1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
10 шілде 2012
Адам ағзасы 50-70% судан тұратынын естен шығармаңыз. Денедегi су термен бiрге бөлiнiп кететiн­дiктен суды белгiлi бiр уа­қытта iшiп жүрiңiз. Америка қоғамдық-ғылыми журналының зерттеулерi бойынша, адам ағзасына минералдар тамақтан, ал бiр пайызы судан келедi екен.Денедегi минералдар сыртқа шығарылмаған жағдайда адамның iшкi ағзалары зақымдануы мүмкiн. Сондықтан су iшудi ұмытпаған жөн. Өз үйiңiздегi қайнатылған суды iшiп, ағзадағы зиянды заттарды бүйрек арқылы шығарып отырған абзал. Мамандар суды белгiленген уақытта тұтынғанды жөн санайды.
 
10 шілде 2012
ҮШ ЖАСҚА ДЕЙIН ҰЛҒАЙТУДЫ ҰСЫНДЫ
Мәжiлiсшi Айқын Қо­ңы­ров бала күтiмiне байланысты жәрдемақы төлеу мерзiмiн үш жасқа дейiн ұлғайтуды ұсынды. Ол: «БҰҰ сарапшылары Қазақстанды жедел қартайып келе жатқан елдердiң қатарына жатқызды. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай елдегi қарт адамдардың үлесi 25%-ға дейiн артпақ. Қазақстан үшiн бұл – демографиялық апат», – деп алаңдаушылық бiлдiрдi. Оның сөзiне қарағанда, бүгiнде республикада қиын жағдай қалыптасып отыр, бала сүйгiсi келмей­тiн­дердiң қатары көбейген, ал босанғандары соған шүкiршiлiк етедi немесе баласын тағдыр тәлкегiне тастайды.
10 шілде 2012
Әке-шешемдi түсiнбеймiн
Қолыма қалам алып осы хатты жазып отырғанымда, көршi бөл­меден баяғы айғай-шу естiлiп жатты. Баяғы дейтiнiм, мен ес бiлгелi бiздiң үйiмiзден әкем мен шешемнiң бiтпейтiн ұрыс-керiсi үзiлген емес. Мектеп бiтiруiме аз қалды. Сол күндi асыға күтiп жүрмiн. Қолыма аттестатымды алған күнi басым ауған жаққа кетемiн. Бұл нақты және соңғы шешiмiм. Шынын айтсам, әкемдi де, шешемдi де түсiнбеймiн. Екеуiнiң қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенiн дөп басып айта алмаймын. Бiр бiлерiм, үйдегi бұл береке­сiздiктен әбден жалықтым. Кейде достарымның үйiне бара қалсам, ата анасының өзара қарым- қатынастарын көрiп, қызығамын, қызғанамын.
10 шілде 2012
Қыздың пәктiгi кiмге керек?
ЖIГIТКЕ МЕ? ЖIГIТТIҢ АТА-АНАСЫНА МА? ЖОҚ ӘЛДЕ ҚЫЗДЫҢ ӨЗIНЕ МЕ?
“Отбасы” қосымшасы арқылы сырымды бөлiсiп, ақыл-кеңес сұрағым келедi. Жасым жиырманың бесеуiнен асты. Жақында тұрмыс құрмақ ниетiм бар. Тек көңiлiмдi алаңдататын бiр жайт туралы сұрасам деп едiм. Қатар құрбыларымның көбi үйленгенге дейiн жiгiтiңмен жақын қарым-қатынаста болу керектiгiн айтады. Және олардың барлығы жiгiттерiмен ерлi-зайыптыдай күн кешуде. Менiң “босағаны адал аттау керек” дегенiме бiрi күлсе, ендi бiрi таңырқай қарайды. Осыған дейiн сөз айтып, кездесуге шақырған жiгiттер де менiң осы түсiнiгiме жатырқай қарап, көп ұзамай, “қарасын батырған”.
15 мамыр 2012
Отбасы ақпараттар
ТӘТТIГЕ ҮЙIР КЕЛIНШЕК ТЕ “ТӘТТI” ЕКЕН
Американдық ғалымдар әйелдерге қатыс­ты тағы бiр тың жаңалық ашты. Олардың пайымдауынша, тәттiге үйiр әйел мен   қант-кәмпитке қызықпайтын әйелдiң арасында көп ерекшелiктер бар көрiнедi. Зерттеушiлер ұзақ жылғы тәжiрибесiнiң нәтижесiнде тәттiге құмар қыздардан болашақта ең жақсы әйел шығатынын айтады. Солтүстiк Дакота университетiнiң ғалымдары қантсыз шай iшпейтiн, күнiне кем дегенде, екi не одан да көп кәмпит, шоколад жейтiн әйелдiң сүйкiмдiлiгi мен мейiрiмдiлiгi өзгелерден анағұрлым басым екенiн дәлелдептi. Сонымен қатар тәттiге үйiр әйелдердiң арасында көңiлдi, оптимистерi мен жүзiнен жылу төгiлiп тұратындары жиi кездесетiнiн де сенiмдi айтуда. 
15 мамыр 2012
Әйелiң толқып жүр
Бiр хатқа екi пiкiр
Ермек бауырымның хатын оқып, “Қазақстан” телеарнасындағы қазiргi уақытта жүрiп жатқан “Махаббатқа сенем” деген кино сериалы ойыма түсiп отыр. Сондағы басты кейiпкер Хежин деген әйел де тура Ермектiң келiн­шегiнiң “халiн” кешедi ғой. Сол сияқты көп ақшаның иесi, өзi келiстi жiгiт. Басшысы болған соң оған қарай жел айдаған толқындай әйел деген пендеңiз аударылмай тұра алмайды. Қазiргi көп киносериалдар әйелдердiң қылықтарын, қанағатсыздықтарын ашып көрсетiп-ақ жатыр. Бауырым, Ермек! Мен де сенiң басыңнан өткен тағдырды өз басымнан өткiзген адаммын. Балаларым үшiн әй­елiм­мен ажыраспай, әлi күнге дейiн бiрге өмiр кешiп келемiз.
15 мамыр 2012
Несие некенi де ойрандады
2005-06 жылдары Қазақстанда “тегiн ақша” тарату науқаны қызу жүрдi. Тегiн дейтiнiмiз, аяқ аттасаңыз, несиенiң ең оңай түрiн ұсын­ған банктер жауыннан кейiнгi саңы­рауқұлақтай қаптаған едi сол кезде. Бiрнеше қаржылық дағдарысты бастан өткерген жұрт мынадай “тиiмдi шартпен” берiлiп жатқан ақшадан бас тарта алмады. Керiсiнше, сол жылдары несие­мен әлеуметтiк тұрмысын едәуiр түзеп алуға жанталасқаны рас. Бiрi баласын үйлендiрiп, бiрi қызын несиеге алған ақшаға ұзатты. Ал ендi бiреулер баспана мәселе­сiн шешiп, кейбiр пысықтар жер те­лiмдерiн “басып қалуға” әре­кеттендi. Небәрi үш қана құжатыңды көр­сетiп, бiрнеше мыңдаған АҚШ долларын қалтаға сүңгiту кiмге ұнамасын.
10 сәуір 2012
1. Қарапайым әйел ақылды болудан гөрi әдемiрек болғанды құп көредi. Өйткенi ол қарапайым еркектiң тал­ғамнан гөрi көзi анығырақ көретiнiн бiледi.
 2. Әйелдер ешқашан өтiрiк сөй­лемейдi, тек әлгiнде ғана айтқанын ұмытып қалатыны болмаса.
 3. Бәлеқор келiншектi ызаландырғанша, еркекке оның көңiлiн тапқан пайдалырақ.
4. Тойға дейiн “маған сен ғана ұнайсың” деген ғашықтар тойдан кейiн “сен маған ғана ұнайсың...” деуге көшедi.
 5. Барлық әйелдердiң киiм киюдегi тал­ғамы бiрдей, яғни еркектiң шешiн­дiру сезiмiн ояту үлгiсiн таңдайды.
6. Егер еркек
10 сәуір 2012
“КҮЙЕУБАЛА ЖӘНЕ КЕЛIН” ЖОБАСЫ ЖАСАЛУДА
Алматыда «Комсомольская правда-Казахстан» газетiнiң бастамасымен болашақ күйеулер мен келiндерге арналған арнайы жоба iске қосылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қатысушылар iрiктелiп алынады. Келесi кезекте болашақ күйеу мен келiндер көптеген сынақ сатыларынан өз өнерлерiн көрсете­дi. Жобаның басты мақсаты – жiгiт пен қыздың өз табиғи болмысын дұрыс қалыптастыруына ықпал ету. Өмiрлiк жарын таба алмай жүргендер үшiн бұл жобаның көмегi болары анық. Бұған ұйымдастырушылар сенiмдi.
10 сәуір 2012
Тәрбие басы – тал бесiк
Бiз елiктегiш халықпыз ғой. Елiк­тегiштiгiмiз соншалық, күнделiктi телесериалдардағы сүйiктi кейiпкер­лерiмiздiң есiмдерiн сәби­лерiмiзге қоятынымыз өз алдына, киiм киiстерiне, сөз сөйлеу мәнерiне, тiптi кей­бiр әдет-ғұрыптарына дейiн өмiрiмiзге ендiрiп аламыз. Соның бiрi – өзгерiске ұшыраған сәлемдесу үлгiмiз. Бұрын үлкендер қол алысып амандасып, көп­тен берi жүздеспеген ет жақын туыс болса жасы кiшi­нiң маңдайынан сүйетiн. Ал қазiр үлкен де, кiшi де, әйел де, еркек те, тiптi жiгiт пен жiгiт те жаппай бет сүйiсiп амандасатын болды. Пәлен жыл көрiспегендей, бас салып сүйiсiп амандасу ерсi-ақ көрiнедi.
10 сәуір 2012

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы мамандарының дерегiне сенсек, 20-55 жас аралығындағы адамға күнделiктi 800-1000 миллиграмм кальций керек екен. Ал жас балаларға тәулiгiне 600-800 миллиграмм кальций қажет. Дегенмен, бiз бұл керектi күнделiктi ас мәзiрiнен ала алмаймыз. Бұл жетiс­пеушiлiк ағзаны қандай күйге душар ететiнiн бiлесiз бе? Жалпы, кальцийдiң мiндетi қандай? Егер кальций аз болса ми безi ағза мүшесiнiң белгiлi бiр бөлiгiне бұйрық бередi де, ол басқа бiр мүшенiң есебiнен толықтырылады. Мысалы, сү­йектегi қанды алып, оны қан құрамының өзегiне қосады. Осы кезде сүйек жұқарып, ери­дi.

10 сәуір 2012

Қыз бен жiгiт болып жүргенiмiзде, қазiргi әйелiм мүлде бас­қаша болатын. Екеуiмiз студент шақта танысып, салт бойынша құда түсiп, сырға салып дегендей үйлендiк. Алғаш­қы жылдары да келiншегiм көңiлiме қаяу салған емес-тiн. Ата-анамның көңiлiне қарап, үй тiрлiгiн тап-тұйнақтай орындайтын. Ағайынның арасында сыйлы, үйдегi менiң аға, әпкелерiмнiң де қас-қабағына қарайтын. Еншiмiздi алып бөлек шыққанымызда, ол екiншi баламызға жүктi болатын. Осы баламыз туылған соң, ол көп өтпей жұмысқа шығатын болды. Отбасылық жетiспеушiлiктiң салдарынан оның жұмыс­қа шығуына қарсы болмадым. Екi бала да әке-шешемнiң үйiнде.

10 сәуір 2012
Белбеу кетсе де, бел кетпесiн

Соңғы уақытта еркектер арасында белсiздiк дертi белең алды. Мамандардың зерттеуiне қарағанда, әлем бойынша еркектердiң елу пайызы осы дертке шалдыққан екен. Бұл қауiп Қазақстанды да айналып өтпедi. Елiмiздiң уролог мамандары соңғы кездерi осы проблемаға байланысты дабыл қағуда. Бiздегi әрбiр жүз отбасының жиырмасы – бiр перзентке зар болғандар. Демографтардың сөзiне сенсек, халық санының көбеюi үшiн әр отбасында кемi төрт баладан болуы керек. Батыс елдерiндегi секiлдi бiр-екi баламен шектелсек, қарттардың қатары күрт артып, тұрғындардың өсiмiнде тежеу пайда болады.

14 ақпан 2012
Отбасы-ақпарат
ОТАНДЫҚ “ДИКЛОФЕНАК” ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУIПТI
Шымкент фармацевтикалық зауытынан шығарылатын көптеген дәрi-дәрмектiң сапасы сын көтермейдi. Бұл туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Алайда шетелдiк дәрiден бағасы төмен болғандықтан, жұрт көбiне отандық дәрiлердi пайдалануға мәжбүр. Десек те, өзiмiзде шығатын дәрiлердiң шипасынан гөрi, денсаулыққа анағұрлым қауiптi екенi анықталып отыр. Шымкенттiк зауыттан шығатын “Диклофенак” дәрi­сi де сол зияндылардың қатарына жатады. Бұл туралы “Аман-саулық” қо­ғамдық қоры мәлiмдедi. Қор­дың денсаулық жөнiн­дегi веб жобасының координаторы
14 ақпан 2012

Жетi атаға дейiн қыз алыспау саясаты – қазақтың тектiлiгiн сақтаудағы үлкен жемiсi мен жетiстiгi. Ал қазiргi қазақты ертедегi аталарымен салыстырсаңыз, жер мен көктей айырмашылықты байқайсыз. Түрлi тарихи өзгерiстердiң қоғам мен адамға тигiзген әсерi көп. Мәселен, қымыз iшiп, ет жеген қазақтың отаршылық дәуiрiнде бiртiндеп ұсақталғаны мәлiм. Баяғы сары местi бөтелкеге айырбастып, сом-сом еттiң орнын дайын өнiмдер басты. Әрбiр адамның iшкен асына қарай мiнез-құлқы қалыптасады деген пiкiр бар. Мұның қаншалықты жаңсақтығын әлi ешкiм дәлелдемедi. Олай болса, құнарлы аспен тамақтан­ған бұрынғы қазақ пен бүгiнгi жартылай фабрикаттарды мiсе тұтқан жаңа қазақты салыстырып көрiңiзшi.

беттер:«3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»