1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (16009) 21 сәуір, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 сәуір 2015
Семiздiктiң алдын алуға бүгiн кiрiсiңiз

Бүгiнде бүкiл әлем семiздiк дертiмен бетпе-бет келiп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, алдағы 10-15 жылда бұл iндет ғасыр ауруына айналуы мүмкiн. Әсiресе, қазiр 5-10 жас аралығындағы балалардың артық салмақ қосуы Батыс елдерiнiң үлкен бас ауруына айналды деп жазады “baq.kz”. Бұл дерттiң себебi көп. Ғалымдар сол көп себептiң бiрiн теледидар мен өзге де медиа-құрылғылардың әсерi деп бiледi.

Жуырда жүргiзiлген зерттеу нәтижесiне сәйкес, теледидар мен компьютерлiк ойындар алдында уақытын көп өткiзген балалар өзге қатарластарына қарағанда артық салмақ қосқан. Бұл зерттеу 7 жастан асқан сәбилер арасында жүргiзiлген. Осылайша, бүлдiршiн кезiнде ата-ананың бақылауы аз болған балалар өсе келе тез салмақ қосып, семiздiк ауруына жиi шалдығады екен.
Ғалымдар мұндай олқылықты болдырмау үшiн төмендегiдей ақыл-кеңестерiн айтып отыр:
Балалар бөлмесiн кең етiп, онда электронды құ­рыл­ғылардың болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ, бала тамақ iшiп отырған кезде теледидар қарамауы тиiс. Баланың бөлмесiне теледидар қоюдың да қажетi жоқ.
 
Бала күнiне 2 сағаттан артық теледидар көрмеуi тиiс. Мейлi, ол кiшкентай бала болсын, мейлi, жеткiн­шек болсын, монитор алдында 2 сағаттан артық өткiзген уақыты болашақта оның денсаулығына үлкен залалын тигiзуi мүмкiн. Ата-ана баласының күн тәртiбiне ерiнбей мән берiп, оның уақытының көп бөлiгiн таза ауада өткiзгенiн қадағалауы керек.
 
Ата-ана 2 жасқа толмаған баланың теледидарға телмiруiне жол бермеуi керек. Өйткенi сәби үнемi адамдармен қарым-қатынаста болып сөйлесiп, ата-ананың жылулығын сезiн­генi абзал. Оның табиғаты да соны қалайды. Бұл жас баланың миы ақпаратты тез сiңi­ретiн кезi. Сондықтан балаңыздың күн тәр­тiбiн оның сәби ке­зiннен-ақ қадағалағаныңыз жөн. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті