1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (16127) 7 маусым, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
7 маусым 2016
Мазаламаса, тимеңiз

Ангинаны алдырып тастауға болады деп естiдiм, бұл қаншалықты дұрыс?

Алтынай НҰРҒАЛИ,
Талдықорған.
Мамандардың пiкiрiнше, тамақ безi адам ағзасының иммунитетiн көтеруде маңызды роль атқарады. Сондықтан тамақ жиi ауырмаса, оны операциялық жолмен емдетудiң қажетi шамалы. Егер тамақ бездерi жылына 5-6 рет ауырып, сондай-ақ ауырған сайын жазылуы қиынға түссе, яғни созылмалы тонзиллит түрiне ауысып кетсе, жүрекке, бүйрекке шабу қаупi болса, асықпай шешiм қабылдап, оны операциялық жолмен алғызып тастаған жөн.
 
Себебi оның сан алуан
Құлағым дүңгiрлеп, есту қабiлетi нашарлай бастаған сияқты. Бұған не себеп болуы мүмкiн?
Әдiлет МЫРЗАБЕК,
Тараз.
Құлақ естуiнiң нашарлауы құлақ қуысының инфекциясына немесе бала кездегi қызылша, тұмау, қызамық, сондай-ақ, мұрын, жұтқыншақ ауруларының, өзге де жұқпалы аурулардың асқынуы, қатты шуыл, кәрiлiк, құлақтың кенеттен естiмей қалуы сияқты көптеген факторлармен байланысты болады. Есту қабiлетiңiз төмендеген болса, дер кезiнде дәрiгерге қаралғаныңыз жөн.
 
Тамаққа да – талғаммен...
Күнi бойы маужырап, ұйқылы-ояу жүретiн кезiңiз бола ма? Мұның сырын кешкi тамаққа не жегенiңiзден iздесеңiз, қателеспейсiз. 
Мысалы, ұйықтар алдында кофе iшу денсаулыққа зиян. Тәттi тағамдар да қандағы қант мөлшерiнiң көтерiлуiне әкеп соғады. Мамандардың зерттеуiне сүйенсек, кейбiр көкөнiстердi түскi астан соң жеудiң қажетi жоқ. Мысалы, брокколи және гүлдi қырыққабат дәруменге бай болғанымен, тағамдық талшықтарға да толы. Олар ұзақ қорытылып не толық қорытылмай, газ түзiледi. Сондықтан оларды ұйықтар алдында кешкi аста жесеңiз, ағзаңыз бұл пайдалы тағам түрiн сiңiруге ұзақ уақыт кетiрiп, ұйқыңыз бұзылып, беймаза күй кешесiз. Шұжық, котлет, стейк сияқты ақуызы жоғары ет тағамдарының да әсерi осындай болады. Томат тұздығын да кешкi асқа қолданудың қажетi жоқ. Ол томат тұздығы қосылған пицца немесе макарон бола ма, маңызды емес. Томаттың қышқылдығы жоғары болғандықтан, таңертең асқазаныңыз қыжылдап немесе түсiлiп ауыруы мүмкiн. Таңертең жеңi оянып, өзiңiздi жақсы сезiнгiңiз келсе, қызанақ қосылған тағамды ұйықтардан кем дегенде үш сағат бұрын жегенiңiз дұрыс. Iрiмшiк секiлдi, шұжықтың да құрамында тирамин және амин қышқылы көп болғандықтан, асқазанды қыздырады. Сол себептi, таңертең ұйқыдан тұру қиынға соғады.
Бiр плитка шоколад бiр стақан кофемен тең. Ұйықтар алдында шоколад жеу ұйқыны қашырады. Сондықтан шоколадты таңертең не күндiз жеген жөн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті