1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15771) 9 қаңтар, сәрсенбі 2013
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
9 қаңтар 2013
Сiз бiлесiз бе?

Ерлер қанша азап тартса да, өкiнбейдi. Ал әйелдер көбiнде өкiнiп жүргенiмен, азаптануды қаламайды.

Ерлер қызметте табысқа жетедi. Ал әйелдер табысқа жеткенде, жалғыз қалады.
Ерлер үнемшiл болса, “шық бермес шығайбай” көрiнедi, ал әйелдер ақша тежесе, үнемшiл көрiнедi.
Ерлер кексе тартса, салауатты көрiнедi, ал кексе әйелдер шайпауыз боп көрiнедi.
Ерлер мас болғанда ғана мұңайса, әйелдер тәттi түсiнен оянып кетсе де мұңая бередi.
Ерлердiң көзқарасымен тiкен арасында гүл болады. Ал әйелдердiң көзқарасы бойынша гүл арасында тiкен бар.
Еркектер әйелiмен айырылысқанда “мен өмiр сүруiм керек” деп өзiн жұбатады. Ал әйелдер “мен ендi қалай өмiр сүремiн?” деп қайғырады.
Ер-азамат жыласа, жұрттың масқарасына қалады. Ал әйелдер жас төксе, басқалардың жанашырлық сезiмiн оятады.
Бiреудi сүйiп қалу – қаншама уақыт пен бақытты жоғалту шығар. Бiрақ ешкiмдi сүйе алмадың ба? Онда сенде уақыт түгiлi, бақыт та жоқ!
Неке – оған уәде беру де, оны шектеу де емес. Қайта өзiңдi көп нәрседен шектеу.
Үш түрлi еркектер әйелiнен қорқады: қалтасында ақшасы жоқ, әйелi сұлу және әйелiнде билiк пен мансап бар еркектер.
Еркек ақша тапса бұзылады, ал әйелдер бұзылса ақша табады. 
 
Дайындаған
Алшын Матай.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті