1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (16127) 7 маусым, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
7 маусым 2016
Жанұялық өмiрдiң 11 қағидасы

Көнекөз қариялардың тұр­мыстық танымдары шынайы өмiрмен керемет қабысатыны сонша, кәдеге жарар кеңестi көп жағдайда солардан тауып жатамыз. Ендi ұрыс-керiстi болдырмай, отбасын сақтау үшiн ата-әжелерiмiз ұстанған басты ережелерге назар аударып көрейiк. Мүмкiн, соның арқасында олар 40-50-60 жыл бойы тiзе қосып, тiршiлiк еткен болар?

1. Отбасылық жарасым “бiз” деген есiмдiктен басталады
Бұл, әрине, оңай емес. Өйт­кенi ерлi-зайыптылардың әр­қайсысының осы уақытқа дейiнгi саналы өмiрi тек қана “Мен” деген түсiнiктен тұрды ғой. Бiрақ ендi екеуi де өзiндiк “менiн” тұншықтырып, бәрiн “бiз” деген ұстаным тұрғысынан жасауы тиiс. Бұл отбасылық өмiрдi бақытқа, өзара түсiнiс­тiк пен қуанышқа толтырады.
2. Жақсы нәрсенi жиi қайталауға тырыс
Жұбайың, отбасың үшiн жақсы бiрдеңе жасауға тырыс. Әсiресе әйел заты ер адамдардың кез келген ықыласына риясыз қуанады. Гауһар жүзiк сыйлай ма, бұзылған үтiктi жөндеп бере ме әлде ойламаған жерден бiр жылы сөз айта ма, бәрiбiр. Сондай сирек сәттер үшiн әйел заты бәрiн кешiруге дайын.
3. Ашуыңды ауыздықтай бiл
Ашуыңды төге салуға асықпа. Ойлан, жағдайды таразыла, екiншi жартыңды түсiнуге және кешiруге тырыс.
4. Кез келген қайшылықты жағдайда кiнәнi өзiң­нен iзде
Шын мәнiсiнде, белгiлi бiр қайшылықты жағдайға ерлi-зайыптылардың екеуi де кiнәлi. Жанжалды бiреуi бастаған күнде де соған екiншiсi себепкер болған. “Жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайтынын” қашанда ұмытпаған жөн.
5. Кешiрiммен, келiсiм­мен өмiр сүр
Келiсiмге келуге тырысқан әрбiр қа­дамың қуанышқа жол ашады, ал жұбайыңмен араң алшақтаған сайын өкiнiшiң көбейген үстiне көбейе тү­седi. Дегенмен жас отбасылардың көпшiлiгiнде бәрi керiсiнше – ренжiсiп қалса, бiттi, ешқайсысы бiр-бi­рiнен жеңiлгiсi келмейдi, “қашан анау бiрiншi қадам жасар екен” деп жү­ре бередi. Кей­де ең жаманы – “сен менiң жанымды ауырт­тың, мен сенiкiн одан бетер ауыр­тамын” деп ұстасады. Мұның бә­рi отбасындағы үлкен алауыздық­қа алып ке­ледi.
6. Жақсы сөз – жарым ырыс, ал жақсы iс – тұтас қазына
Жылы сөзге тек әйелдер ғана емес, еркектер де мұқ­таж. Үйге бiр тал шеге қақса да, дүкеннен нан, сүт әкелсе де, жолдасыңның жақсы iсiн қалт жiбермей, мақтап-мадақтап қойсаң, бiр ауыз жылы сөзiң үшiн ол саған аспандағы айды әперуге бар. Қалай ештеңенi ерен санамайсың, солай – оған да бәрiбiр…
7. Тыңдап қана қоймай, өз сөзiңдi де тыңдата бiл
Әдетте өзiмiздi өзгенiң орнына қойып көруге тырысып жатамыз, бiрақ кейбiр жағдайларда өз пiкiрiмiздi қорғай бiлгеннiң де айыбы жоқ.
8. Өзi ал­­­дайтын адам өз­геге сен­бейдi
Отба­сы­лық қа­рым-қатынас өзара сенiм­ге не­гiз­­де­ле­дi. Талай ке­­­леңсiз жайт­тардан құт­қа­рып қалатын да – сол се­нiм. Сондықтан өтiрiк айтуға мәж­бүрлейтiн қадамдарға бармаған абзал.
9. Жұбайыңмен достассаң, оның достары сенiң де достарыңа айналады
Әдетте ер адамдар ара-тұра бас қосып, емен-жарқын әңгiмелескендi қалайды. Бұл арада оның жолдастарының саған ұнау-ұнамауы маңызды емес. Ең бастысы, олар – оның достары. Сен оларды сыйласаң, жұбайың да сенiң құрбы-құрдастарыңа құрметпен қа­райтын болады.
10. Ата-енеңдi “өз жақындарым” деп сыйла
Адамның адамға үйренiсуi, iш тартуы қай кезде де оңай емес. Әйтсе де ата-енеңе “сүй­ген адамымды өмiрге әкелген, тәрбиелеген адамдар, бұлар маған да жат емес” деген түсiнiкпен қара. “Баласы жақсы, өзi жаман” деген көзқарастан аулақ бол.
11. Бiр-бiрлерiңдi өзгертуге тырыспаңдар
Ересек адамды өзгерту мүмкiн емес. Оның мiнезi де, өмiрге көзқарасы да әлдеқашан қалыптасып қойған. Сондықтан екiншi жартыңды өз қалауыңдағыдай етiп шығару мүмкiн емес. Саған оның бiр нәрсесi ұнамай ма? Ендеше онысына мән бермей, басқа бiр жақсы жақтарын табуға, көруге тырыс. Әрине, “Оның үш сағаттап ваннаға шомылып, жарты сағат әжетханада отыратынына, бiр жаққа шығатын болса, бiр сағат жиналатынына қалай мән бермеуге болады?” дейтiн боларсың. Алайда қаза берсең, ондай кемшiлiк өз бойыңнан да табылады және аз емес. Мұның бәрi – әркiмнiң тәрбиесiне, дағдысына байланысты қалыптасатын нәрсе.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті