1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (16035) 21 шілде, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 шілде 2015
Кiрсабынның пайдасы көп

Әдетте кiрсабынды киiм жуғандағы көмекшi құрал ре­тiнде ғана пайдаланамыз. Ал бiле бiлсеңiз, оның адам денсаулығына тигiзер пайдасы жетiп жатыр.  

Мәселен, адамның қолына тiкен немесе ағаштың жаңқасы кiрiп кеткен жағдайда оны инемен тескiлеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кiр сабынды жылы суға езiп, дәкеге қалыңдау етiп жағып, тiкен кiрген жерге таңып қойсаңыз, бiр сағаттың iшiнде тiкен өзiнен-өзi сыртқа шығады.
Егер шашыңыз қалың әрi ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кiр сабынмен жууға кеңес бередi. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кiр сабынмен жуу керек. Содан соң суға бiр-екi тамшы сiрке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбiн қатайтуға көмектеседi.
Сондай-ақ, аптасына екi рет беттi кiр сабынмен жуу керек. Ол беттiң терi қабатына терең сiңiп, беттi майланудан сақтайды. Кiр сабынмен жуынғаннан кейiн, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
Моншаға түсудi ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны (веник) кiр сабын салынған суға батырып қолданса, терiңiз тазарып, денеңiздi сергiтуге жақсы көмектеседi.
Сулы беторамалды кiр сабын­ға үйкеп, ащы иiсiн 5-10 минуттан күнiне үш рет иiскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Iрiңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен гөрi, кiр сабынды қолданған пайдалы. Ол үшiн кiр сабынды iрi үккiштен өткiзiп, табаға енi 1 сантиметр етiп жаймалап салыңыз. Үстiнен сабынның көлемiнен екi есе асатындай етiп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бiр жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетiне жағып, жара үстiне дәкемен орап қойсаңыз жетiп жатыр. Үш күн қайталасаңыз, жараның iрiң­деуi қойып, тез жазылып кетедi.
Көгерген, жарақаттанған жерi­ңiздi кiр сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуiнен қорғайды. Жараның бетiн күнiне екi-үш рет жусаңыз жет­кiлiктi.
Күйiп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езiп жақсаңыз iсiктi қайтарып, ауырғанын басады.
Дәрi-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын iш­кiзiп, ауруханаға жеткiзуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүр­гiзуге болады. Оны қолдануда көңiл бөлетiн тұстар: әсте көп мөлшерде iшкiзiп жiберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерiтедi. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл iшкiзсеңiз, улы зат құсықпен бiрге түседi. Және металл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады. 
“Baq.kz”
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті