1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59-60 (16141-142) 26 шілде, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
26 шілде 2016
Дала толған дәрумен

Жаз мезгілі – адам ағзасын дәрумен­дер­мен байыту үшін таптырмайтын уақыт. Же­містер пісіп, жидектер төгіліп тұрған шақта ағзамызға қажетті заттарды неғұр­лым молырақ алып қалу өзімізге байла­ныс­ты.

Бағалы жапырақтар
Жаңа піскен көкөністер мен салаттар дәрумендерге өте бай. Тағамға ерекше дәм үстеп, мерекелік үстелге көрік беретін салаттың құрамында А дәрумені мен фолий қышқылы, темір мен кальций көп. Түсті мыңжапырақ пен брокколидің жапырақтары да В дәруменінің кені іспетті.
 
Көп сақтау құнарын кемітеді
Жаңа піскен жемістер мен көкөністерден жасалған салаттарды дәл үстелге қояр кезде дайындап, араластырған дұрыс. Өйткені алдын ала жуылып, туралған өнімнің құнары кемиді. Көкөністерді езіп жібермес үшін өткір пышақпен тураған жөн. Ал жапырақ­тарды қолмен-ақ үзген тиімді.
 
Суда ұзақ ұстау тиімсіз
С дәруменіне бай жемістер мен жидек­терді, көкөністі жақсылап жуу керек. Бірақ оларды суда ұзақ ұстауға болмайды. Судың ішінде тұрған көкөніс зиянды қалдықта­рынан, нитраттардан тез арылады деген – қате пікір. Өйткені судағы жемістердің нитраттан тазарғаннан гөрі, дәрумендерін жоғалту әсерi басым болады.  
 
Күнде тұрып қалмасын
Дәрумендер үшін жарықтың зияны көп. Шыны ыдыста тұрған сүттің А және Д дәру­мендері, ал күнде тұрып қалған нанның құна­рын азаяды. Е дәруменіне бай сұйық майлар­дың да «қас жауы» – жарық. Сон­дықтан оларды күннің көзіне қойып қоятын қарапайым дүкендерден сатып алуға болмайды. Үйге әкелген соң бірден шыны құтыға ауыстырып, тоңазытқышта сақтаңыз. Ал сары майды фольгадан жасалған орамада ұстаған дұрыс. Міне, осы шарттарды орындасаңыз, май құрамындағы А дәрумені жақсы сақталады.
 
Тамақ пісірудің де сыры бар
Көкөністерді булап пісірген дұрыс. Алай­да, сулы тағамдарды міндетті түрде қуыру керек. Дегенмен, мұнда да дәрумен­дерді сақтап қалудың өзіндік құпиясы бар. Ас мәзірінің дәмді ғана емес, сонымен бірге пайдалы болуы үшін тамаққа суық судан гөрі қайнаған су қосқан жақсы. Сонда көкөністер аз қайнайды және құнарын да азырақ жоғалтады. Сондай-ақ көкөністерді қайнатқанда судың көп құйылмауын, тек жемістердің бетін ғана жа­уып тұрғанын қадағалаңыз. Көкөністерді қай­натқан суды сорпалар мен соустарға да пайдалануға болады. Өйткені суда қалған мик­роэлементтер келесі тағамның тәттілігін арттыра түседі. Құрамындағы дәрумендері жақсы сақталуы үшін картопты қабығымен пісірген тиімді. Бірақ сапасына күмәндан­саңыз, қабығын аршып пісіргеніңіз абзал.
 
Қандай ыдыс таңдаған дұрыс?
Дәрумендерін жоғалтып алмас үшін көкөніс сақтайтын ыдыстарды дұрыс таңдай білу керек. Бұл орайда, тот баспайтын құрыштан дайындалған ыдыстарға жетері жоқ. Шыны құтылар мен эмальданған ыдыс­тар да пайдалы. Ал тамақты темірден жасалған кастрөлде дайындау өнімдегі С дәруменін азайтып қана қоймай, сонымен қатар С, Е дәрумендерінің қорытылуына кедергі де келтіреді.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті