1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (16035) 21 шілде, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 шілде 2015
Жол апатына жиi ұшырайтын көлiктер

ҚР Iшкi iстер министрлiгi елiмiздегi жол апатына жиi ұшырайтын автокөлiктердi атады. Тiзiмнiң көш басында жапонның “тойо­тасы” көш бастап тұр. Одан кейiнгi орындарды немiстiң Mercedes, Volkswagen және Аudi көлiктерi иеленедi. Бұлар да басқа маркалы машиналарға қарағанда көбiрек апатқа түседi екен. Әйтсе де министрлiк бұл көлiктердiң нелiктен апатқа жиi ұшырайтынын нақты, ашып айтпайды.

Жоғары жылдамдықпен жүйткитiн шетелдiк көлiктерден ресейлiк ВАЗ да қалыспайды. Автокөлiк маркаларының мұндай түрлерiнiң жиi апатқа ұшырауы бекер емес. Өйткенi олар кең қолданыстағы көлiктер.
Көлiктердiң көбi ақ, қара және сұр түстi деген де қызықты ақпарат бар. Бiр өкiнiштiсi, автокөлiктердiң қандайы болмасын, апатқа ұшырағанда адам шығыны азаймай тұр. Тек жыл басынан берi мыңнан астам адам жол үстiнде жан тапсырыпты.
“ҚазАқпарат”
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті