1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (16009) 21 сәуір, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 сәуір 2015
Әйелдердi әлекке салған “DeSheli”

Алматыда DeSheli косметикалық салонына қатысты сот процесi басталды. Today.kz тiлшiсiнiң мәлiметiнше, сотқа шағым түсiрген келiншек осы косметикалық боян­ғыштарды қолданудың салдарынан аллергия пайда болғанын айтады.

Соңғы уақытта DeSheli косметикалық компаниясына барып, жүздеген мың теңгеге сан соғып қалғандар саны күн санап көбеюде. Таяуда редакциямызға хабарласқан Жанар есiмдi келiншек те косметикалық боянғыш заттар сатумен айналысатын осы компанияға арнайы шақырту алып барғанын, “тегiн” косметикалық iс-шаралардан кейiн бақандай 180 мың теңгелiк несие құрығына iлiнге­нiн айтып, шағымданып едi. Өкiнiш­ке қарай, косметикалық салонда әйел­дердiң бетiн әрлеу үстiнде жасалатын келiсiмшартқа сәйкес компанияның атына кiр келтiретiн әлдебiр ақпарат таратпау туралы пунктi қыз-келiншектерi­мiздiң заңға жүгiнуiне кедергi келтiруi мүмкiн. Алайда тұтынушының құқығын қорғайтын заң барын ұмытпаған жөн.
Алдымен DeSheli компаниясының бiр өкiлi сiздiң жеке телефоныңызға хабарласып, тегiн косметикалық шараларын жасап беретiнiн жеткiзедi. Сондай-ақ, сiздiң нөмiрiңiздi танысыңыз пәленшеден алғанын да ескертiп айтады. “Тегiн” деген сөзге елеңдеген кейбiр аруларымыз косметикалық салоннан бiр-ақ шығатыны сөзсiз. Салонда бетiне жаққан опа-далаппен бiрге майысқан сұлу қыздар иiлiп жүрiп қызмет ететiнi тағы бар. Сол қызмет ету барысында клиенттерге ыстық шай-кофеден де ұсынылады. Әдемi мамыражай жағдайда жарнамалық майда сөздерiмен тұтынушысын бау­раған компания қызметкерлерi әрбiр клиенттi құр қол шығарып салмауға бар күшiн салады. Сұлулық үшiн кез келген құрбандықтан бас тартпайтын қыз-келiншектерге DeSheli сияқты “қол жетпейтiн, қымбат” тауарды алудың оңай жолы да сол салонда сөз болады. 180 мың теңгелiк косметиканы несиеге алуға болатынын, әр ай сайын аз ақша төлеп құтылатынын естiгенде, тiптi банк өкiлiнiң де жалаңдап несие беруге да­йын отырғанын көргенде, ақкөңiл келiн­шектердiң қуана-қуана келiсетiнi белгiлi. Осының бәрiн алдын ала әбден жоспарлаған компания қазақстандық талай әйелдердi несиеге байлап қойған.
Заңгерлер DeSheli компаниясының тауары фармацевтикалық, яғни емдейтiн тауар саналмағандықтан, кез келген тұтынушының бұл тауарды 14 күн iшiнде керi қайтаруына құқылы екенiн айтады. Бұл туралы арнайы заң тармақтары барын да заңгерлер ескертедi. Сонымен қатар елiмiздегi Тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы да азаматтарымызға алданып қалмауды, “батпан құйрықтың айдалада жатпайтынын” қатаң ескертедi. Алдағы уақытта DeSheli косметикалық компаниясына қатысты елiмiздiң әр аймағынан түскен шағымдар сот проце­сiнде қаралмақ. Сондықтан қыз-келiн­шекте­рiмiз алданып қалмас үшiн кез келген “тегiн” дүниеге күдiкпен қарауды үйренсе және әдемiлiктi сатып алу мүмкiн емесiн естен шығармаса дейдi мамандар.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті