1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16049) 8 қыркүйек, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 қыркүйек 2015
Төртем тусаң да... түк жоқ

Таяуда Алматыда 35 жастағы ана дүниеге төртем әкелдi. Төрт сәбиден бөлек Баян Абдуллинаның үш баласы бар. Жетi бiрдей баланың ата-анасы атанған жастарды әкiмдiк өкiлдерi арнайы құттықтап келдi деп ақпарат құралдары жарыса хабар таратты. Алайда сол тараған ақпарға қарап отырып, iштей қатты қынжылдым. Көпбалалы ананы құттықтай барған Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Зәуреш Аманжолова жетi балалы отбасыға баспана беру туралы жақ ашпады. Бар болғаны үй алу кезегiн жылдамдатуға тырысатындарын жеткiздi.

Бiр ғана бұл емес, жалпы, бiздiң елде бала санына қатысты ұстанған саясат соңғы кезде­рi дұрыс жүргiзiлмей ке­ледi. Туылған бала басқаның емес, Қазақстанның баласы. Яғни дү­ниеге келген әрбiр бала елiмiз­дiң халық санының артуына себепшi. Соған қарамастан, соңғы кездерi “тусаң, өзiң үшiн тудың” деген солақай саясаттың салдарынан қаншама ерлi-зайыптылар көп­балалы болудан бойын аулаққа салатын болған. 
Алысқа ұзамай-ақ, өзiмнiң балам мен келiнiм бiр ұл, бiр қызбен шек­телдi. Себебiн сұрасам, ұлым: “Әке, қазiргi қоғамда бала санын көбейтудiң пайдасы жоқ. Әр баланы осы елдiң ертеңi екен деп қабылдайтын баяғыдай үкiмет пен партия жоқ. Баспана мәселесiнiң түрi анау, ешқашан шешiлмейдi. Баланы туған соң беретiн жөргекпұлының сомасын айтудың өзi ұят. Онан кейiн балабақшаға орналастыру проблемасы ешқашан таусылмайтын жыр. Таныспен, пара берумен балаңды бақшаға орналастырарсың-ау. Онан кейiн апта са­йын жиналатын ақшадан қалтаң жұқарып қана қоймай, титықтап кетесiң. Мектеп жасына жеткен соң, балаңды орналастыратын бiлiм ошағын iздеп, тағы сабыласың. Тұрғылықты мекенжай бо­йынша-ақ мектепке орналастыруын орналастырарсың. Алайда оқушы балаң үшiн түрлi iс-шараларға, оқу-құралдарына, ең ақы­ры тамағына беретiн ақша бұ­рын­ғыдан бетер өсе түседi. Осыдан кейiн университет, қызметке тұрғызу туралы ойлаудың өзi қорқынышты емес пе?! Баланы шұбыртып туып алып, оларды әр жерде қаңғытқанша, амалсыз бiр-екi баламен шектелген дұ­рыс деп ойлаймын”, – деп жауап берген едi.
Ойлап қарасам, баламның айтқаны жөн де сияқты. Бiрақ әрбiр жұбайлар осылай бала санын шектей берсе, елдiң ертеңi қалай болмақ? Мемле­кеттi құрайтын халық. Халық дегенiмiз бала туу көрсеткi­шiмен тығыз байланысты. Сөйт­кен мем­лекеттiң өзi баланың көп­теп туылуына жағдай жасауға құлықсыздық танытса, қа­риялардың саны арта берсе, түбiнде Қазақстан құрып тынбай ма? 
Ел тұтастығын сақтап қалу үшiн ең алдымен халықтың, оның iшiнде жастардың әлеу­меттiк мәселелерi шешiлуге тиiс. Бiлiм алу, медицина, баспаналы болуды қазiргiдей қитұрқы жолмен емес, сауатты тұрғыдан шешуге билiктегiлер­дiң бiлiмi мен бiлiгi жетпей ме? Қолжетiмдi делiнген бағдарламамен баспана алу бағдарламасын түздi жоғарыдағылар. Сол тұрғын үйлер тiсте­геннiң аузында, ұстағанның қолында кеттi. Арзан несиемен пәтер беру дегендi ойлап тауып едi, онда да солай, ақшасы бар шiренген шенеунiктер үйлi болудың оңай жолын тиiмдi пайдаланып кеттi. Жылына пәленбай шаршы метр үйлер салынуда. Алайда үйсiз қаң­ғыған жастардың саны азаюдың орнына, керiсiнше, күн санап көбеюде. Неге? Өйткенi жаңа үйлердiң бағасы тым қымбат немесе салынған баспаналар бiтпей жатып-ақ байшыкештердiң меншiгiне өтiп кетедi. Мiне, сондай бармақ бас­ты, көз қыстының кесiрiнен қаншама жас отбасылар пәтер жалдап, бiр, әрi кетсе екi бала ға­на тууды ойлайтын болды. Бұл – әрине, мәж­бүрлiк. Әйтпесе, қай қазақтың баласы көпбалалы болуды армандамайды дейсiз.
Осындай мәжбүрлiктi сыналай енгiзген жоғарыдағы шендi-шекпен­дiлер күндердiң күнiнде Қа­зақстанның халық санын өз­дерiнiң шетелде шалқып жүр­ген баласы құрайды десе, оңбай қателеседi. Шетелге кеткен баланың Отанына орала қою екi­талай. Ал өз топырағында жүр­ген әрбiр азаматтың осы ел үшiн ерен еңбек ететiнiн естен шығармаған жөн.
Байдiлдә ҚАЗЫКЕН,
Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті