1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16063) 27 қазан, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
27 қазан 2015
Сәлем салу – ширк емес

Сәлем салу – ертеден келе жатқан дәс­түрiмiз. Алайда келiндердiң сәлем салуы дұрыс емес дегендi естiп қалдым. Дiнiмiзде сәлем салу дұрыс емес пе сонда?

Жауап:
Иiлiп сәлемдесуге ешбiр көрнектi ислам ғалымы “ширк” деп үкiм шығармаған. Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Иiлiп сәлем бермеңдер, олай iстеу «Алла тағалаға серiк қосуға жатады, яки тозақта азапталасыңдар» деген тәрiздi еш­бiр хадисi жоқ.
...Мысыр елiнiң бұрынғы мүфтиi Атия Сақрдың “Сахнада өнер адамы тыңдаушылардың қошеметiне алғыс ре­тiнде иiлуiне бола ма?” деген сұраққа 1997 жылғы мамыр айында берген пәтуасынан үзiндi келтiре кетейiк: “…Кейде үкiмдер ниетке қарай бағаланады. Сондықтан халыққа деген алғысын бiл­дiрiп, кiшi­пейiлдiлiк ниетiмен иiлiп сәлем берудiң еш оқасы жоқ. Бiрақ қатты иiлмеген де жөн…”.
...Сөз түйiнi, құрмет ниетi­мен сәлем салу исламда харам, яки Алла тағалаға серiк қосуға жатпайды. Бұл – қазақтың әдет-ғұрпы. Дiни мiндет те емес. Қазақ келiндерiнiң ешбiрi табыну мақсатында сәлем салмайтыны баршаға мәлiм. Ендеше, ғасырлардан берi ислам дiнiн жетiк бiлген ғұламалардың көз алдында жалғасын тауып келе жатқан бұл әдеттi ширкке балап, елдiң шырқын бұзу – әсте дұрыс емес.
Қ.Жолдыбайұлының 
“Беташар – ширк емес” мақаласынан үзiндi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті