1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16095) 16 ақпан, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
16 ақпан 2016
Әйелдің опасыздығын кешіруге болмайды

Көптеген елдерде еркектің өз әйелінен бөлек әйелмен жүріс жасауын қаперге алмау, тіптен кешіру мәдениеті қалыптасқан. Бірақ ері бар әйелдің бас еркекпен ойнас болуы ешқашан кешірілмеген, кешірілмейді және қатаң жазаланады. Тіпті кейбір халықтарда еркегіне жеңіл жүріске түскен әйелін өлтіруге де рұқсат етілген. Ал нәпсіқұмар әйелін қаражатсыз, үй-күйсіз, баласыз, қарақан басын қаңғыртып, көшеге қуып шықса, «жексұрынға өте жеңіл жаза қолданды» деп қоғам еркекті айыптаған да.

Біздің қоғам да еркектің өзге әйелмен көңіл көтерге­ніне сүлесоқ қарайды. Ал әйелдің сатқындығына көз жұмбайды. Әйелінің көзіне «шөп салуы» еркек үшін – адам төзгісіз кемсітушілік, үлкен опасыздық. Жалпы, еркектер мен әйелдер сатқындықты әртүрлі қабылдайды. Мысалы, әйел үшін күйеуінің басқа әйелмен көңіл жақындығы ара шаққанмен бірдей десе де болады.
Соңғы жылдардағы статистикаға қарасақ, ажырасу­лардың көбі әйелдердің моральға қарсы іс-әрекеті негізінде орын алыпты. Бұған не шара бар? Отбасы, бала-шаға бақыты дүниедегі бар құндылықтардың басы һәм жалғасы емес пе?
Әйел заты өз шаңырағында судай сіңіп, тастай батып толыққанды өмір сүруі, бақыттың кілтін мәңгі-бақи ұстап қалуы, өз еркегін, соның кіндігінен өрбіген ұрпақты салауатты, салмақты, салиқалы, шыдамды етіп өсіруі үшін бөтен еркектің беліне жармаспауы тиіс. Бұл үйле­сімділік үзілсе, әйелдің мына өмірде адасуы басталады.
Ө.Пістебек,
Жетісай қаласы,
Оңтүстік Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті