Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Отан отбасынан басталады. Әрбiр отбасының берекесi, ынтымағы, бiрлiгi мемлекетiмiздiң iргетасын берiк нығайта түсетiнi анық. Сондықтан бiздiң зайырлы мемлекет әрбiр отбасының, әрбiр адамның тағдырына, болашағына асқан жауапкершiлiкпен қарайды. Жақында “Жас Алаш” газетiнiң Жамбыл облысындағы тiлшiлер қосынына бiр әйел келiп, арыз айтты. Арызын қағазға жазып та келiптi. Әрине, отбасы мәселесi – мәңгiлiк мәселе. Жұбайлар “жыры” ешқашан таусылмайды. Бiрақ әлгi әйелдiң хатын оқи отырып, бұл бәрiмiздi толғандыруы тиiс ортақ мәселе екенiн аңғардық. Бiз бұл жерде ешкiмдi кiнәламаймыз.
Калифорния Университетiнiң ғалымдары жүргiзген зерттеулерге қарағанда, адам қанының құрамында кездесетiн рак жасушаларының қозып, көбеюiне аз ғана жарақат себепшi болады екен. Тәжiрибе барысы көрсеткендей, денеге жарақат түскен жерде қатерлi дертке бастайтын жасушалар жиналып, нәтижесiнде iсiк пайда болады. Ғалымдардың пiкiрiнше, қимылсыз тұрған жасушалардың алапат қозғалысқа түсуiне де осы дененiң тiлiнген тұсы себепшi екен. Денеге тиген қатты соққының салдарынан көгерiп, қанталайтыны бар. Мiне, осылардың соңы да рак жасушасының көбеюiне апарып соғатын көрiнедi.
“Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла” деген тәрбие қағидасын ата-бабаларымыз өмiр заңына айналдырған. Бүгiнгi бүлдiршiн – ертеңгi ел үмiтiн арқалаған азамат. Баланың ел сүйiнетiн немесе күйiнетiн адам болып қалыптасуына отбасындағы тәрбиенiң тигiзетiн ықпалы орасан зор. Ал бүгiнгi бала тәрбиесiнiң бiр бөлiгi оның “жансыз” достары – ойыншықтар әлемiне тиесiлi. Бес жасар iнiмнiң ойыншықтарынан арнайы көрме ұйымдастыруға болады. “Спандч Боб”, “Шрек” деп басталып, ары қарай жалғаса бередi.
Дәрiгер-сексопатолог Андрей Кудрявцевтiң сөзiне қарағанда, бұл керемет дәрi 1960- жылдардың басында-ақ жасалған көрiнедi. Ендi әлгi дәрiнiң кереметтiгiне тоқталсақ. Ақ ұнтақ тәрiздi дәрiнi қолданған әйелдiң де, еркектiң де бөтен жүрiстерi тоқтайды екен. Мәскеудiң неврология ғылыми зерттеу орталығында ойлап табылған ұнтақ көптеген отбасылардың ойрандалуының алдын алады екен. Осы дәрiнi қолданған адам өз жұбайынан басқаларға көз сүзбейтiн болады. Адам ағзасындағы гормондарды реттейтiн бұл дәрi мидың бiрқатар бөлiгiнiң
1. Өзiңiзге киiм таңдағаныңызда құрбыларыңыздың ғана емес, күйеуiңiздiң де талғамымен, ақыл-кеңесiмен санасыңыз.
2. Күйеуiңiздiң қатты қастерлейтiн заттарына тиiспеңiз, пайдаланбаңыз, басқаларға ұстап көруге, қызықтауға ұсынбаңыз. Оның зат салатын жәшiгiн, үстелiнiң тартпасын, портфелiн ақтармаңыз, iшiн тәртiпке келтiремiн деп әуре болмаңыз, киiмiнiң қалтасын қарамаңыз.
3. Күйеуiңiз ұнататын тағамды қай кезде дайындау қажетi екенiн сұратпай-ақ бiлуге, дастарқанға қоюға үйренiңiз.
4. Көпшiлiк ортасында күйеуiңiз өзiңiзге жақсы мәлiм бiр әңгiменi айтып отырса да, оны ықыласпен тыңдап отырған қалып танытып, сөзiн бөлмеңiз, күмән келтiрмеңiз, қарсы дау шығармаңыз.
“Жұрт шындыққа қисынды болғандықтан емес, жиi қайталанғандықтан сенедi” дептi Оскар Уайльд. Иә, расында да, солай. Тiптi бұл орайда “халық айтса қалт айтпайдыны” қалай ұмытамыз ?! Ал бүгiнгi әңгiме – дәл осы қарапайым халықтың iшiнде айтылып жүрген жайттардың бiрi... Жақында бiр танысым сәбилi болды. Осы бiздiң Алматы қалалық перзентханалардың бiрiнде. Перзентханадан шыққаннан кейiнгi әңгiмесiн естiгенде, жағамызды ұстадық... Мөлдiрдiң аяғы ауыр болып, алғашқы перзентiн босануға перзентханаға түседi. Содан не керек, перзентханаға кiрер кезде тiркеушi әйел әдеттегiдей Мөлдiрдiң аты-жөнiн, жұмыс орнын жазып алған.
Тоқты белгiсiндегiлер үшiн 2011 жыл сәттi басталмақ. Жылдың алғашқы жартысында қаржылық мәселелер өз шешiмiн тауып, екiншi жартысы шаңырағыңызға үлкен қуаныштар әкеледi. Жыл соңында күтпеген қызықтардың куәсi боласыз, осы оқиғалардың соңы қызметтiк сатыдағы жоғарылауыңызға үлкен ықпалын жасайды. Торпақ жұлдызында дүниеге келгендердi қоян жылы көп сынаққа алады. Табиғатынан қыңыр мiнездi торпақтар үшiн бұл жылы аянбай тер төгуге тура келедi. Кез келген мақсаттарына жету үшiн табандылықты талап ететiн бұл жылы торпақ белгiсiндегiлер жаңа қоныс тойын тойлауы мүмкiн.
Троллейбуста кiшкентай баласын жетектеген әйел келе жатады. Әдепсiз бала бiресе аяғымен жер тепкiлеп, ендi бiрде айғайлап, өзгелердiң тынышын алады. Баланың қылығы айналадағы басқа адамдарды әбден мезi етедi. Кенет әлдекiм:
– Балаңызға қой десеңiзшi,–деп қалады.
– Баламды еркiндiкте тәрбиелеп жатырмын. Ненi қаласа, соны орындауы керек!–дейдi баланың шешесi паңданып. Осы кезде көршi орындықтан денелi жiгiт орнынан тұрып, аузындағы сағызын әлгi әйелдiң бетiне жабыстырып, мыжғылап:
Соңғы кездерi қыздарымыздың сырт киiмдерiне қатысты пiкiрталас тудырып отыр. Қазақстан тәуелсiздiгiн алып, дiнiне iздеу салған тұстан елiмiзде қаптаған дiндарлар мен данагөйлер көбейдi. Дiнiмiздiң Ислам, жаратушымыздың Алла екенiн тани бастағанымда, менiң жасым небәрi 16-да едi. Ауылдағы мешiтке жиi баратын әкем ылғи кешкiсiн жанына шақырып, дiн туралы, оны кiршiксiз сақтау және исламның парыздары жайында ерiнбей көп әңгiмелейтiн. Сол кездерi әкемнiң әрбiр сөздерiн ұйып тыңдап, бұлжытпай орындайтынмын. Уақыт өте келе әкеммен арамызда дау туатын кездер жиiледi. Ата салтымыздың ғұрыптарына кереғар келетiн хадистер мен уағыздардың қайсысы дұрыс
Статистика агенттiгiнiң таратқан мәлiметтерiне сенсек, елiмiзде жыл сайын 500-ден аса әйел күйеуiнiң соққысынан қаза табады екен. 2008 жылы 135 280, 2009 жылы 140 386 неке тiркелсе, 2008 жылы 35 852, ал 2009 жылы 39 257 неке бұзылған. Заңды түрде ажыраспай жүргендер де аз емес.
Күйеуiммен отбасын құрғанымызға биыл он бес жыл. Осы кезге дейiн күйеуiмнiң тоқпағынан көз ашпадым. Араққа сылқия тойып келiп, жұдырығын ала жүгiретiн жолдасыммен ажырасып кетейiн десем, елдiң сөзiнен ұялам. Ажырасқан деген әйелге жақсы ат емес қой. Бәрiнен де бұрын есейiп қалған балаларымды аяймын, соққыға жығылып жатқан маған араша боламыз деп, өздерi де әкесiнiң жұдырығының астында қалады...
Қыз-келiншектер ұрпақ көтерiп, бала өсiруге қабiлеттi жасында денсаулығына ерекше жауапкершiлiкпен қарауға тиiс. Денi сау әйел түсiк жасатудан мейлiнше аулақ болғаны жөн. Оның үстiне, қай дiн болса да баланы алдыртуды күнәнiң үлкенi санайды. Жасанды түсiктiң аяғы ана өлiмiне соқтырып, жыныс жолдарының қабынуын күшейтiп, бедеулiкке ұрындырады. Мұның бәрiн ысырып қойып, жасанды түсiктен кейiн бала көтере қалған жағдайда, әйелдiң денсаулығы сыр бередi: сәбиi құрсағында жатып өлiп қалады, не туа бiттi кемiстiктерге душар болады.
Көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргiзген қытай ғалымдары кәдiмгi көк шайдың тағы бiр пайдалы қасиетiн дәлелдедi. Компьютер алдында тапжылмай жұмыс iстейтiн адамдар үшiн көк шайдың ағзаны компьютерлiк сәулелерден қорғайтын қасиетi бар екен. Шайдың жапырақтарында ағзаның жасушаларына әсер ететiн, радиацияны ыдырататын компонент бар көрiнедi. Компьютерден бөлiнетiн зиянды сәулелелерден қорғану үшiн қытай ғалымдары көк шайды көбiрек қолдануды кеңес етедi. Таңертең көк шаймен бет-мойынды жуу арқылы ұсақ әжiмдерден құтылуға болады екен.
Өткен аптаның сәрсенбiсiнде Алматы қаласындағы №1 перзентханада оқыс оқиға болды. Сейфуллин даңғылында орналасқан перзентханада дүниеге келген сәби белгiсiз жағдайда жоғалып кеткен. Дүниеге келгенiне үш күн толған ұл баланың кенеттен жоғалғанын бiлген 33 жастағы анасы құқық қорғау органдарына хабар берген. Таңертең емiзуге әкелмеген баласына iздеу салған ананың басындағы жағдай туралы әлдебiр ақпарат айтудан бас тартқан денсаулық сақтау департаментiнiң қызметкерлерi iздестiру жұмыстарының
Жер бетiн мекен еткен әрбiр ұлттың бала тәрбиесiнде өзiндiк ұстанатын қағидалары бар. Дүниеге келген сәби өзiнiң ертеңгi болашағы екенiн түсiнетiн кез келген адам тәрбие жолында әрбiр құбылысты қалт жiбермесе керек. Ежелгi ата-бабаларымыздың санаға сiңiрген, тәлiм-тәрбиесiн бұл күндерi Батыстың бейәдеп қылықтарымен айырбастауға құмар өскелең ұрпақ бой көтерiп келе жатқаны жасырын емес. Өзгелердiң бала тәрбиесiндегi көңiлге қонымды, менталитетiмiзге жақын тұстарын меңгеруге, әрине, болады-ақ.