1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59-60 (16141-142) 26 шілде, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
26 шілде 2016
Жүректің дерті – жүйкеден

Жаз мезгілінде, әсіресе, үл­кен кісі­лердің қан қысымы жиі көтеріледі. Себебі адам қар­тайған сайын тамыры қата­йып, қан айналатын қуыс тарылады. Жүректің қағысы жиілей­ді. Қан­ның ағзадағы мүшелерге бір­келкі таралуы тежеледі. Ар­терияда қан қысымы бірден жоғарыласа, тамыр жарылып, миға қан құйылуы мүмкін. Он­дай жағдайда науқастың қол-аяғы жансызданып, сал болып қалады.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, негізінен, жүйке жұқарғаннан, күйзе­лістен, күтінбеуден пайда болады. Сондай-ақ холестериннің де жүрек ауруларына әсері көп. Ата-бабала­рымыз баяғыда холестерині көп, майлы тағамдар жегенімен, қымыз бен шұбат ішкен. Үнемі ат үстінде жүрген. Үздіксіз қозғалыс пен тынымсыз ең­бектің арқасында жүрек ауруына шалдыға қоймаған. Дене қозға­лысының жоққа тән екеніне қара­мастан, майлы, тұзды тағамдарға әуес адамдар қазір де көп. Мәселен, кәуап, фастфуд, шұжық, кока-кола, хот-дог, донер, тауық етінде холестерин мөлшері өте жоғары. Сол сияқты, темекі тарту, ішімдік ішу, жұмыстан бас көтермеу мен уақтылы ұйықтамау да жүрек ауруына әкеліп соғады.

Жүрек ақауының туабітті және жүре пайда болатын түрлері бар. Туабіткен ақау бала құрсақта жат­қанда жүректің қалыпты жетілмеуінен, ал жүре пайда болатын сырқат созылмалы аурулардың асқынуынан туындайды.
Жүрек-қан тамыр ауруларының асқынған әрі ең қауіптісі – миокард талмасы. Қан қысымының қалыпты деңгейден ауытқуы, қант диабеті, күйзеліс, семіздік, көп шылым шегу, маскүнемдік инфаркт талмасына әкеліп соғады. Сондықтан денсау­лыққа жас кезден бастап жіті мән беру керек. Ол үшін дұрыс тамақтанып, дене еңбегімен көбірек айналысу, күн тәртібін сақтап, уақтылы демала білу қажет. Демалу, күйзелістен арылу деген кешкісін мейрамханаға барып, көк түтіннің арасында ішімдік ішіп отыру емес. Аптасына 3 рет 40 минуттан далада жүріп, тынықса, соның өзі жетіп жатыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті