1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16112) 12 сәуір, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
12 сәуір 2016
«Бұйрық жоқ» деп бұлаңдап жүре бере ме?

Демограф ғалым Мұқаш Тәтімнің соңғы деректеріне жүгінсек, бүгінгі таңда Қа­зақ­станда 270 мыңнан астам кәрі қыздар бар екен. Оның 200 мыңға жуығы – өзіміздің қара­көздеріміз. Тұрмыс құр­ма­ған қыздар саны күн санап өсе түсуде. Адамның ғана емес, бұл қоғамның да қасіре­ті шығар. «Оқуымды бітіріп алайын. Содан соң елге барып, екі-үш жыл жұмыс іс­тейін, ата-анама еңбегімнің жемісін жегізейін» деп уақы­тын өт­кі­зіп алатын қыздар да жоқ емес арамызда. Иә, бұл бір жағынан дұрыс та шығар. Бірақ уақыт зуылдап өтіп кеткен соң тұрмысқа шығу қиын­дай түсетінін олар ескере бер­­мейді. Адам – қоғам бай­лығы. Ал енді сол адамды дүниеге әкелетін жас­тардың әртүрлі себептермен отау құруға асықпай, арқаны кеңге салып, кәрі қыз, сүр­бойдақ жігіт атанып жүргені, біле-біл­сек, үлкен трагедия. Бұл – жал­пы ұлтымыздың трагедиясы.

«Жол мұраты –жету, қыз мұраты – кету» деп данышпан бабаларымыз өте орынды айтқан. Ал аруларымыз­дың көңілінен шыға­тын жігіт қандай болуы керек? Осы сауал төңіре­гінде қыздар не ойлайды? Сонымен...
 
 
Әсем, балалар дәрігері:
– Мен биыл 35-ке келдім. Жоғары білімді
балалар дәрігерімін. Университетте оқып
жүргенде сүйген жігітім болды, үйленуге қолқа да
салды. Мен «оқуымызды бітірейік» деп тоқтау айттым. Бірақ ол менің ұсынысымды қош көрмей, орыс қызына үйленіп кетті.
Қазір шетелдіктерге күйеуге шығып жатқан қазақ қыздары да аз емес. Өзгені қайдам, өз басым діні, тілі басқа елдің еркектеріне тұрмысқа шығып жатқан қаракөздеріміздің бұл тірлігін құптай алмаймын.
Бұл біздің демографиялық өсімімізге кері
әсерін тигізеді. Яғни, қазақ халқы көбеюдің
орнына азаяды.
 
Ләззат, ЖШС есепшісі:
– Жасым 30-да. Жоғары білімім, екі бөлмелі үйім, дүние-мүлкім, бәрі бар. Бірақ әлі тұрмысқа шыққан жоқпын. Әдемі болғандықтан кезінде жігіттердің бәрі маған қарайтын. Ал мен ешкімді менсінбей жүре беруші едім. Жігіттер ақырында «мінезі нашар» деп қарамай кетті. Қазіргі араласатын ортам – өзім секілді кәрі қыздар. Сырласамыз, бір-бірімізге мұңымызды шағамыз. Ән айтып, музыка тыңдаймыз. Қымбат уақытымды өткізіп алғаныма іштей өкінемін. Өзім қатарлы құрбыларымның ұйыған отбасы, балалары бар. Кейде өмірден қу бас өтем бе деп те қорқамын. Өзімнің жанымды түсінетін, жайдары мінезді, арақ пен темекіден бойын аулақ ұстайтын жігіт кездессе деп армандаймын. Әй, бірақ қайдам!..
 
Айман,
ҚазҰУ-дың магистранты:
– «Қашанғы оқудың соңында жүре бересің» дейді жеңгелерім. «40-қа келгенше» деп әзілдей жауап беремін мен де. Түсінем, олар да жұрт қатарлы қыз ұзатып, жекжат-жұратты болғысы келеді. Ауылда мектепті жаңа бітіре салып, күйеуге шығып жатқандар көп. Соларды көреді, құдалықтарында болады, тойлайды, сосын өздері «сыйға-сый, сыраға-бал» жасай алмаған сайын төменшіктей түседі. Қуанышты бір тойды олар қанша сарыла күтсе, мен де соншама қалаймын: ата-ана, туған-туыстың жүзінің жарқын болуын, жұрт көзіне тура қарай алғанын... Бірақ тағдыр деген әміршінің тегеуріні біздің қалауымыздан әлдеқайда қуаттырақ болып тұр. Қанша асыққанымызбен, бұйрық жоқ. 
 
Қайткенде осы бір әлеуметтік кеселдің алдын алуға болады? Әлде қазақтың құда түсу салтын жандандырғанымыз жөн бе?
Ғылыми деректерге жүгінер болсақ, отбасылы адамның ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі зор. Адам отбасынан күш алады. Шаршағанын отбасында ұмытады. Жақын адамдарының ортасында ғана өзін бақытты сезіне алады. Бір ғұлама «Бақыт дегенді қалай түсінесің?» деген сауалға: «Таңертең жұмысқа барғың келсе немесе кешке үйге қайтқың келіп тұрса, бақыт деген сол. Таңертең жұмысқа барғың келетіні – мамандығыңды сүйетінің, кешке үйге қайтқың келетіні – отбасында сүйттей ұйыған береке-бірліктің болғаны» деп жауап берген екен...
Болат Шайманұлы,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті