1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16063) 27 қазан, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
27 қазан 2015
Ата-анамыздың атына тек алғыс алайық

Бала күнiмiзде әкемiзден гөрi анамыздың ықпалы мықты болғаны рас. Әлi есiмде, шешем “олай етпе, бұлай етуге болмайды” деген сынды сөздер айта бастаса, “неге?” деп сұраудан жалықпайтынмын. Сондайда анамның тапқырлығы ма, басқалай ма, әйтеуiр ол кiсi “солай етпейтiндей” етiп, санамды иландырып қоятын.

Ол кезде суды көшенiң басындағы құдықтан таситынбыз. Сонда үнемi байқайтыным, шешем жолдың жиегiмен жүретiн де, үйге таяғанда келесi бетке өту үшiн оң-сол жағына қарап, содан кейiн ғана өтетiн. Екi жаққа кезек қарайтыны, көлiктен сақтанғаннан емес, әлдекiм келе жатқан жоқ па деген оймен қарайтын. “Егер бiреу келе жатса да көшенi қиып өте берсек, не болады?” деп сұрасам, “болмайды” деп қысқа қайыратын. Бәлкiм, ол кезде әлi түсiнбейдi дедi ме, осылай деген. Мен ес бiлгелi шешем ешуақытта ер азаматтың алдынан кесiп өт­пейтiн. Мейлi, ол тiптi кiшкентай бала болса да, анам еркек атау­лыны алдына жiберiп, өзi соңынан iлесетiн. Бiрде алыс қаладан жамағайын туысымыз қонаққа келдi. Орысша тәрбие көрген сол кiсiмен есiктiң босағасында кенеттен бетпе-бет келiп қал­дық. Шетке ысырылып, маған жол берген көкенiң сыпайылығына риза болсам да, не өтiп ке­терiмдi, не ол кiсiнi өткiзiп жiберудi бiлмей бөгелiп тұрып қалдым. “Өте ғой, айналайын, бiз еуропаша қызбалаларды сыйлап өскенбiз” деген соң, лып етiп өте шыққанмын. Алайда менiң бұл әрекетiмдi сонадайдан бақылап тұрған шешем оңашада: “Қызым, сен дұрыс iстемедiң. Ер азаматқа әр кез жол беруге тиiссiң”, – деп ренiш бiлдiрдi. “Апа, ол кiсi өзi ғой, еуропаша тәрбиеленгем, қызға жол берем деп тұрып алған” деп мен қоймаймын. Сонда анам: “Ол кiсiнiң қандай тәрбие алғанында шар­уам жоқ, бiрақ сен азаматын ардақтаған қазақтың қызысың! Сондықтан ешқашан еркектiң жолын кеспе, керiсiнше қандай жағдай болса да, жол бер”, – дедi. “Неге қыздар еркектiң жолын кеспеуi керек? Егер жол бермесе, не болады?” деген сұрағыма шешем: “Егер азаматтың жолын кессең, оның емес, сенiң жолың болмайды, осыны есiңде сақта!” – деп едi. Осы бiр ауыз сөздiң санамда жатталып қалғаны сондай, күнi бүгiнге дейiн ер-азаматтың алдын кесiп, жол бермесем, өзiме жаман болады деген түсiнiк қалыптасқан. Үлкен қалада тұратын болған соң, кейде үп-үлкен кiсiлер қыз деп сыйлап жол берiп жатады. Әйтсе де, анамның әлгi ескертуi қандай жағдай болса да, азаматтың жолын кесуге бiр қадам алға аттатпайды.
Әкем жұмысбасты кiсi болғанымен, қолы қалт ете қалса, үнемi шежiре, тарихтан сыр шертiп, қандай кiтаптар оқу керегiн айтудан жалықпайтын кiсi. Ал ол кiсiнiң “тек қана атаңа рақмет деген сөздi естуге лайық бол” деген сөзi санамда жатталып қалған. «Атаңа нәлет» деген өте үлкен қарғыс, балам. Ешқашан мұндай сөз естiмеуге тиiссiң. Өйткенi “атаңа” дегенде бүкiл дүниеден өткен ата-бабаларыңның аруағы бас көтередi де, “нәлет” дегенде сол көтерiл­ген бастарды күрекпен салып қалғандай күй кешедi екен» дейтiн.
Әке-шешемнiң осынау сөз­дерi бiрiмен-бiрi ұштасып жат­қандай. Таяуда Орталық Қазақстан жаққа жұмыспен барып, бiр аптадай аймақты аралап қайттық. Сол кезде әдетiм бойынша сонадайдан келе жатқан үлкен кiсiнiң жолын кеспей, күтiп тұрғаным үшiн алғыс алдым. Былайша, түкке тұрғысыз дүниедей кө­рiнер. Алайда өзiне құрмет көрсеткен маған үлкен қариялармен қатар орта жастағы ағалар да ризашылығын бiлдiрiп, разы болысты. Сол сапарымда бiр емес, бiрнеше ақсақал “атаңа рақмет! Мiне, тектiлiк. Өркенiң өссiн!” десiп, бата бергенде төбем көкке жеткендей марқа­йып қалдым. Күнделiктi өмiрде аса мән бермейтiн жайттар ғой. Десек те, қазақ қызына тән тектiлiгiмiздi сақтай бiлсек, ал­ғыс аларымыз сөзсiз. Ал әрбiр риза болған кiсiнiң батасы ең алдымен әке-шешемiзге айтылған рақмет емес пе? Олай болса, ата-анамызға сырттай болса да алғыс алсақ, ол да бiздiң балалық мiндетiмiздiң бiрi емес пе, сiз қалай ойлайсыз?
М.Тұрлыбекова,
Оңтүстiк Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті