1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16063) 27 қазан, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
27 қазан 2015
Сiз бiлесiз бе?

ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН ӘДЕТТЕР

Ағылшын ғалымдары қатыгездiк пен қорқақтық секiлдi рухани дерттердiң де тұқым қуалайтынын анықтады. Клиникалық орталық қызметкерлерi жеке адамның бойындағы үрей мен оның ашушаң мiнезi тегiне байланысты деген тұжырым жасады деп жазады “Сегодня” басылымы.
Букингем университетiнiң зерттеушiлерi адам бойындағы қорқыныш пен мейiрiмсiздiк тұқым қуалайтын қасиет екенiне әбден көз жеткiздi. Психологтар осындай ер адамдар мен әйелдер өз тәртiбiн қадағалап, мiнезiмен жұмыс iстеуi тиiс деп есептейдi. Себебi, бозбала, бойжеткен кезiнде ағза мазасыз сезiмдерге жиi ұрынса, белсендi ДНК генiне ие болуды адам тәрбие арқылы ғана бойына сiңiрмек.
Дәрiгерлер бұл жаңалықтың адамның психикалық ауруын зерттеу жолында жасалған тағы бiр нақты қадамы деп отыр.
 
БАСШЫҢЫЗДЫҢ МIНЕЗI ҚАНДАЙ?
АҚШ ғалымдары басшылар өз қол астында қызмет ететiн адамдарға жұмсағырақ қатынас­қаны жөн деген қорытындыға келдi. Олай iстемеген жағдайда қызметкерлерде iшкi қарсылық туындап, соның салдарынан жиi ауыратын болады-мыс. Зерттеу барысында басшының мiнезi қызметкердiң денсаулығына әсер ететiнiн көрсеткен.
      Зерттеуге 220-дан астам адам қатысқан. Ғалымдар олардың оған дейiн қанша рет және қандай аурулармен ауырғанын, басшыларымен қандай қарым-қатынаста болғанын зерттеген. Нәтижесiнде басшысы қатал қызметкерлердiң жиi ауырғаны белгiлi болған деп жазады argumenti.ru. 
 
ҚАНДАЙ ӘЙЕЛГЕ ҮЙЛЕНУ КЕРЕГI АНЫҚТАЛДЫ
Зерттеушiлер отбасында қыздардың туу кезегi мен болашақ ұрпақтың денсаулығы арасындағы байланысты анықтады.Сарапшылар үлкен әпкелерi бар қыздарға үйленуге кеңес бередi.
Швейцариялық және жаңазеландиялық ғалымдар тобы зерттеу жүргiзiп, әпкелерi бар қыздарда денi сау ұрпақты дүниеге әкелу мүмкiндiгi көбiрек және олар артық салмақ жинаудан алшақтау болатынын анықтады.  Зерттеу нәтижелерiн Journal of Epidemiology and Community Health баспасөзiнде жариялады.
     Швецияда 1991 және 2009 жылдар аралығында туған 13 мың апалы-сiңлiлi жұп қатысқан зерттеуде олардың дүниеге келу кезеңi мен олардың болашақтағы дене салмағының индексi арасындағы байланыс анықталды.
    Ғалымдардың айтуынша, әйел адам алғаш рет жүктi болғанда оның қан тамырлары жiңiшке және кiшiрек болады.  Осылайша, алғашқы сәби екiншi балаға қарағанда қажеттi заттарды азырақ бойына сiңiредi, деп жазды  korrespondent.net.
ҚазАқпарат”.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті