1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15785) 26 ақпан, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
26 ақпан 2013
Екеудiң құпиясы

Құрметтi редакция, “Отбасы” қосымшасында түрлi ой саларлық дүниелер жарияланатыны өте ұнайды. Отбасылы адам­ға ғана емес, болашақ ерлi-зайыптыларға да арналған тақырыптарды көбiрек көтерсеңiздер деген тiлегiм бар. Мысалы, мен әлi тұрмыс құрмаған қызбын. Алдағы уақытта газет қосымшасы арқылы жұбайлар жарастығы жөнiнде кеңес беру тұрғысындағы материалдар жарияласаңыздар екен. “Әйел бiр ауыз сөзбен еркектiң ерiк-жiгерiн құм етiп, белсiздiкке дейiн ұшырата алады” дегендi естiдiм. Сол рас па және оны болдырмау үшiн ненi iстеп, ненi жасамаған жөн?

Сәлеммен, Айдана,
Ақтөбе облысы.
 
“Әрбiр әйел жұбайлар жарастығына аса мән берiп қана қоймай, бұл тұрғыда өзiне жүктелген жауапкершiлiктiң маңыздылығын да ескеруге тиiстi. Мысалы жұбайлық мiндетiн сәттi аяқтай алмаған еркекке “сен еркек емессiң” дегеннен ауыр сөз жоқ. Бұл ер-азаматтың психологиясына ауыр салмақ салатыны соншалықты, тiптi оны белсiздiкке де ұрындыруы әбден мүмкiн. Мұндай қателiктен аулақ бол­ғандарыңыз абзал. Сондықтан жыныстық қатынастың өте нәзiк психологиясы бiзден бiр-бi­рi­мiздiң көңiлдерiмiзге кiрбiң түсiрмейтiндей iс-әрекет     етудi талап етедi. Адамдар арасындағы сексуалдық сауатсыз­дық – ажырасудың ең басты, негiзгi себебi деуге болады. Әр ұлттың өзiне тән менталитетiн ескерсек, қазақ халқы әу бастан-ақ бұл тақырыпты күнделiктi тұрмыста астарлап, сыпайылап болашақ отбасы иелерiне жеткiзе бiлген. Десек те, жұбайлар жарастығы жөнiндегi сауаттылық мәселесiнде жастарымыздың төменгi деңгей көрсеткiшi – жұбайлар арасына сына қағып қана қоймай, талай балалардың жетiм болуына апарып соққаны жасырын емес. Ұлдарға қарағанда, қыз балалардың осы “жабық тақырып” жөнiндегi түсiнiктерi көбiне-көп ұялшақтықпен, қымсынумен шектелiп жатады. Оның да өзiндiк себебi жоқ емес. Бала күнiндегi “ұят болады, қыз ондай болмау керек, қыз жiгiттiң алдында мұндай болуы керек” деген сияқты сөздер уақыт өте келе келiншектерге тартыншақтық әдетiн қалыптастырады екен. Бұл – қыз балаға “ыңғайсыз” тақырыпта еркiн тәрбие беру керек дегендi бiлдiрмейдi, әрине. Десек те, не нәрседен алдын ала бiршама хабардар адамның жаза басуы азырақ боларын естен шығармаған абзал. Мысалы, “ұят болады, жаман нәрсе” деп саналған тақырыппен бетпе-бет келген жас келiншек немесе жiгiттiң санасында әлдебiр үреймен тартыну қатарласып, тежеу салады екен. Ал қорқып және ұялған адамның “артық етем деп тыртық” етуi әбден мүмкiн емес пе? Сондықтан да жас жұбайлар бұл мәселеде ең бастысы өзара еркiн сөйлесiп, ашық пiкiр алмасу, жұбының ненi ұнатып, ненi қаламайтынын бiлу қағидасын ұстануға тиiс. Американдық сексопатологтың “төсегi суынған жұбайларды ешбiр байлық та, басқа да, тiптi ондаған бала да ұстап тұра алмайды. Ал жатын бөлмесiне асыққан жұбайларды ешқандай да себеп ажырастыра алмайды” деген пайымы бекер болмаса керек. Қазiргi кезде елiмiзде үйленушiлерден гөрi, ажырасатындардың күрт көбеюi – мамандар мысалға келтiрiп жүрген әлеуметтiк сұраныс, жетiспеушiлiк, баспанасының болмауы т.б проблемалардан гөрi “жабық тақырыптан” хабарсыздығымыздан да болуы ғажап емес. Сондықтан әрбiр шеше қызына, әкесi ұлына бұл тақырыпта мүмкiндiгiнше жан-жақты мәлiмет берсе артықтығы болмас.
 
Оқырманымыздың сұрағына берiлген бұл жауап Т.Қ.Бес­баевтың “Төсек ләззаты” кiтабынан және интернет иiрiмдерiнен алынды.
Меруерт ХУСАИНОВА.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті