1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
14 ақпан 2012
«Бала күтушi агенттiгi» ашылса...
“НЯНЯҢЫЗ” КIМ, ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНIН ТЕРЕҢIРЕК ОЙЛАНЫП КӨРДIҢIЗ БЕ?
Ауылдан Шымкент қаласына қоныс аударғанымызға он шақты жыл өттi. Жеке баспанаға қол жеткiзу әлi аспандағы айға қол созумен бiрдей болып тұр. Сол себептi әйелiммен бiрге қосарланып қаржы таппасақ, баспананы былай қойғанда, не iшер асқа, не киер киiмге жарымайтынымызды түсiндiк. Ал екеумiз бiрдей жұмысқа шығып кетуге бала қарайтын адамның жоқтығы қолбайлау болды. Не iстеу керек? Ағайындардың арасынан бала қарауға мүмкiндiгi бар адам табыла қоймады. Сосын өзге жақтан iздестiрiп жүрдiк. Бiрде ауылдағы жеңгемнен бiр танысының сiңлiсi жұмыс iздеп жүргенiн бiлдiк. Мектепте оқуға да жағдайлары жоқтығын, өзi өте пысық қыз екенiн, бала қарауға келiсетiнiн айтқанда, шыны керек, қатты қуандық. Ендi соған қолқа саламыз ба деп жүргенбiз. Бiрақ...
10 қаңтар 2012
Қазақтар тойға қанша қаржы жұмсайды?
Mojazarplata.kz есебiнше, шағын той жасайтын қазақтар кемiнде бiр миллион теңге жұмсайтын көрiнедi. Жалпы, қазақты думан-тойсыз елестету мүмкiн емес. Бұрындары жайлаудың таза ауасында көкпар тартып, бәйге ша­уып, дүрiлдетiп той өткiзсе, жаңа қазақтар “банкет” деген атау­мен қазiр мейрамханаларда қуанышын атап өтедi. Жүз    жиырма, жүз елу кiсiнi қонақ етуге әлгiндей миллион теңге жұмсалады екен. Ал бұл көрсеткiш елiмiздiң әр өңiрiнде өзгерiске түсерi сөзсiз. Мәселен, Оңтүстiктiң тойын Орталық Қазақстандағы тоймен салытыруға келмейдi. Сондықтан әр өңiрдiң өзiне сай қалыптасқан дәстүр-тәртiбi барын да ескерген жөн.  Американың Флорида штатында өтетiн тойдың шығыны қазақтардың тойынан кем емес екен. Бiр ғана тойға арналған тортқа 29 000 теңгеден бастап 145 000-ға дейiн ақша
10 қаңтар 2012
ЕРКЕККЕ ҰНАУДЫҢ ТОҒЫЗ ТӘСIЛI
1.            Үй iшiнде киетiн киiмiңiз тап-тұйнақтай, жинақы болсын. Түймесi түгел емес, етегi сөгiлген киiм күйеуiңiздiң көзiне бiрден түседi. Сондықтан басыңыздан аяғыңызға дейiн мұқият болуды ұмытпаңыз.
2.            Адамның ажарын шашы ашады. Бiрақ солай екен деп, шашты жарасымсыз түске бояп, бұйралаудың керегi жоқ. Бар болғаны тарап, жинап қою ғана жетедi.
3.            Өз сыртқы келбетiңiзге ажар берiп тұруы үшiн, аздап боянып, әтiр себiну артық болмайды.
4.            Сонымен қатар үйдегi ыдыс-аяқтан бастап, басқа да жиһаз, заттардың таза болуы сiздiң ұқыптылығыңызды бiлдiредi. Тазалық пен тәртiп бар жердiң кез келген жанға ұнайтынын есте сақтаңыз.
10 қаңтар 2012
КАРАОКЕДЕ ӘН САЛУ ПАЙДАЛЫ
Таяуда сарапшылар караокеде ән салудың пайдалы екенiн мәлiм еттi. Олардың сөзiне қарағанда, жалғыз ән айтқаннан гөрi достарың мен жақындарыңның ортасында караокеде өлең айту жүрек-қан тамырларының ауруын болдырмайтын көрiнедi. Көңiл көтерудiң бұл әдiсiн жапондық ғалымдар жүйке жүйесiнiң шаршауын басады дейдi. Қырық пен алпыс жас арасындағы он тоғыз мың еркек, әйелге жүргiзiлген тәжiрибе осындай түйiнге тоқтапты.
 
Австралиялық зерттеушiлер көптеген компьютер пернетақталарының (клавиатура) қоздырғыш вирустар­ға толы екенiн анықтаған. Университеттiң компьютер бөлмесiндегi әркiм пайдаланатын пернетақтаның жеке адамның пернетақтасынан әлдеқайда зиян вирустарға толы екенi дәлелденген. 
10 қаңтар 2012

Қазақ лингвистерi қа­зақстандықтардың есiм­дерi мен ататегiнiң дұ­рыс жазылуы туралы нұс­қаулық жасауды қолға алды. Тегiмiздегi «-ов»,    «-ев», «-ин»- нiң орнын алдағы уақытта бiрыңғай қазақы жұрнақтар алмастырады. Әр ұлттың өзiне тән ата тегi мен есiмдерi­нiң жазылу үлгiсi бар. Бұл туралы көптен берi айтылып, жазылып келедi. Әйткенмен, басқа басқа осы күнге дейiн ататегi­мiз­ге жараспайтын жұр­нақ­тармен келдiк. Мәдениет министрлiгiнiң тiл­дер комитетiнiң төрағасы Шерубай Құрманбайұлы әзiрге фамилия жазу үлгiсiнiң он жетi-он сегiз нұсқасын қарастырып жат­қандарын айтады.

10 қаңтар 2012
Кесiр келiншек күйеуiнiң мерейiн көтере алмайды
Қазiргi күнi қазақы әдет-ғұрыптан аттап, ерiнiң алдындағы биязылықты, инабаттылықты, әдептiлiктi, қарапайымдылықты жоғалтқан әйелдер көбейдi. Күйеуiнен асып түсудi ойлап, кердеңдейтiн келiншектер пайда болды. Отбасылық қаражатты күйеуiнен артық тапқанын, бала тәрбиесiмен өзi көбiрек айналысатынын мiндет етiп, отбасылық билiктi қолына алған әйелдер де аз емес. Қызметте әкiм бол, министр бол, бiрақ балаларыңның әкесiмен санассаң, оны құрметтесең, сыйласаң, қас-қабағына қарап, айт­қанын тыңдасаң, еркектiң мерейi көтерiледi. Ертеректе сауын сиыр фермасында ерлi-зайыпты бiр отбасы еңбек еткен едi. Күйеуi қағiлез шағын денелi де, әйелi етжеңдi, толық денелi болатын.
11 қазан 2011
АРЫҚТАУҒА ТЫРАШТАНЫП...
Артық салмақтан арыламын деп дәрi iшетiндердiң денi ауруға шалдығып жатыр. Солардың бiрiнiң анасы “Аман-саулық” қоғамдық қорының жедел желiсiне телефон шалып, қызының Қытайдың арзан­қол арықтататын дәрiлерiн iшемiн деп, психикалық ауытқушылықтарға тап болғанын айтып, шағымданыпты. Өкiнiштiсi, мұндай дәрi­лер­ге дәнiгiп жүргендер көп, ал бұл препараттар дәрiхана емес, Алматының кез келген базарында еркiн саудаға түсiп жатыр. “Аман-саулық” қорының төрайымы Бақыт Түменованың айтуынша, жедел желiге хабарласқан ананың қызы осымен үш мәрте психиатрлардың көмегiне жүгiнуге мәжбүр болған. Оның көз алдына елестер келiп, ұйқысы бұзылған, денсаулығында психикалық үлкен өзгерiстер болған.
11 қазан 2011
Құмалақшы

Тiршiлiк қамыты қысты ма, әлде руханилық жаппай әлсiредi ме, әйтеуiр, адамдар жоқтан өзгеге сенетiн болды. Әрине, барлығы емес. Бiрақ көпшiлiгi. Көк базардағы балгерлер мен көрiпкелдердiң “тасы өрге домалап”, дипломсыз “кәсiптерiнiң” дәуренi жүрiп тұр. Ендi оған ғылым ретiнде төрден орын берiлмеген, алайда “төр менiкi” деп адамдардың санасында сайран салып жүрген астрологиялық болжамдарды, яғни жұлдыз-жорамалды қосыңыз. 10 адам отырса, соның төртеуi құмалақ аштырып, ендi төртеуi жұлдыз-жорамалдың көп жағдайда сәйкес келiп жататынын айтады. Мiне, бұл адамдардың рухани әлсiреуiнiң бұлтартпас дәлелi.

11 қазан 2011
Тұңғыш бала кiмдiкi?

Әр ұлттың өзiне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi бар. Қазақ халқының бала оның iшiнде тұңғыш немереге қатысты өзгелерге ұқсамайтын дәстүрi қалыптас­қан. Ол – тұңғыш немеренi ата-әжесiнiң бауырға салуы. Бұл дәстүр күнi бүгiнге дейiн желiсiн үзбей жалғасып келедi. Алайда соңғы уақытта тұңғыш баласын ата-әжесiне “берудi” қаламайтындар мен керiсiнше, мұны дұрыс деп санайтындар жиi кездеседi. Жарық дүниеге жаңа келген сәбидiң тәрбиесiмен кiмдердiң айналысқаны жөн? Ата- анасы ма, әлде ата-әжесi ме?

2 тамыз 2011
Отбасы ақпарат
ҚАУIПТI ОЙЫНШЫҚТАР
Жақында техникалық реттеу комитетi мамандарының тексеру жұмыстарын жүргiздi. Осы iс-шараның барысында қазақстандық балалардың ойнап жүрген ойыншықтарының көбi жарамсыз әрi аса қауiптi екенi анықталған. Ресми мәлiметке қарағанда, елiмiзге ойыншықтың 85 пайызы Қытайдан әке­лiнедi. Жас балаға арнал­ған заттардың бұрыштары тым өткiр, қабырғалары жарылған, бояуы сапасыз, ал жасал­ған құрамы улы заттарға толы екен. Мамандар мұндай ойыншықты пайдаланған баланың денсаулығына үлкен қауiп төнетiнiн айтып дабыл қағуда. Алайда осыған дейiн де осындай iс-шаралар жүргiзiлгенiмен, нәтижесi мардымсыз шыққан.
2 тамыз 2011
Кек қайтару, қызғаныш – әйелдердiң соры
Балқашқа барғанда естiген бiр әңгiме есiмнен кетер емес... Айырылмастай қос құрбыны күндеске айналдырған, араларынан жүгiрiп өткен қызғаныштың “қызыл қаншығы” екен... Оған жiгерсiз жiгiттiң жетесiздiгi де жол берген... ...Айжан мен Айман (кейiпкер­лер­дiң есiмдерi өзгертiлген) бiр мектепте оқыды. Қашан көрсең де жұптары жазылмайтын қос құр­быға көпшiлiк қызыға, кейбiреулерi қызғана қарайтын. Мектептi бiтiретiн жылы ару Айжан (қалалық арулар байқауында екiншi орын иеленген) жоғары әскери учили­щенi бiтiрiп, әскери қызметiн одан әрi жалғастыру үшiн Балқашқа жiберiлген жас лейтенант Қайсармен танысады.
2 тамыз 2011

“Отбасы” қосымша газетiнiң өткен нөмiрiнде (№51 01.07.2011ж.) тараздық келiншектiң басындағы жағдайды оқып, ерiксiз қолыма қалам алдым. Менiң де күйеуiм ата сақалы аузына бiткенде, өзге келiншекпен жасырын некелесiп, отбасымызды ұятқа қалдырды. Балалар есейiп, немере бағып отырған шақта мұндай әбестiкке барған жолдасыммен талай рет сөйлесiп көрдiм. Алайда еш нәтижесi болмады. Имамдардың сауатсыздығы жаныма батты. Дiни сауаты төмен молдалардың кесiрiнен талай шаңырақ осылай шайқалып жатқаны сөзсiз. Күйеуiмнiң некесiн молда бiрiншi әйелiнiң, яғни менiң рұқсатымсыз қиған. Бұл туралы хабардар болған соң, ағайын-туыс отағасын ортаға алдық.

2 тамыз 2011
Cүрбойдақтар

Демограф ғалым Мақаш Тәтiмнiң соңғы деректерiне жүгiнсек, бүгiнгi таңда елiмiзде 30-50 жас аралығындағы 170 мыңдай сүрбойдақ бар екен. Отбасын құрып, бала сүймеген азаматтар – қоғамның қасiретi. Жастық шақтың қатесiн қартайғанда тартарын ойланбай, серiлiкпен сайран құрған бойдақ жiгiттер өздерiнiң өсiп-өнуiне ғана емес, ұлтымыздың табиғи өсуiне де керi әсерiн тигiзiп жүргенiн ұғынбайды. Қырықтың қырқасына шығып, серiлiгiн қимаған талай азамат артында тұяқ қалдырмай, жалғыз өтiп бара жатқанын жете түсiнсе, сүрбойдақ күнiне нүкте қояр едi.

7 маусым 2011
Қазақ баласына қазақы ойыншық керек
“Отбасы” қосымшасының өткен нөмiрiнде отандық ойыншық туралы мақала жариялаған едiк. Күнделiктi күйбеңмен мән бермейтiн ойыншықтың қазiргi түрлерiне тоқталып, қазақ баласының шетелдiк бұйымды ермек еткенiне алаңдаушылық бiлдiргенбiз. Осы тақырыпқа байланысты редакция­мызға арнайы келген Сәкен Болыс алдымызға көздiң жауын алатын ойыншықтарын жайып салды. Бояуы қанық ойыншықтардың басты ерекшелiгi ұлттық нақышта жасалуында едi. Ұлттық құндылықты қадiрлейтiн жанның мына дү­ние­­лерге елең етпеуi мүмкiн емес. Домбыра, алты қанат ақ үй, ою-өр­нек­тер, бәрi-бәрi қазақтың төл дү­ниесi. 
7 маусым 2011
ҚОЛАҢ ШАШТЫҢ КҮТIМI
Шаштың түсуiн тоқтату үшiн мынадай қоспаны пайдаланса болады. Бiр ас қасық бал, алоэ шырынын және бiр ас қасық сарымсақ сөлiн аралас­тырасыз. Тұнбаны салқын жерде сақтап, жиi қолдануға да болады. Шашыңызды жумас бұрын осы тұнбаны бас терiсiне сiңiре жағу қажет. Қолданардан бұрын қоспаға жұмыртқаның сарысын қосып, ара­лас­тырасыз. Жарты сағаттан кейiн шашты жылы сумен шайып тастау керек. Шаю үшiн өсiмдiктерден жасалған арнайы тұнбаларды қолдануға болады. Үш-төрт рет пайдаланған соң, тұнба жақсы нәтижесiн бередi.
беттер:«4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»