1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (16239)   4 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
4 шілде 2017
Музыка – жан-жақты жетілу кепілі

Бірқатар ата-аналардың балаларын кішкентай кезінен музыка мектептеріне беруге тырысатыны белгілі. Бірақ сол балалардың көпшілігі өсе келе музыкадан қол үзіп кетеді. Ендеше, олардың басын артық нәрсемен қатырудың не қажеті бар?
Бекзат НҰРТІЛЕК
Қапшағай қаласы

Шын мәнісінде баланы музыкаға бейімдеудің артықшылығы көп. Біріншіден, жалпы білім алып қана қоймай, музыка мектебіне де баратын бала өзінің күн тәртібін дұрыс үйлестіре білуге кішкентай күнінен машықтанады. Себебі бәріне үлгеру үшін уақытты дұрыс жоспарлай білу керек. Бұл, мысалы, күнделікті өмірде өте қажет дағды. Екіншіден, музыкалық аспапта ойнау қол қимылын жақсы дамытады.
Ғалымдардың зерттеуінше, кішкентай балалардың миының дамуы, тілінің дұрыс шығуы, ақыл-ойы мен шығармашылық ойлауы, еске сақтау қабілеті саусақтарының икемділігіне тікелей байланысты. Үшіншіден, әдеттегі мектепте мидың сол жағы, яғни логикамен байланысты бөлігі көбірек жұмыс істесе, музыкалық мектеп мидың оң жақ бөлігінің, былайша айтқанда, эмоциямен байланысты қанатының дамуына ықпал етеді. Ал миының екі жақ бөлігі де қатар дамыған бала өзге қатарластарына қарағанда күштірек, ақылдырақ және қай жағынан да озық болып келеді.

ЧИПСЫ МИ ЖҰМЫСЫН ӘЛСІРЕТЕДІ
Естуімше, чипсы, пицца, кептірілген картоп тәрізділерді көп жейтін балалардың миының жұмыс істеу белсенділігі төмендейтін көрінеді…
Нұржігіт НҰРАҚЫН
Жаркент

Ұлыбританиядағы Бристоль университеті ғалымдарының анықтауынша, егер бала үш жасқа дейін құрамында май мен қант мөлшері басым тағамдармен көп қоректенсе, интеллектуалдық даму деңгейі төмендейтін болады. Бұл ретте, тамақтану рационын өзгертуден пайда жоқ. Тез дайын болатын тағамдарға әуестігіміз арқылы біз миды оның жұмысына қажетті глюкозамен қамтамасыз ете алмаймыз. Соның салдарынан интеллектуалдық қабілет нашарлайды. Сондықтан батыс елдерінің көпшілігінде мектеп маңайында чипсы, газды сусын сияқты нәрселердің сатылмауы қатаң түрде қадағаланады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті