1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16049) 8 қыркүйек, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 қыркүйек 2015
Жiгiттерге қыздардың қандай киiмi ұнамайды?

“Адам көркi – шүберек” демекшi, қыз балаға киген киiмi ерекше сән берiп, бойындағы сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Осы тұста “қыздар кiм үшiн киiнедi?” деген орынды сұрақ туады. Бiрi «өзiм үшiн» десе, екiншiлерi «жiгiттер үшiн» дейдi. Үшiншiлерi өзге қыздардан ерекшелену үшiн әдемi киiнетiнiн айтады. Жауаптың қайсысы дұрыс екенiн әркiм өзi шеше жатар. Кiм үшiн киiнсек те, ер-азаматтардың назар аударатыны анық. Осыны ескерiп, кезектi материалымызда қыздардың жiгiттер ұнатпайтын киiмдерi туралы жазуды жөн көрдiк.

«СНИКЕРС» АЯҚКИIМДЕРI
Франциялық дизайнер Изабель Марант осыдан бiрнеше жыл бұрын “Сникерс” аяқкиiмдердi таныстырған болатын. Ол бастапқыда бұл аяқкиiм­дер ерекше танымалдылыққа ие болады деп күткен жоқ. Өкiнiшке қарай, жiгiттер бұл ыңғайлы аяқкиiм­дердi мүлдем ұнатпайды. Оны киген кезде қыздардың аяғы жануардың тұяғына ұқсайтындығын айтады.
 
УГГИ
Жiгiттер угги киген қызды жолықтырған кезде қыста аяңдап басып келе жатқан аюды көргендей болады екен. Әдетте уггидi сұлуынан жылуын артық көретiн қыздар таңдайды. Десе де, оны күн суық кезде қалың жемпiрмен киюге болады.
 
ДЖИНСЫ КОМБИНЕЗОН
Биыл сәнде болған комбинезон киген қыз жiгiттердiң көзiне құрылысшылар мен кiшкене балалар секiлдi елестейдi екен.
 
КЛАССИКАЛЫҚ ШАЛБАР
Жiгiттер костюм киiп жүретiн қыздарды iскер қыздар деп ойлайды. Бiрақ костюм мен шалбарды қатар киетiн қыздарды мүлдем ұнатпайды. Оларды басынан сөз асырмайтын, тәкаппар, жанжалдасуды жақсы көретiн жандар деп бiледi. Сондықтан классикалық шалбарды жемпiрмен немесе кеудешемен киiңiз.
 
“ГЛАДИАТОР”
Жайпақ өкшемен айқыш-ұйқыш шырмалған жiп жiгiттердiң есiне тарих сабағын түсiредi. Гладиатор аяқкиiмдер бүкiрейiп жүруге мәжбүрлейдi. Денсаулыққа зиян екенiн ескерiп, одан бас тартқаныңыз жөн.
 
Десек те, “талғамға талас жоқ” демекшi, таңдау еркi әр­дайым өзiңiзде екенiн ұмытпаңыз.
“massaget.kz”.
Беттi дайындаған – Меруерт ХУСАИНОВА
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті