1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16112) 12 сәуір, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
12 сәуір 2016
Қымыз бетті әрлендіреді

Қазақтың ұлттық сусыны– қымыздың денсаулыққа пайдасын айтпағанда, тері күтіміне де жағымды әсері көп. Сол себепті, бүгінде ол косметика саласында кеңінен қолданыла бастады. Адам ағзасын, терісін жасартатындықтан, қымыздан шашқа арнайы маскалар жасалады. Ал Германияда қымыздан түрлі әтірлер мен сабындар жасау өндірісі дамып келе жатыр.

Бет терісін ағартып, әжімдерді азайтатын масканы әркім үй жағдайында оп-оңай жасай алады. Оның негізінде қымыз болады. Масканы жасау үшін 200 мл қымыз, желкеннің үш-төрт сабағы және жарты қияр қажет. Жасыл желкен мен қиярды блендерден өткізіп, қымызбен араластырамыз.
Мұндағы жасыл желкен бетті әрлендіріп, клеткалардың балғын қалпын сақтайды. Ал қияр бетті ылғалдандырады. Қымыздың құрамында жиырма сегіз микроэлемент бар. Бұл сусын әсіресе В, С дәрумендеріне бай. Ал аталмыш дәрумендер бет терісінің жасушаларын байытып, қартаюдың алдын алады.
Маска таңертең және кешке жасалады. 20 минут ұстап, артынан жылы сумен жуу керек. Үш күн сайын жасаған жағдайда масканың нәтижесі де айтарлықтай болады.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті