1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15795) 2 сәуір, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
2 сәуір 2013
Абысын тату болса...

Жеңгем алғаш келiн болып босағаны аттағанда, менiң жасым небәрi он төртте болатын. Ауылдағы өзге қыз-келiншектерден бұл жеңгемнiң үлкен ерекшелiгi бiрден көрiндi. Қала көргенi бар, оның үстiне дәулеттi отбасыдан шыққаны бар, әйтеуiр Бейбiт жеңгем басқаларға ұқсамайтын. Ойындағысын iрiкпей, тура айтарлық қайсарлығынан қаймығатынбыз. Тiптi киiм киiсi де жаңаша үлгiмен болатын. Үнемi шашына күтiм жасап, киiмдерiн тап-тұйнақтай етiп жүретiн оны кей­бiреу­лер “тәкаппар, менмен” деп сырттай сөз қылатын.

Қара шаңырақта үлкен ұл қалып, кiшi ағамыз келiншегi Бейбiтпен бөлек отауға көштi. Дәрiханаға жұмыс­қа орналасқан жеңгем мен сол емханада фельдшер болған ағамыз көршi ауылда тұрып жатты. Кейiнiрек ағайынның ортасынан жер алып, үй салды. Төрт қыз, бiр ұлды тәрбиелеген аға-жеңгем қазiр жетпiстен асып, сексенге таяды. Бiр кездерi қарабайыр тiрлiкке жарамайтын ақсаусақ адамдай көрiнген жеңешем отағасының да бабын тауып, ағайынға да керемет сыйлы бола бiлдi. Ал ең бастысы, өзiнен үлкен екi қайнағасы мен жалғыз қайын­сiңiлiсiмен арадағы татулықты осы күнге дейiн берiк ұстаған жан. Менiң шешем оған үлкен абысын, ал әкем қайнағасы болды. Жарықтық әке-шешемнiң ешбiр туыстарының сыртынан сөз етiп, не болмаса әлденеге ренжiгендерiн естiмеппiн де, көр­меппiн де. Екi келiннiң басы қосылса, дау-жанжал туатынына талай куә болып жүрмiз ғой. Ал бұлардың үшеуi­нiң, яғни атамның үш келiнiнiң бiр рет болсын, айғайласып, керiлдескенiн көрмедiк.
Жақында осындай татулыққа қатысты әңгiме болып, есiме өзiм бiлетiн осы кiсiлер түстi. Шынымды айтсам, мұндай кереметке өзiм таңдандым. Өйткенi пенде болған соң түрлi түсiнiспеушiлiктер болады емес пе. Осыған орай ауылдағы әкемнiң көзiн көргендерден сұрастырдым. Сенесiздер ме, ешкiм де бұл үш аға­йынды бауырлардың араздығын естi­меген де, көрмеген де болып шықты. Мына қызыққа таңданып, көзi тiрi жеңешемдi сөзге тартып, абысындарымен арадағы татулығы жөнiнде сұрадым. Менiң шешем туралы сөз бастағанда, Бейбiт жеңгем терең күрсiнiп “жарықтық жүрегi де, көңiлi де дархан кiсi едi ғой. Ол кiсiмен сөзге келiп, болмаса ренжiскен сәтi­мiз болмаған. О дүниелiк кiсiлер туралы өтiрiк айтуға болмайтынын бiлер­сiң. Жеңешем бақилық болғанда, ауруханада едiм. Денсаулығыма байланысты екi күннен кейiн ғана жаман хабарды естiдiм. Жүрегiмдi әлдекiм жұлмалап, тынысымды тарылтқандай қи­нал­дым. Ең асыл, қимас адамымды жоғалтқанымды мойындап, қатты қайғырдым. Екiншi абысыным өзiме рулас әпке болып келедi. Жалпы, үшеумiздiң өзара татулығымыз ата-енемiздiң даналығынан, көреген­дiгiнен қалыптасты деп ойлаймын. Үлкен жеңгем екi қайнысының аттарын өле-өлгенше атамай, “Төрем” және “Мырзаға” деп өттi. Өзiм де қайнағаларымның аттарын бүгiнге дейiн, тiптi сыртынан да атаған емес­пiн. Сондай-ақ, күйеуiмнiң ағаларына деген шексiз бауырмалдығы да бiз­дердiң татулығымызға ықпал еттi. Үшеуiнiң өзара сыйластығы, үлкенiне кiшiсiнiң қарсы келмеуi, сөзiн тыңдап, айтқанын бұлжытпай орындауы бiздердi де сондай қарым-қатынаста болуға итермелеген сияқты...” деп терең әжiмдерi­нен сырғанай құлаған көз жасын сүрттi. Апырай, өзiмiз куә болған осындай үлгiлi жандар қасымызда жүргенiн қалай байқамадық екен деп кейде таңырқаймын. “Аға­йын татулығын сақтау тек әйелдерге ғана емес, бауырлардың өзара сыйластығына да тiкелей байланысты”,– деген жеңгемнiң сөзi маған үлкен ой салды.
Анарбек ЖИЕНБАЕВ,
Сайрам ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті