үйде шай iшiп отыр едiк, сырттан апам кiрдi. Ауылда бiр үлкен кiсi қайтыс болып, соның жаназасынан оралған бетi едi. Кiре пальтосын қағып-қағып, «мына күн қайтедi, өзi...» деп күбiрлеп жүрiп пештiң ыстығына қолын бiраз тосып тұрды да, шайға отырды. Ағайын-туғаны қайтыс болған кiсiнi соңғы сапарға қалай шығарып салғаны туралы сұрап жатырмыз. «Е, қайнағаның қазасы аяқ астынан болғаннан кейiн қайбiр дайындығы бар дейсiң олардың... – дедi апам шайды бiр ұрттап қойып
«Отбасының» хатқоржынына оқырмандарымыздан келiп түскен түрлi сауалдарға жауап алу үшiн Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтының балалар хирургиясы кафедрасының доцентi Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫНА жолыққан едiк.
– Әне-мiне дегенше жаз да шығады. Жазбен бiрге балалардың ортасында неше түрлi iшек ауруларының көбейетiнi де белгiлi. Жұқпалы ауруларды алдын-алу үшiн жемiс-жидектi тазалап жуудан басқа қандай амал-тәсiлдерi бар?
Мереке хикаялары
«Қазақта айран көп, орыста мейрам көп» десек те, қазiргi қазақтар ұлы iстердi осындай мерекелерге жоспарлап тастайды ғой. 8 наурыз – екi жасты таныстыруға, қол ұстатуға таптырмайтын мереке. Осы мерекеде танысып, түсiнiсiп, шаңырақ құрған жандар арамызда өте көп. Солардың бiрi – Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Шәуiлдiрде тұратын Төпен Әмiрбек ағамыз. Төпен ағамыздың әскерден келiп, ауданда жұмыс iстеп жүргенiне 2-3 жыл уақыт болып қалған кезi екен. Апамыз Төпендi аяқтандырмақ ниетте Шаяндағы бiр сiңлiсiне телефон шалыпты.
Анам – он төрт құрсақ көтерген адам. Соның он екiсi, Құдайға тәуба, аман-есенбiз. Барлығы да жоғары оқу орнын бiтiрген. Қазiр республикамыздың түкпiр-түкпiрiнде жұмыстарын iстеп, немере-шөберелерiнiң қызығын көрiп отыр. Мен он үш жасыма дейiн атамның көршi ауылда тұратын Жұмаш деген бауырының қолында тәрбиелендiм. Жұмаш атам соғыстан оралмады. Ұлы Жаншен балалы-шағалы болған соң, он үш жасымда өз ата-анамның қолына келдiм. «Сенi алып кеткеннен кейiн әкең Мәсұғұт күнде атқа мiнiп үйге келетiн. «Жай жүрсiң бе?» – деймiн түк бiлмегендей. Өзi сонда 21 жаста едi.
– Қызым қазақ мектебiнiң оқушысы. Жасы – 14-те. Кейiнгi кезде сыныптас қызының үйiне қонуға жиi сұранғыштап жүр. Екi рет жiбердiм. Соңғы рет жiбермей қойған едiм, түнiмен жылап, келесi күнi қырсығып, сабаққа да бармай қойды. Әкесi сөйлескеннен соң маған өкпелегенiн қойды. Тағы бiр күнi осы жағдай қайталанса, не iстеуiм керек? Жiбермей қойсам, «қызым менен суып кете ме?» деп қорқамын.
«Менiң әпкемдi күйеуi бес баласымен тастап кеттi. Ол кезде екеуi де 40-та едi. Үлкендердiң ақыл-кеңесiне жездем құлақ асқан жоқ. Екiншi әйелiмен араларында 15 жас айырмашылық бар. Одан да екi бала сүйдi. Алдыңғы балалары қазiр ер жеттi. Оларға жәрдемдесiп тұрады. Тек әпкем ауру болып қалды. Күйеуiнiң сатқындығын көтере алмаған тәрiздi», – дедi Алтынай. Мұны неге айтып отырмыз? Бұл таңсық жайт емес қой. Бүгiн үй болып, ертең екi жаққа кетiсiп жатқандар жайлы айтып та, жазып та ешкiмдi таңғалдыра алмайтын болдық емес пе мына заманда.
Жамбыл облысында өткен жылы 30 мыңға жуық сәби жарық дүние есiгiн ашыпты. Ресми мәлiметтерге қарағанда, осы сәбилердiң 70 пайызы – өзiмiздiң қаракөздер. Әрине, Жамбыл облысы қазақ ұлты көп қоныстанған аймақ, осының да әсерi бар екенi анық. Ал бiр отбасындағы балалар санының көптiгi жағынан келгенде дүнген, ұйғыр, өзбек, түрiк, күрд әйелдерi дес бермей тұр.