1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (16021) 2 маусым, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
2 маусым 2015
Бiз бiле бермейтiн қызықтар

 

Еуропалықтардың басым бө­лiгi 29-30 жаста отбасын құрады.
Әлемдегi ең жас отбасы, яғни сегiз және тоғыз жасар ұл мен қыз 1910 жылы Қытайда тiркел­ген.
Ата-аналары ажырасқан баланың бойының өсуi қатты тежеледi екен.
Ең көп егiздер Нигерияда туы­лады.
Әлемнiң көптеген елiнде балаларды қорғау күнi бар. Ал Сейшелде балаларды қорғауға бiр ай уақыт белгiленген.
Немiс балаларының 40 пайызы 9-10 жасында екiншi мобиқызы бар.льдi телефонын ұстайды.
Балалардың жеке қорғаушыларымен бiрге жүруiне арналған жалғыз балабақша Румынияда ашылған.
Әлемдегi бала-шағасы ең көп адам марокколық Исмайыл сұлтан екен. Оның 548 ұлы, 340
Ағылшын ғалымдары компью­тердi еркiн қолдана алатын бала математика мен жазу-сызуды тез меңгеретiнiн айтады.
Мәскеуде “индиго балалардың” жабық клубы бар. Ол жерде ерекше дарынды баланың қабiлетi жiтi бақылауда болады.
“Индиго бала” бiр мезетте бес тапсырманы орындай алады. Мысалы, 5 жасар Даня төрт тiлде еркiн сөйлейдi. Ал оның құрбысы Лана ұйықтағанды ұнатпайды екен. Лананың ойынша, ұйқыға кеткен уақытты өте маңызды шаруаларға арнаған тиiмдi көрi­недi.
3-4 жасар бала күнiне 12 мың сөз айтып, 900-ден астам сұрақ қояды екен.
Жапондар балаға қатысты “жаман”, “нашар” деген сөздердi мүлде қолданбайды. Тыйым салынған. 
 
Сiз бiлесiз бе?
Италия ғалымдары шынайы махаббатпен бас қосқан жұптардың некелерiнiң тұрақтылығына күмән келтiретiн керi тұжырым жасады. Ғалымдар бiр-бiрiне ғашық болып қосылған бақытты неке сезiмге берiлгендiктен, дағдарысқа бейiм болып, жиi ажырасатынын нақтылады. Зерттеу авторлары бiр-бiрiне бауыр басып, ыстық сезiммен қосылған бақытты отбасында сыйластықпен бiр-бiрiне үйренiсiп кеткен отбасыға қарағанда, ұрыс-керiс жиi орын алады деген қорытындыға келдi. “Бақытты некедегi ерлi-зайыптылар өздерiн лайықты бағаланбай жүргендей сезiнiп, сүйiктiсiнiң әр әрекетiн, сөзiн көңiлiне алып, уайым-қайғыға түседi” деп санайды мамандар. Нәтижесiнде түсiнбестiк орын алып, бiр-бiрiнiң жанын жаралап, мұның соңы ажырасуға алып келедi. “Бұл тұжырым 2000 жұпқа сауалнама жүргiзу нәтижесiнде расталды” деп хабарлады  »Медикфорум». Бiр-бiрiн сүйiп қосылған отбасы жиi ұрыс-керiске бой алдырып, бiр-бiрiне кешiрiммен қарағысы келмейдi. Ажырасқаннан кейiн де бiр-бiрiн ұмыта алмайтынына қарамастан, мұндай бақытты неке бұзылуға бейiм келедi.
 
“inform.kz”
сайтынан.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті