1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16112) 12 сәуір, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
12 сәуір 2016
Есімдер құпиясын ескерейік

Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

Ойлап көріңізші, Даяна, Диана, Диас, Аруна, Аслан, Рифхат, Равиль деген есімдерде не мағына бар? Мамандар адамның есімі болашағына, тағдырына әсер ететінін растайды. Мысалы, Батыр, Азамат, Алпамыс, Қайрат, Қайсар сияқты қатқыл есімді балалар өмірде батыл, дербес болып өседі. Мінезі де өжет болып қалыптасады. Ал Байсал, Сабыр, Мейірім есімді балалар байсалды, сабырлы болып келеді деген пікір қалыптасқан.
Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйен­сек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кі­лең жуан дыбыстардан тұра­тын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Жел­тоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаң­тар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсық­ты­ғының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
Көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсер­шіл. Олардың көбісі тумысынан ¬дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз мінезі олардың көш­бас­шы болуына кедергі. Сон­дықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
Жазда туған балаларға, негізінен, белсенділік пен тә­каппарлық, батылдық тән. Күзде туған балалар өте әм­бебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойла­нып-толғанады. Бірақ мінез­дері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың таби­ға­тына ештеңе әсер етпейді.
Жалпы, балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескермеуге болмайды. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қа­жырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаны­ңыз абзал.

Ең бастысы, өз балаңыз­дың қандай болғанын қалай­сыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою ¬– өте жауапты іс. Сондай-ақ әрбір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйле­сімді өмір сүруіне ықпал ете алады

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті