1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16049) 8 қыркүйек, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 қыркүйек 2015
Балаңыздың тiл тазалығын қадағалаңыз

Былапыт сөз адам тiлiмен қатар пайда бол­ған жоқ. Жүре туындаған. Қазiргi кезде екi сөзiнiң басына жағымсыз сөздi қосып сөйлемейтiн­дердiң қатары кемде-кем. Iшкi эмоциясын сыртқа шығарудың бiр формасы ретiнде қабылдайды. Психологтар оны сыртқы қауiптен өзiн қорғаудың әлсiз амалы ретiнде қарастырады. Ал балалар тiлiндегi “артық” сөздер басқа мәселе. Соған тоқталайық.

2-5 жас аралығындағы бала былапыт сөз қолданса, оған қоршаған ортасы кiнәлi. Ата-анасының, балабақшадағы, ауладағы достарының аузынан естi­генiн жадына түйiп алады. Өз ау­зынан шығып жатқан сөздiң мағынасын түсiн­беуi де мүм­кiн. Бiрақ үл­кен­дерге қарап елiктеу – бала бiт­­кеннiң табиғатына тән болғандықтан, әрбiр қи­мылды, сөздi қалт жiбермей отырады.
5-7 жас арасында жаман мен жақсыны бiрша­ма айыра алатындықтан, боғауыз сөздi өзгелерге қырсыға, қасақана айтуы мүмкiн. Осылайша, iшкi эмоциясын сыртқа шығарады. Бұл жаста балалардың арасында көпшiлiктiң ортасында (қо­нақта, саябақта) ұялтатын кезi жиi кездеседi. Үйде сiз­дiң ашуланып, жазалайтындығыңызды, ал көпшi­лiктiң ортасында еш әрекет жасай алмайтындығыңызды бiлгендiктен, iшiндегi жақындарына деген өкпе-ренiшiн өзгелердiң ортасында шығарады.
7-9 жастағы балалар өз сөзiне өзi жауап бере алады. Қай ортада, қай адамдарға қалай сөйлеу керектi­гiн түсiне бастайды. Былапыт сөздi осы жас аралығында айтса, оған тiкелей ата-ана кiнә­лi. Бұл отбасының лексиконында әрдайым қолданылады дегендi бiлдi­редi. Я болмаса, дер кезiн­де тоқтам салынбаған.
9-12 жас. Өз ортасынан ерекшеленудi, даралануды, көшбастаушы болуды көз­дейдi. Жоғары сынып оқу­шыларына елiк­теп, олардың жаргон сөз­дерiн қабылдайды. Былапыт сөз айту – ер жiгiтке (кейде қыз балаларының аузынан да осындай сөз­дердi естiп жатамыз) тән деп есептейдi. Ересектiк өмiрге қадам басу ре­тiнде қабылдайтындары да жоқ емес. Бейпiл сөздi көп айту арқылы құрбыларының бе­де­­лiне ие болуды көздейдi.
12 жастан жоғарылардың бойында “менмендiк” болады. Өзiн ересек адам ре­тiнде қабылдайтындықтан, барлық iс-әрекет­тердi дұ­рыс деп қабылдайды. Дер кезiнде ересектер тарапынан тоқтам болмағандықтан, қисық жолмен кетедi. Ауыз­екi сөйлеу тiлiне енiп, дағдыланып кеткенi соншалық, тiл қорынан былапыт сөз­дердi алып тастау оңайға түсе бермейдi.
 
Не iстеу қажет?
Адам өз бойындағы эмоциясын шығара бiлуi қажет. Әркiм оны әрқалай жүзеге асырады. Баланың да жаман сөздерге әуестене бастауы да қалыпты жағдай. Ол да iшкi сезiмiн сыртқа осылай шығарады. Тек, одан басқа да iшкi сезiмдi бiлдiрудiң амалдарының бар екендiгiн түсiндiрiп айту қажет.
Отбасында, өзге де ортада балаңыздың көзiнше былапыт сөздiң айтылуына жол бермеңiз. Бала санасы ендi ғана қалыптасып келе жатқандықтан, барлық ақпаратты тез қабылдап, жадында сақтап қалады.
Бала аузынан жаман сөз­дердi естiген жағдайда асықпай сөйлесiңiз. Мүмкiн, ол мән-мағынасын мүлде бiлмесе де, айта салған болар. Мүмкiн, өзге де адамдар әдейi үйреткен шығар. Анық-қанығына көз жеткiз­бей тұрып, “тәрбиеге” сала жөнелмеңiз. Жай ғана түсiн­дiрсеңiз де жеткiлiктi.
Өзi түсiндiрiп берудi өтiнсе, адамдардың өзгенi ренжiту үшiн, жаман сөз­дер­мен қорлауға тырысатындығын егжей-тегжейлi айту қажет. Ал “анасының сүйкiмдi балапаны ешкiмдi де ешқашан ренжiтпейдi емес пе?” деп еркелетсеңiз, өзге жаман ойлардың сол сәтте-ақ жадынан шығып кететiнiн ұмытпаңыз.
Балаңыздың достарын сөкпеңiз. Тек қана сырттай бақылағанда олардың бұл қылығы тым сүйкiмсiз, жағымсыз екендiгiн дәлелдеп берiңiз. Өйткенi сырттағы ортаның ықпалы ата-ана тәрбиесiнен күштiрек болады. Осы кезге дейiн “мiнсiз” болған жолдастары туралы жағымсыз әңгiме оны, керiсiнше, сiзден алыстатады.
Әдеби кiтапқа деген махаббатын ояту. Оның дәл қазiргi уақытта орындату қиын екендiгi түсiнiктi. Дегенмен, бала кезiнен ертегi кiтаптарын оқып-үйренген бала, тағылымы мол шығармаларды оқудан бас тарта қоймас.
Азиза ЕШМЕТОВА.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті