1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15795) 2 сәуір, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
2 сәуір 2013
Пайдалы кеңестер

Ай сайын коммуналдық қызметке төленетiн ақша кiмге де болса жеңiл тимейдi. Оның үстiне су, жарық, жылудың бағасы жиi-жиi қымбаттауда. Осыған орай электр қуатын үнемдеудiң бiрнеше қарапайым тәсiлдерiн оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдiк.

                Шаңсорғышты пайдаланбас бұрын оның iшiндегi қоқыс қабын мiндеттi түрде тазалаңыз. Қоқыс қабы тазартылмаған шаңсорғыш электр қуатын мейлiнше көп тартып, сiздiң жұмысыңызды да қиындата түседi.
                Электр розеткаларында мобильдi телефонның қуатын толтырудан кейiн немесе сөндiрiлген өзге де құрылғылардың қалып кетпеуiн қадағалаңыз. Себебi розеткаға бекерге сұғылып тұрған бұл заттар сiздiң қаржыңызды да жарық үшiн артық төлеуге шығындайды.
                Екiтарифтi электр есептегiш құралын орнату – үнемдеудiң тамаша түрi.
                Жарықты тұтыну түнгi 23 сағаттан таңғы 7-ге дейiн төрт есе арзан болады. Осы уақыт аралығында мүмкiндiгiнше кiр жуғыш машинаны, нан пiсiру пештерiн көбiрек пайдаланып, күндiз бiтпеген шаруаларыңызды реттеуге қолайлы.
                Тоңазытқышқа ешбiр тағамды әбден суымайынша қоймаңыз. Өйткенi ыстық тамақты суытуға тоңазытқыш электр қуатын мейлiнше көп тартады.
                Сондай-ақ, тоңазытқышты үйдiң қабырғасына өте жақын қоймаған жөн. Одан да салқын бұрыш­қа, ешбiр нәрсеге тақамай қойса, тоңазытқыштың салқындатқыш компрессоры жарық қуатын азырақ тартады.
                “Не жесем екен?” деген сұрақпен тоңазытқыштың есiгiн ашып, ұзақ тұру – электр қуатын анағұрлым көп кетiредi.
 
Беттi дайындаған Меруерт ХУСАИНОВА
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті